«Сәлем, оқырман!» = «Здравствуй, читатель!»
Біздің кітапханада ерекше жүздесу өтті!Бүгін оқырмандарымыз үшін нағыз рухани мереке болды. Ертіс өңірінен, сұлу Павлодар қаласынан кітапханамызға белгілі ақын, жазушы Бейбіт Бөжен арнайы қонаққа келді!Кездесу дәстүрлі форматтан тыс, залдың дәл ортасында, балалармен етене жақын, еркін сұхбат түрінде өтті. Бейбіт Медіғатұлы — жасөспірімдерге арналған үздік туындыларымен Ыбырай Алтынсарин атындағы VI Республикалық әдеби шығармалар байқауының жеңімпазы.Балалар жазушының қазіргі заман тынысын суреттейтін хикаяларына үлкен қызығушылық танытып, кітап жазудың құпиялары туралы көкейкесті сұрақтарын қойды. Жас оқырмандардың ықыласы мен автордың шынайы әңгімесі кешке ерекше жылылық сыйлады.Қадірлі қонағымызға және кешке белсене қатысқан барша оқырманға кітапхана ұжымы атынан алғыс айтамыз!В нашей б…





