Сәлеметсіздер ме,құрметті достар! 5 күн бойы менің ойыммен,біздің экспедицияның барысымен таныстыңыздар.Көзді ашып-жұмғанша,уақыт та таяп қалды.Астана күннен күнге өзінің ерекшеліктерімен таңғалдыруда.Бүгін 6- күн. Біз тари
хи Павлодар облысындағы,Ерейментау ауылына
саяхатқа шықтық.Тарихи дейтін себебім бұл жерде қалын жауды қақ бөлген,бар ғұмырын қазақ халқын қорғауға арнаған Қанжығалы Бөгенбай(1706-1775) дүниеге келген.Жол бойы Ерейменнің тауларына куә болдық.Ерементауға келгендегі ең бірінші аялдамамыз «Бөгенбай батыр»мұражайы болды.Мұражай 1991ж 1 тамызда ашылды.Сол жылы Бөгенбай батырдың 300 жылдығы тойланды. Германия,Венгрия секілді шетелден келген адамдар көп болды.1948ж ауылда алғашқы үйлер тұрғызыла бастады.Биыл ауылға 65ж толады.Музей ішінде 1972ж табылған мамонт сүйектері,қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құмыра,жезден жасалған табақшалар секілді жәдігерлер орын алған.Орта Азия діни муфтиі болған Сәкен-Халфе Ғылманұлы,министр Сабит Байжанов,ақын-жазушы Төлеу Шаханов,Аманжол Әлжанұлы секілді азаматтар киелі Ерейментау жерінде дүниеге келген.Бүгінгі саяхаттағы қызықты аялдамалардың бірі -Бөгенбай батырдың ұрпағының үйі.Бір ерекшелігі ол кісіде Бөгенбай батырдың соғыста киген дулығасы бар екен.Темірден жасалынған ауыр дулығаны музейге тапсырудан бас тартқан.Дулығаны киіп те көрдік.Бүгінгі саяхаттың ерекшелігі сол,біз Бөгенбай батыр туралы көп мәліметтер алдық.