Ыстамбұл және Кипр сапары. Менің лайфхактарым.
Сонымен, бұл жолы Түркияға екінші рет және Кипр аралына бірінші рет жол түсті.Қазақстаннан Түркияға жетудің екі жолы бар - біріншісі, құрлық арқылы, яғни, Ресей, Грузия аумағы арқылы жетуге болады. Бұл жолды көбінесе кәнігі саяхатшылар таңдайды. Бұл жол бойынша көлікпен жетуге болады, екінші нұсқасы Әзербайжан арқылы, өйткені Түркия мен Әзербайжан шекараласады, бірақ, Нахичевань арқылы өтіп жүргендерді онша біле қоймадым.Екіншісі, ұшақпен жету. Қазақстанның көптеген қалаларынан, мысалы, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе қалаларынын Түркияға (Ыстамбұлға және жаңылмасам Анкараға) ұшуға болады. Ұшақ билетіне қатысты әрине Эйр Астана мен Turkish Airlines ыңғайлы болар, дегенмен, бағалары ыңғайлылығына қарай қымбаттау, одан өзге SCAT сияқты бағасы арзандау әуе компаниялары бар. "Арзанның…
