МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары басталды. 21 тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мәлік Иманқұлұлы Құлшар ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, белсенді жастармен және еңбек ардагерлерімен кездесті. Депутаттың жастармен кездесуі «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында өтті.Мәжіліс депутатының жастармен еркін форматтағы кездесуіне аудан әкімі м.у.а. Рүстем Зұлқашев, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, аудандық мәслихат депутаттары Дулат Рахматуллин, Абылайхан Шакуов, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Халық қалаулысы жастардың үніне…
