место в рейтинге
  • 656260
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Екі жылғы еңбекке баға берер маңызды матч


Қазақстан ұлттық құрамасы

Алайда Азия елдерінің де қол қусырып бос жүрмегені анық. Баскетбол өнері алып құрлықтың шығыс бөлігінде де айрықша қарқынмен дамыған. Оларды енді екі жылдың ішінде қуып жету мүмкін емес сияқты.

Баскетболдан Манилада (Филиппин) өтіп жатқан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты шешуші кезеңіне жетті. Топтық ойындардың екінші кезеңі де аяқталған. Ертең ширек финалдағы шиеленісті ойындар жанкүйерлерді қызыққа бөлеуі керек.

Өкінішке қарай, Азия чемпионатына «жүлделі орындардың біріне ие болып, 2014 жылғы әлем чемпионатының жолдамасын олжалап қайтсақ» деп аттанғанҚазақстан ұлттық құрамасының үміті көмескі тартып барады. Азия алыптарықалпақпен ұрып алар қарсыластар емес екен…

Ұлттық құраманың негізін қалайтын «Астана» клубы екі жыл «ВТБ бірегей лигасында» ойнады. Яғни тәжірибе жинақтап, ойыншыларымыз шыңдалды ғой деп, ұлттық құрама алдына осындай үлкен мақсат қойылған.

Алайда Азия елдерінің де қол қусырып бос жүрмегені анық. Баскетбол өнері алыпқұрлықтың шығыс бөлігінде де айрықша қарқынмен дамыған. Оларды енді екі жылдың ішінде қуып жету мүмкін емес сияқты.

Десек те, Қазақстан баскетболшылары «жүлдеге іліксек» деген үміттерін түпкілікті үзген жоқ. Бүгін біздің құрама үшін өте маңызды матч. Италия маманыМаттео Боничиолли жаттықтыратын Қазақстан құрамасы ширек финалда Филиппин баскетболшыларымен кездеседі.

Азия чемпионатын өткізіп жатқан біріншілік қожайындарын жеңсе, онда жартылай финалға шығады. Бұл дегеніңіз – жүлдеге де, алға қойған мақсатқа да мейілінше жақындайды деген сөз.

Жартылай финалға төрт команда шығады. Ал жүлде де, жолдама да – үшеу. Ендеше, алға қойған мақсатқа қол созым жер қалды. Бірақ көңіл күпті,қарсыласымыз тым мықты. Бүкпесіз айтар болсақ, төрешілердің де алаң иелеріне жылы шыраймен қараулары мүмкін ғой.

 

Жалпы, Филиппин құрамасы Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) бүкіләлемдік рейтінгінде 45-орында. Ал біздің құрама 47-орында тұр. БірақФилипин құрамасы – Азия чемпионаттарынан жүлде алып жүрген, шежіресі мол команда.

Оның үстіне Маниладағы осы Азия чемпионатының қарсаңында біздің құрама Филиппин баскетболшыларымен жолдастық кездесу өткізіп, 89:92 есебіменұтылып қалған. Бірақ сол матчтың пайдасы енді тиюі мүмкін. Бас бапкер Маттео Боничиолли Филиппин құрамасының артықшылығы мен осал тұстарын байқап, бағамдай алды деп ойлаймыз.

Филиппин құрамасы ХХVІІ Азия чемпионатының алғашқы кезеңінде «А» тобында ойнады. Сауд Арабиясын 78:66 есебімен тізе бүктіріп, Иорданияны 77:71 есебімен ұтқан болатын. Бірақ Тайпей құрамасынан 79:84 есебімен ұтылып қалған болатын. Есесіне, топтық ойындардың екінші кезеңінде, «Е» тобында Жапониядан 90:71 есебімен, Катардан 80:70 есебімен, Гонконгтан 67:55 есебімен басым түсті. Әрі осы топта бірінші орынға ие болды.

Ал Қазақстан құрамасының топтық ойындардың екінші кезеңінде жолы болмады. «D» тобында Таиланд (81:67), Бахрейн (79:76), Үндістан (80:67) құрамаларын жеңгенімен, «F» тобында жеңілістен көз ашпады. Әуелі Қытай құрамасынан 67:73 есебімен ұтылды. Содан соң Оңтүстік Корея баскетболшыларынан 47:71 есебімен ойсырай жеңілді. Одан кейін Иран құрамасынан 53:85 есебімен оңбайұтылды.

Соңғы ойында, яғни Манилада қарсыластарының бәрін қоғадай жапырып келе жатқан Иран құрамасымен болған матчта, бас бапкер америкалық ойыншымыз Джерри Джонсонды алаңға шығармапты. Сірә, Филиппин құрамасымен өтетін маңызды ойын алдында тынықтырып алуды ойлаған секілді.

Онысы да дұрыс. Дәл қазір біздің құрама қандай құраммен ойнаса да, Иран баскетболшыларына төтеп бере алмайды. Сондықтан барлық ойында біздіңқұраманы алға сүйреп жүрген Джерри Джонсонды бір дамылдатып алғаны, бас бапкердің барлық күшін ертеңгі матчқа жұмылдыруға бел буғаны секілді.

Енді баскетболшыларымыздың осы алты ойындағы техникалық көрсеткіштеріне көз жүгіртіп, команда қоржынына кімнің қанша ұпай салғанын назарларыңызғаұсынуды жөн көріп отырмыз:

Джерри Джонсон – 77 ұпай,

Рустам Ерғалиев – 66,

Антон Пономарев – 53,

Михаил Евстигнеев – 51,

Дмитрий Климов – 37,

Виталий Лапченко – 33,

Рустам Мырзағалиев – 26,

Тимур Сұлтанов – 17,

Константин Двирный – 16,

Леонид Бондарович – 14,

Александр Жигулин – 11,

Николай Бажин – 6.

Ал ертеңгі ширек финалдық жұптар төмендегідей:

Е1 Филиппин – F4 Қазақстан,

Е2 Тайпэй – F3 Қытай,

Е3 Катар – F2 Оңтүстік Корея,

Е4 Иордания – F1 Иран.

 

Нұрғазы САСАЕВ

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
9 августа 2013, 11:45
139

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12854
  • 26
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 8195
  • 98
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 6978
  • 5
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
вчера / 9:15
  • 5773
  • 28
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6030
  • 34
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4589
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4288
  • 20
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3960
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3738
  • 15