Yvision.kz
kk
Кино
Кино
1 044 постов412 подписчиков
Все о кино: обзоры, мнения, рецензии, новинки.
0
06:57, 21 апреля 2024

Қазақстан киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2024» киносыйлығының жеңімпаздарын жариялады

Қазақстан киносыншылар қауымдастығы жыл сайынғы отандық «Сыншылар таңдауы-2024» киносыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Жүлде иегерлері кеше, 18 сәуірде, Алматыдағы «Тұран» университетінде өткен марапаттау рәсімі барысында белгілі болды. Сонымен бірге жүлде тарихында алғаш рет көпшілік дауыс беру нәтижесі бойынша арнайы «Көрермен таңдауы» жаңа номинациясы табыс етілді.

undefined

«Сыншылар таңдауы-2024» жеңімпаздары:

Үздік драма:

Жеңімпаз – «Жел тоқтаған жер» (продюсер Ардак Әмірқұлов)

«Мадина» (продюсерлері Айжан Қасымбек, Абид Азиз Мерчант, Апурва Бакши)

«Бауырына салу» (продюсерлері Асхат Кучинчиреков, Анна Качко)

«Шәйнек сатып алған ару» («Она купила чайник») (продюсері Фархат Шарипов)

«Кішкентай самурай» («Маленький самурай») (продюсерлері Сано Синдзю, Асель Ержанова, Шуичи Ёсимура)

Үздік жанрлық фильм:

Жеңімпаз – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни») (продюсерлері Тимур Шевченко, Жандос Айбасов, Ернар Нұрғалиев)

«Бүркіт» (продюсерлері Камал Жақсылықов, Ілияс Естекбаев)

«Маған назар аудар» (продюсері Ақболат Өтебай)

«Дәстүр» (продюсері Алмас Жали)

«Дала» («Степь») (продюсерлері Максим Акбаров, Тимур Акбаров, Фархад Абдраимов)

Үздік режиссер:

Жеңімпаз – Нариман Төребаев - «Шәйнек сатып алған ару» («Она купила чайник»)

Асхат Кучинчиреков - «Бауырына салу»

Айжан Қасымбек - «Мадина»

Ардак Әмірқұлов - «Жел тоқтаған жер»

Ернар Нұрғалиев – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Үздік дебют:

Жеңімпаз - Асхат Кучинчиреков - «Бауырына салу»

Данияр Ибрагимов - «Бүркіт»

Максим Акбаров – «Дала» («Степь»)

Даулетжан Макмут - «Глобус»

Олжас Баялбаев – «Қамауда» («Взаперти»)

Үздік сценарий:

Жеңімпаз - Кенжебек Шайқақов - «Айқай»

Азамат Абжанов, Ернар Нұрғалиев, Әуез Әуезов - «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или Вспомни»)

Мұрат Есжан, Уларбек Нұрғалымұлы, Ұшқын Сейдрахман - «Мiржақып. Оян, қазақ!»

Абдусаид Шайхисламов, Азамат Аленов, Акболат Өтебай - «Маған назар аудар»

Нариман Төребаев - «Шәйнек сатып алған ару» («Она купила чайник»)

Үздік оператор:

Жеңімпаз - Айгуль Нурболатова - «Мадина»

Мурат Нугманов – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)

Жанарбек Елеубек - «Бауырына салу»

Шерхан Таңсықбаев – «Дала» («Степь»)

Александр Рубанов - «Жел тоқтаған жер»

Үздік қоюшы-суретші:

Жеңімпаз - Өмірзақ Шманов - «Жел тоқтаған жер»

Алия Косаева – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Олжас Алменов - «Дәстүр»

Юлия Кравченко – «Қамауда» («Взаперти»)

Ұлан Айбергенов - «Белгісіз батырлар»

Үздік әйел бейнесі:

Жеңімпаз - Жанар Шоқпанова - «Жел тоқтаған жер»

Мадина Оспан - «Маған назар аудар»

Мадина Ақылбекова - «Мадина»

Жанар Дұғалова – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Дариға Бадыкова - «Таптым-ау сенi»

Үздік ер адам бейнесі:

Жеңімпаз - Бақыт Қажыбаев - «Мiржақып. Оян, қазақ!»

Ерсұлтан Ерман - «Бауырына салу»

Дәурен Серғазин - «Бүркіт»

Орынбек Шаймағанбетов - «Айқай»

Мерей Мухтарұлы – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі:

Жеңімпаз - Самал Еслямова – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)

Несібелі Серікбаева - «Мадина»

Айғаным Нұрсұлтан - «Айқай»

Зарина Кармен - «Мiржақып. Оян, қазақ!»

Жанар Айжанова - «Аппақ келiн»

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі:

Жеңімпаз - Ақтан Арым Құбат – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)

Еркебұлан Дайыров – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Ғалымжан Молданазар - «Бүркіт»

Жандос Айбасов - «Бүркіт»

Айдос Әуесбаев - «Бауырына салу»

Үздік монтаж:

Жеңімпаз - Нариман Төребаев – «Шәйнек сатып алған ару» («Она купила чайник»)

Аллан Әмірқұлов, Ескендір Құсайынов - «Жел тоқтаған жер»

Алмаз Олжабай - «Дәстур»

Шалқар Танеке, Ернар Нұрғалиев – «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Айдан Серік - «Мадина»

Үздік музыка:

Жеңімпаз - Ғалымжан Секеев – «Шәйнек сатып алған ару» («Она купила чайник»)

Асель Омарова - «Жел тоқтаган жер»

Олжас Дәлелхан – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)

Jamal & Ganja - «Дәстүр»

Роберт Зиганшин - «Мадина»

Үздік ән:

Жеңімпаз - Аль Nasr feat. RaiM – «ДАЛА ЕРЛЕРІ» (OST «Дәстүр»)

Дариға Бадықова & Олжас Абай – «Сезім үшін» (OST “Таптым-ау сені”)

Jaman T – «BILE» (OST «Хотя бы кинода-2»)

Sadraddin – «Ne sebep?» (OST “Вакцина от коррупции”)

Асель Омарова – «Дүние бойы дір етті...» (OST «Жел тоқтаған жер»)

Көрермен таңдауы:

Жеңімпаз - «Мiржақып. Оян, қазақ!» (продюсері Айсауле Әбілда, режиссері Мұрат Есжан)

Естеріңізге сала кетсек, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, «Сыншылар таңдауы» жүлдесін табыстайды. Киносыншылар қауымдастығы биыл жаңа мүшелермен толықты. Олар: кинотанушылар Снежана Баймуханова, Еңлік Егеубаева, Ораз Керейбаев және киносыншылар Евгений Лумпов пен Жангелді Өмірәлиев.

Киносыншылар қауымдастығына қазіргі уақытта 26 кәсіби маман мүшелік етеді. Оның құрамына жаңадан қосылған бес маманнан бөлек келесі кинотанушылар мен киносыншылар кіреді: Қауымдастық президенті Гүлнар Әбікеева, Олег Борецкий, Төлеген Байтукенов, Кәрім Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Назира Мұқышева, Гүлажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Инна Смайылова, Ольга Малышева, Мәди Мамбетов, Александра Поршнева, Молдияр Ергебеков, Ержан Жұмабеков, Дана Әмірбекова, Жәмиле Сатыбалдиева, Әсия Бақдәулетқызы, Алма Айдар, Камила Ғабдрашитова және Досхан Бояубаев.

Globalnews.kz - жүлденің ақпараттық серіктесі.

Жүлде серіктесі – Flowers.kz

0
220
0