Елжан Біртанов: Денсаулық сақтау тұрақты дамитын болады
«Мемлекет басшысы білім және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындардың деңгейін 10% -ға көтеруді тапсырды. Дәрігердің сапасы, ел ретінде елімізге қанша жұмсауымызға байланысты екенін әрдайым айтқан болатынбыз. Сондықтан, Мемлекет басшысы 5 жылда 7-ден 10% -ға дейін арттыру туралы нақты тапсырма берді. Бұл біз күтіп отыркен жағдай, ал қазір бізде денсаулық сақтаудың тұрақты дамитындығына үлкен үміт бар», - деді журналистерге Елжан Біртанов.«Қаржыландыру жоспарланған реформаларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», - деді ол.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ауруханалар заманауи медициналық жабдықтармен және құралдармен жабдықталуы керек екеніне баса назар аударды. Бұл отандық медицина саласы үшін үлкен жетістік…
