место в рейтинге
  • 64672
  • 110
  • 10
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Гүлназ Әлімгерей, тележүргізуші, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері: МӘТІНГЕ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІНІ КӨЗІНЕН-АҚ АҢҒАРАМЫН

– Гүлназ, естуімізше өзіңіздің мектеп-студияңызды ашқалы жатыр екенсіз. Әңгімемізді осыдан бастасақ.

– Таяуда ғана Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин журналистер дайындайтын оқу орындары мен жұмыспен қамтамасыз етушілердің арасын жалғайтын шеберлік сыныптары, курстардың тапшы екендігі жөнінде  айтқан болатын. Ақпарат майданы қайнап тұрған бүгінгі қоғамға өз ісінің хас шеберлері қажет. Заман ағымы шеберлік сыныптарына сұранып тұр. Телевизия саласында жүріп, азды-көпті жиған өз тәжірибемізді және телеөнердің туын жықпай, қажырлы еңбегі мен өмірін осы салаға арнаған нағыз мамандардың дәрісін жас буындарға жеткізуді жөн көрдік. Қазір 10-12 адамдық шағын топтарға таланты мен талабы, бойындағы біліміне қарай үміткерлер іріктеліп алынды. Олар екі айдың ішінде телевизиядағы танымалдығы мен таланты талас тудырмайтын журналист аға-апаларымыздан дәріс алып, шеберліктерін шыңдайды. Бұл іске теоретиктерді емес, тәжірибесі мен біліктілігі ұштасқан мамандарды жұмылдырып отырмыз. Олар кімдер? Олар – Сауық Жақанова, Нұртілеу  Иманғалиұлы, Қымбат Досжан, Баян Секербаева, Жайна Сламбек сынды экран шеберлері мен сайыпқырандары. Бүгінде бағдарламаның тақырыбы қызықты сценарийсіз ашылмайды. Міне, осы саланы жіті меңгерген Перизат Мырзахметтен сабақ алу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Келесі маусымда тәжірибелі өзге мамандарды да тартатын боламыз.
– Оқу бағдарламасын толық меңгергендерге жұмысқа тұрып кетуге көмектесесіздер ме?

–  «Шаршы алаңға шығып, сөз бастау қиын» деген. Жауапкершілігі мол бұл бастаманы іске асырудың өзі оңайға соққан жоқ. Ал курс түлектерін жаппай жұмыспен қамту мәселесі мектеп-студияның міндетіне кірмейді. Бұл жерде тек теориялық және практикалық білім беріледі. Дегенмен, бұдан бөлек телеарналарға жобалар дайындап жатырмыз. Бұл істің үдесінен шыға білгендерге, ынтызар шәкірттеріме мүмкіндік жасауға болады. Бәлкім, телеарналардың бұйдасын ұстап жүргендерден ұсыныстар түскенде, ерекше көзге түскен шәкірттерімізді міндетті түрде ұсынатын боламын.
– Бүгінде журналистердің көпшілігі қаржы табу мақсатында телеарналардан аутсорсингпен жеке бағдарламалар шығаруға көшіп жатыр. Бұл үрдісті құптайсыз ба?

– Аутсорсинг телеарналарға сұраныстан туындаған дүние. Яғни эфирге сапалы хабарларды дайындау. Бағдарламалардың ұлттық бояудан алшақтамай, рейтингі жоғары болуы шарт. Бірақ, әрине көңіл толмайтын тұстары да болады. Аутсорсинг арқылы жүріп жатқан бағдарламаның бәрі жоғары деңгейде деп айтуға болмайды. Осы жайттарды көріп отырып, өзімнің көкейімде жүрген бағдарламаларды мұқият мұғдарлап, жан-жақты саралап, болашақта телеарна басшылығына ұсынсам деген ойларым да бар.
– Қазір телеарнада жүрген кейбір әріптестеріңізде тіл жұтаңдығы байқалады. Телеарна айна ғой, экранның арғы жағында отырған көрерменге бәрі көрініп тұрады. Әрине сынай салу оңай шығар. Мүмкін бұл саланың біз білмейтін қырлары, қиындықтары бар болар?!

– Біз қазір диктор емеспіз. Ең алдымен осыны түсінуіміз керек. Кезінде қатаң саясаттың басшылығымен дайын мәтінді оқып беріп отырды. Олар орта жастағы, иықты, денелі болуы керек болды. Әрлендіргенде қырықтың шамасында болса, халық сонда ғана сенеді деген түсінік қой. Ал қазір мүлдем өзгеше сипатта. Эфирге жастар келіп, ерлеріміз ұсақталып барады. Бәрібір ірілік сезілмейді. Меніңше, жүргізуші – жазғаны жанарында оты арқылы сезіліп тұратын болуы керек. Сюжетке бара алмасам да, жүргізушінің айтар сөзін өзім жазып, жаңалықтар тізбесін жасаймын. Мәтінге ешқандай қатысы болмаған тележүргізушілерді көзінен-ақ аңғарып отырамын. Кейбір телеарна жүргізушілерінің жұп болып жүргізгендеріне таң қалам. Бір-бірімен арада диалог жоқтың қасы. Бүгінгі күннің жүргізушілері суфлердан мәтін жоқ болып шықса, жаңалықты жүргізіп отырғанда жедел ақпарат жетсе, аңдатпа айтылу керек болғанда сасқалақтамай, абдырамастан эфирді алып шығуы қажет.
– Жолдасыңыз Нұрділдә Ораз белгілі журналист, бүгінде Ішкі істер министрлігінде департамент директоры. Карьера жасаймын деп өзіңіздің жұбайыңызбен жарысып жүргендей болмайсыз ба?

– Мектеп-студия ашу менің емес, осы жұбайымның идеясы. Нұрділдә бір сұхбатында «болашақта тележүргізушілердің стилін қалыптастыратын мектеп ашқым келеді» деген болатын. Міне, осы ойтүрткіні жүзеге асыратын уақыт туды. Сенгендіктен болар, осы бастаманы маған тапсырып отыр. Екеуміз де бір мамандықтың иесі болғандықтан, қызығушылығымыз да бір бағытта тоғысады. Белгілі бір мақсатқа біріге отырып, білек сыбана іске кірісуіміздің бастамасы. Шегелеп тұрып айтамын, Нұрділдә – үлкен стратег. Жан-жақты зерделеген кезде, ойының жартысына да жете алмаймын.
Қандай деңгейде ардақты келін, асыл жар, аяулы ана бола алдыңыз? Үй шаруасына қаншалықты ептісіз?

– Үй мен жұмыстың арасында шапқылап жүрмін. Қоғамдағы жұмыстар мен үй шаруасына үлгеруге тырысудамын. Арнайы күтушім жоқ. Бір отбасының түтінін түтетіп отырған келін болғандықтан ас мәзірін өзім дайындаймын. Жолдасымның таңертеңгі асын әзірлеп, жұмысқа жіберемін. «Бизнес-леди» болып жатсам да, барлық мәселені отағасы шешеді. Әжелеріміз ыстық суы, жарығы, газы жоқ үйде тұрып-ақ барлығына үлгерген. Біз де үлгеруге тиіспіз. Шүкір, ата-енем қасымда. Бірі қызымыз - Ділназымды бала-бақшадан, бірі ұлымыз - Нұрасылды мектептен  алып келеді. Бірақ, ұлымның сабағын өзім қадағалаймын. Қазір 2-сыныпта оқып жатыр. Қытай тілі мен ағылшыншаны игеру қиынға соғуда. Сонда да өз бетінше сабақ оқуға үйретіп жүрмін.
– Дене бітіміңізді қалыпты сақтау үшін диета ұстайсыз ба, әлде спортпен шұғылданасыз ба?

– Өмірдің өзі – спорт. Шынын айтқанда, мен өте арық болғанмын. «Аздап толыпсың» деген сөзге мәз болатынмын. Қазір өзімді еркін сезінемін. Мүмкіндігім болса да, ешқандай салонға, фитнеске бармаймын. Уақытымды текке жұмсағым келмейді.
– Миллиондаған көрерменнің көз алдында жаңалықтар жүргізесіз. Сын айтылмай тұрмайды. Сынды қалай қабылдайсыз?

– Сынды Нұрділдә екеуміз бір-бірімізге айтып, бойымыздағы қателіктерді осылай түзетіп отырамыз. Қазір кемшіліктерді тұстарды өзім іштей сезіп отырамын. Кейбір жандар ұсақ сындар айтып жатады. Алайда менің өзіндік стилім бар. Сынды бұлтартпай айтатын Нұртілеу Иманғалиұлы, Намазалы Омашұлы сынды ұстаздарымыздан ауыр сын естімегенім, мен үшін үлкен қуаныш. Жастайымыздан еліктеп өстік. Уақыт өте келе адам өзін таба алмаса, өзінің «менін» жоғалтып алады. Аянбай еңбек етіп, тер төккен журналист ретінде халықтың көкейінде қалғым келеді.
Сұхбаттасқан – Салтанат СҮГІР,
ЕҰУ-нің студенті
24 мая 2013, 15:12
6180

Loading...

Комментарии

қателеспесем Гүлнәз апамыз Ақтөбенің Әйтеке би ауданы тумасы.)
Сіз қателеспедіңіз

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 36872
  • 81
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 11541
  • 23
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 6304
  • 91
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5770
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 4502
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4037
  • 46
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3826
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3291
  • 18