Yvision.kz
kk
0
02:31, 29 марта 2024

Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шықты

Әлемнің төртінші ракеткасы, жерлесіміз Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына екінші жыл қатарынан шығып отыр.
undefined
Қазақстандық теннисшінің жартылай финалдағы қарсыласы аса тәжірибелі, кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орында тұрған Виктория Азаренко еді.
Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай алды. Сосын сетті өз пайдасына түйіндеді – 6:4.
Екіншісінде Азаренко үш брейк жасап, бет қаратпады – 6:0.
Үшінші, шешуші сетте есеп 2:2 болғанда, Рыбакина брейкпен алға шықты. Бірақ матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді – 5:5. Дегенмен тай-брейкте өте сәтті ойнады – 7:6 (7:2).
Елена Рыбакина финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова немесе рейтингіде 53-сатыдағы америкалық Даниэль Коллинздің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Өткен жылы Майамиде Рыбакина финалға дейін жетіп, тағы бір тәжірибелі теннисші, чехиялық Петра Квитоваға жол берген еді – 6:7 (14:16), 2:6.

https://t.me/RRaketkasi

0
221
0