ТАҒЫ ДА КИІКТЕР ТУРАЛЫ
Осы тақырыпқа арналған басқосуда «Батыс Қазақстан экологиялық-географиялық қоғамы» (БҚЭГҚ) қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Дархан Сариев киіктердің Орал популяциясының жайылымдарын зерттеп бастаған бір топ ғалымдарды таныстырды.«Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясы мен Германияның табиғатты және биоалуантүрлілікті қорғау одағы (NABU) сарапшылары Әділбек Қозыбақов, Тиль Дитерих және Штефан Михель далалық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері туралы мәлімдеді.«Біздің тобымыз екі апта бойы Батыс Қазақстан облысы Казталов және Жәнібек аудандарының аумақтарында далалық экспедицияда жұмыс жүргізді. Келесі екі вегетациялық мерзімде ботаникалық бақылау жасау үшін алты учаске белгіленіп, өсімдікқоректі жануарлардан қоршауға алынды. Осы учаскелердегі…
