Тікелей эфир

«Ғылым Ордасындағы» Табиғат мұражайы

«Ғылым Ордасындағы» бұл мұражай басқа үш мұражайға қарағанда ең ескісі болып саналады. Осы жылы оған 52 жыл толып отыр. Кезінде Ғылым Академиясының көне институттарының бірі — 1932 жылы құрылған Зоология институты материалдарының негізінде құрастырылған. Институт ғалымдары түрлі экспедицияларға шығып, қазба жұмыстары, жергілікті фауна мен флора, көптеген қызықты материалдар жинастырып, зерттеген. Осы жұмыс нәтижесін көпшілік назарына ұсыну үшін осындай мұражай құруға шешім қабылданған еді. Ал бастамаға Ғылым Академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қолдау көрсетіпті.
1957 жылы экспозициялар құрылысы мен экспонаттар жасау жұмыстары басталған. Бұл мұражайға сондай-ақ Зоология институтының басқа да зертханалары өз фондтарынан экспонаттар ұсынған. Бүгінде мұражай үлкен жөндеу жұмыстарынан өткен. Палеонтологиялық зал түгелімен қайта жасалынған. Жаңа экспонаттар қосылған. Ал динозаврларды қызықтап келетін балаларрға келешекте арнайы палеонтологиялық үйірме ашылмақ.

«18-мамыр «Мұражай күнінде» кішкентай достарымыздың салған динозавр, мамонттар, т.б суреттерін көрме қылып жасау ойымызда бар» — дейді 1974 жылдан бері мұражай меңгерушісі болып қызмет атқаратын Тілеубердина Пируза Абылайқызы.




Сондай-ақ Пируза апай бұл мұражайдың өзіндік бай тарихы бар дейді:
«Кейде келушілер арасында үлкен апа-аталар келіп, «бала кезімде бұл жерге әкеммен келгенмін» деп жатады. Ал қазір өзі баласын немесе немересін әкеліп тұр. Мұражай келушілерінің үшінші ұрпағымен әңгімелескен де өте қызықты.
Қазірде бізде көне жануарлардың 7 қаңқасы бар. Оның алтауы оригинал болса, жетіншісі динозавр сүйегінің көшірмесі. Оны біз алдыңғы жылы Мәскеулік палеонтологиялық мұражайдан сатып алғанбыз».


Палеозавр бас сүйегінің алдыңғы бөлігі


«Меніңше, бұл мұражайдың басты ерекшелігі — мұндағы экспонаттардың барлығы Қазақстан территориясынан табылғандығында. Кеңес үкіметі кезінде бізге Ленинградтағы «Тау мұражайының» бір өкілі келген болатын. Сонда ол «осыншама түрлі табиғат көріністері бір ғана Қазақстан жерінен табылған ба?» деп таңырқап кеткен. Өйткені расында да бүкіл әлем қазбаларды көрсетуге құштар, мысалы АҚШ-та ол қазбалар әлемнің түкпір-түкпірінен жинақталуы мүмкін. Ал бізде бұл байлықтың бәрі өз елімізде кездеседі. Қазақстан флорасы мен фаунасының әр түрлілігінің, байлығының дәлелі — осы мұражай.

Жер қатпарын сілемдеп аша түскен сайын мұндай байлықтың әлі талайын табуға болады. Ежелгі дәуірдегі аңдар мен өсімдіктердің түрі қазіргіден әлдеқайда өзгеше. Соның барлығын әлі де зерттеу керек» — деп Пируза апай әңгімесін аяқтады.






Киргиляхтық мамонт

1948 жылы ұйымдастырылған ең алғашқы экспедициядан табылған Хилотерия мүйізтұмсығының қаңқасы.

Алып мүйізтұмсықтың тоқпан жілігі


Тасбақа сауыттарының шоғырлануы


Бронтотерий сүйектері, табылған орны Іле ойпаты, Ақтау

Энтелодон. Ертеде тіршілік еткен шошқа тәрізділердің бір түрі.



Ет тұмсықтылар

Келушілердің назарына бірден ілігетін мұражайдың басты құндылығы — жыртқыш тираннозавр.

Жалпы мұражайларға кіру құны:
Балалар мен ҰОС ардагерлеріне тегін
Оқушылар — 50тг
Студенттер —70тг
Үлкендер — 100тг

Мұражайдың сайты http://gylymordasy.kz/

Мәтін: Айжан Кәрібаева kerbez_

Фото: Айнұр Ракишева rakisheva

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайына фото шолу

Алия Arsik
6 ақпан 2013, 13:54
5221

Loading...

Пікірлер

Алматыда мұндай мұражай барын білмедім, мақала авторына рахмет.
cray
0
0
Палеозавр, не?
қазба жұмыстарынан табылған ежелгі рептилиялардың бір түрі
cray
0
0
Жоқ, палеозавр деп жазылады айтқаным ғой.
Керемет қыздар рахмет, маған сабаққа қолдануға тапсырмас көрнекіліктер.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 13288
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 6813
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4659
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4324
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4484
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 3702
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 3964
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 2757
  • 14
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 нау. 2017 / 0:18
  • 2854
  • 59