• 91252
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тас мүсінге айналған Қырыққыз

BAQ.kz 12 наурыз. Baq.kz «Ұл өсірсең – азаматты тәрбиелерсің, қыз өсірсең – ұлтты тәрбиелерсің» деген даналы сөз қазақ халқының дәстүрлі таным-түсінігіндегі әйел затының ұлттық болмыстағы шоқтығының биіктігін көрсетсе керек

Әйел – жер бетіндегі тіршіліктің бастауы, әдемілік пен сұлулықтың символы. Қай кезде болмасын әйел әлемі ең алдымен отбасы, шаңырақ ынтымағын сақтаушы, ұрпаққа өмір сыйлап, аялап тәрбиелеу, ұлтымыздың құндылықтарын бойына сіңіруден басталады.

Халқымыздың қоршаған әлем туралы түсініктері жер-су атауларымызда көрініс тауып отырған, оның ішінде, әйел затына қатысты топонимдер де молынан кездеседі. Әйелге қатысты атаулар топонимияның гендерлік қырына жатады.
Қазақ даласында әйел затына қатысты жер-су атауларды, жеке есімдерді былай қойғанда, еліміздің әр аймағында кездесетін мынадай жүздеген атақ-дәрежеге қатысты және әлеуметтік мазмұндағы лексемалар құрайды екен: әйел (Әйелсай), қатын (Қатынқамал, Қатынкөпір), кемпір (Бескемпір), келіншек (Келіншектау), келін (Келінтөбе), бәйбіше (Ақбәйбіше), бике (Бекбике), бикеш (Ақбикеш), бибі (Айша бибі), бегім, ханым және т.б. Ал ең жиі кездесетіні қыз сөзімен келетін атаулар екендігіне көз жеткізуге болады: Әулие қыз, Қызәулие, Қызжылаған, Қызқұлаған, Қызбел, Қызасқан Қыземшек, Қырыққыз және т.б. Бұл атаулар метафоралық теңеу, нақты бір оқиғаға байланысты қойылып отырған және олардың басым бөлігі әйел бойындағы нәзіктік, әдемілік туралы ұлттық түсінікке ұласып тұр. Бурабайдағы қайыңға айналған мың бұралған биші қыздарды елестететін Биші қайың атауы да әсемдікті паш еткендей.
Келесі үлкен топты құрайтын ана сөзімен келетін киелі мазмұндағы жер-су атауларды еліміздің әр өңірінен кездестіруге болады. Бұл туралы белгілі этнограф ғалым А.Сейдімбек өз зерттеуінде былай дейді: «Сырдария бойындағы Көккесене, Бикем мұнара, Сарысу бойындағы Белең-ана, Болған ана, Арал түбін­дегі Бегім ана күмбездері өзінің сыр-сымба­тымен қайран қалдырады. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында қыз балаға, әйел-анаға қатысты сандаған топонимдерді кездестіруге болады: Домалақ ана, Қарашаш ана, Сыланды ана кесенелері, Қатынқамал, Келіншектау». Ал қазақ топонимиясында елеулі тарихи оқиғаларға қатысты, аттары аңызға айналған, парасаттылық пен махаббат символына айналған ару қыз, әйел есімдері қаншама көп десеңізші: Данабұлақ, Баршынкент, Ақжүніс, Таңсық, Айбике, Аягөз, Мамыр (Қалқаман) және т.б.
Әйел есімдері ежелгі қазақ космогониялық түсініктерімен де байланысты келеді, фольклорлық туындыларда кездеседі, мысалы, «Ай астындағы Айбарша», «Ай бетіндегі жетім қыз», «Күн астындағы Күнекей», т.б.
Ел ішінде әлі күнге дейін әйел есімдеріне қатысты аңыз-әңгімелер де молынан кездеседі. Мысалы, Қырыққыз, Қатынқамал, Келіншектау, Ақбикеш, Аягөз, Қостанай, т.б. Бұл аңызға айналған атаулардың көбісі қазақ қызының, жалпы қазақ әйелінің ержүректігін, батырлығын паш етеді.
Мысалы, Қатынқамал оңтүстік өңірдегі Қаратау тауындағы үңгір атауы жоңғар шапқыншылығы кезеңінде талайға пана болған екен. Балаларын жаудан таудағы үңгірге жасырған Қанымжан есімді әйел бастаған қырық қатын өз ұрпақтарының өмірін сақтап қалған. Бұл қамал «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманында жоңғар жаугершілігі кезінде талай жазықсыз жанның өмірін сақтап қалуға үлкен септігін тигізген көрінеді. Осы төңіректе Қанымжансай атауы да кездеседі.
Ал қазақта киелі саналатын Қазығұрт өңіріне бара қалсаңыз, ғажайып тас мүсінге айналған Қырыққызды көресіз.
Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугер­шілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп келе жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар Құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тас мүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5-6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында» («Қазығұрт» энциклопедиясынан алынды).
Ал қазақ жеріндегі Келіншектау туралы ел аузындағы әке қарғысына ұшыраған қыз туралы аңызды білмейтін адам кем шығар.
Сонау ерте заманда Қара­тау етегінде өмір сүрген атақты бір байдың Айсұлу есімді өте сұлу жалғыз қызы болыпты. Қыздың сұлулығы жан-жаққа тез тарап, қыз 15 жасқа келгенде айттырушылар тұс-тұстан ағыла бастапты. Перзентін өте жақсы көретін бай қызының қалауы бойынша ғана тұрмысқа шығатынын қатаң ескертіпті. Жігіттерді асықпай таңдаған қыз ақыры біреуіне тоқтап, әкесінен батасын сұрайды. Бай уәдесінде тұрып, қызына қырық күн тойын жасайды. Той өткен соң бай қырық түйеге жасауын артып, қызын жолға шығарады. Айсұлу ауылдан ұзап, Балдысу өзеніне келген кезде көшті тоқтатып, сандықтардағы жасауларын тексере бастайды. Барлық бұйымдары таза алтыннан жасалыпты да, тек жалғыз итаяғы ғана ағаштан жасалған екен. Бұған қатты ренжіген Айсұлу әкесіне тез адам жіберіп, итаяқты да алтыннан жасатуды талап етеді. Қызының мұнысына қатты ашуланған бай: «О, жақсылықты түсінбеген қасиетсіз қызым, тас бол!» деп қарғаса керек. Сол замат Айсұлу да, шұбатылған көш те түгел тасқа айналып кеткен көрінеді. Сөйтіп, бұл жер «Келіншектау» аталып кетіпті.
Қостанай қаласының атауына қатысты ел аузында бірнеше аңыз-әңгімелер бар. Соның ішінде біреуі тарихта болған қыз есімдерімен байланысты. Сол аңыздың қысқаша мазмұны мынадай: «Ертеде бір кедей өзін және егіз қыздары Қос пен Танайды асырау үшін байға жалданып жұмыс істейді. Күндердің күнінде бай мен кедей арасында жерге қатысты дау шығады. Бай өктемдігін көрсетіп, кедейдің жерін тартып алады да, өзін елден қуып жібереді. Кедей Тобыл өзенінің бір сайына келіп жайғасады. Кедейдің сорына бір күні екі сұлу қызы ішқұсадан, аурудан өледі. Ол қыздарын Тобыл өзенінің жағасына жерлейді. Өтіп бара жатқан адамдар ол жерге ұзақ уақыт тоқтап, кейде қонып қалатын болған. Кейінірек ол жер халық арасында қыздардың атымен Қостанай аталады.
Салыстырмалы түрде қарастырар болсақ, әрине, еліміздегі жер-су атаулар құрамында ер есімдері сан жағынан анағұрлым басым екендігін мойындау керек. Алайда ұлтымыз әйел затына, қыз баласына құрметпен қарағандығын тек жер-су атаулары емес, тіптен, ру, тайпа атауларынан да көре аламыз.
Сақ дәуірінен бастау алатын Тұмар апамыз (Томирис), Баршын қыз, Ұлпан ана есімдері Мәншүк пен Әлия есімдерінде рухани жалғастық тауып, қазақ әйелінің, қазақ қызының өрлігін, биіктігін, сұлулығын айғақтайды.
Жер-су атауларда айшықталған аналарымыз бен арулардың есімдері халқымыздың ат қоюдағы шеберлігін, мәдени, эстетикалық талғамының, нәзіктікті бағалауының аса жоғары болғандығын паш етіп тұр.

Қыздархан РЫСБЕРГЕН,
филология ғылымдарының докторы,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титуты ономастика бөлімінің меңгерушісі

 
nazgulnaz
12 марта 2013, 19:59
873

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 15709
  • 18
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14793
  • 16
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 7613
  • 98
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5891
  • 39
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 5015
  • 7
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4703
  • 20
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4501
  • 54
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3549
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3311
  • 45