Алматының Наурызбай ауданында 2 емхана мен 3 ДШК салынып жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Назира Тоғызбаева ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қатысты 10 айдың қорытындысын жариялады. Әкімнің айтуынша, медицина мен әлеуметтік қолдау қаладағы ең жақсы дамып келе жатқан аудандағы басым бағыттың бірі болып қалған. Қазір ауданда 13 медициналық ұйым жұмыс істейді, онда шамамен 5 мың маман қызмет атқарады. Денсаулық сақтау мекемелеріне шамамен 190 мың тұрғын тіркелген. Осыған байланысты ауданда жаңа емханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтары салынып жатыр.









