Yvision.kz
kk
0

Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семейге» 35 жыл

28 ақпан күні Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шараға еліміздің белгілі ғалымдары, дәрігерлері, қоғам қайраткерлері, журналистер, сонымен қатар жастардың қатысуымен өтті. Семей полигоны әлемдегі алғашқы ядролық полигон болды, соның жабылуына мұрындық болған "Невада-Семей" қозғалысы өз бастауын ұлы тұлға, ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың бастамасымен 1989 жылы 28 ақпанда құрылып, Қазақстандағы ең алғашқы қоғамдық ұйым болып "0001"нөмірімен тіркелген. Аталмыш іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Невада-Семей жастар ұйымының төрағасы Танабекова Гульжанат Бақытқызы баяндама жасап, ардагерлердің ерен еңбектерін атап өтті. Қазақстанның жастары осы бастаманы қолдауларын өтінді. Сонымен қатар, 2024 жылғы 26 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Невада-Семей" жастар ұйымының төрағасы, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Танабекова Гульжанат Бакытовна мен "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының ардагерлері Алматы қаласының өңірлік коммуникация орталығының алаңында брифинг өткізді, онда қозғалыстың қызметі мен жоспарлары, сондай-ақ планетаның тұрақты бейбіт дамуы үшін антиядролық қозғалыс идеяларын іске асырудағы жастардың рөлі туралы мәселелер талқыланды. 27 ақпан күні Халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада- Семейдің» 35 жылдығына арналған семинар өткізді! Семинар барысында «Полигон» фильмі көрсетіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Невада-Семей қозғалысының жастар ұйымының қызметі мен миссиясы талқыланды.
«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыстың ғаламшардағы ең беделді және бітімгершілік жолындағы тиімді қозғалыстың бірі болып табылады. Жер бетінде полигондар тұрған кезде «Невада-Семей» қозғалысы өз жұмысын тоқтатпайды.


Мақала авторлары Танабекова Г.Б., Керимкулова А.Б.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


undefined

0
215
0