Парламентте Қазақстаннан Ресейге қоныс аударып жатқан жастар мәселесі көтерілді
«Ресейде жоғары білім алуға кетіп жатқан талантты жастарға Қазақстанға қайта оралу мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Бұл біздің студенттеріміз үшін де, жалпы ел үшін де пайдалы екендігін атап өткім келеді. Осы жоғары оқу орындарындағы біздің балалармен жұмысты Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде, оның консулдық мекемелерінде, сондай-ақ аймақтардың әкімдіктерінде күшейту қажет. Әзірге бұл мәселені Үкіметте шешу үшін ешқандай шаралар қабылданбады. Жастар елге оралғанда әрдайым жұмысқа орналасу мүмкіндігін көре алмайды. Олар бізде бар бағдарламалардың бәрін білмейді, мәселен- «Бастау Бизнес», Жұмыспен қамту бағдарламасы. Іс жүзінде олармен жұмыс істемейміз. Талдықорғанда өткен жылы біз студенттерімізді Свердловск ауыл шаруашылығына жөнелту мәселесін талқыладық, бірақ олар…
