Тікелей эфир

Шетелде білім алу: University of Wollongong in Dubai

Еркебұлан Бейсенбаев Алматыдағы №13 мектепті бітірген. Қазірде Дубайдағы австралиялық Wollongong университетінің студенті. Араб әмірліктеріндегі оқуы мен тұрмысы туралы нақтырақ білу үшін Еркебұланды әңгімеге тарттық.


- Сәлем! Алдымен университетің жайлы айтып өтсең?

- Валангонг деген Австралиядағы қала. Университеттің атын да сол қаланың құрметіне қойған. Австралиядағы №1 университет болып саналады. Дубайдағысы соның филиалы. Негізі Дубайда да бұл университет үздіктердің қатарына енеді. Ал оқитын факультетім бизнес басқару. Барлық сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Арабша оқымаймыз. Халықаралық университет болған соң, араб тілін бізге оқытпайды.

- Ол жаққа түсу үшін қандай кезеңдерден өттің?

- Ең бірінші TOEFL тапсырдым. Оған мен бір жыл дайындалдым. Өйткені мектепте ағылшын тілінен дұрыс базалық білімім болмаған соң, жарты жылдай Алматыда интенсивті курстан өттім. Содан кейін жарты жыл тағы да Дубайда дайындалдым. Тек содан кейін ғана университетке түстім. Сондай-ақ, онда талапкердің мектептегі үлгерімі жақсы болса, түсер кезде 25% жеңілдік көрсетіледі. Алайда, егер оқу барысында сабақ үлгерімі қанағаттанарлықтай болмаса, жеңілдікті қайтарып алады.

- Оқудың бағасы қанша тұрады?

- Бізде кредиттік жүйе. Егер студент құламай, барлық сабақтарын жақсы тапсырып жүрсе, онда бакалаврды үш жылда бітіруге болады. Сонда шамалап санағанда бір семестрдің оқу бағасы 7000$ болады. Жылына сонда 14000$. Бакалаврда барлығы 36 пән оқып шығу керексің. Ал магистратураға тек екі жыл жұмыс тәжірибесімен қабылдайды.

- Күнделікті оқу процесі қалай өтеді?

- Бізде бір жақсысы - оқу кестесін өзіміз құрамыз. Семестр басталар алдында интернет арқылы мұғалімдерді, уақыт кестесін таңдаймыз. Әр пәннің мұғалімі үш уақыт береді: таңертеңгі, түскі, кешкі. Соның бірін таңдауға тиістісің. Әр сабақтан лекция, семинар, лабораторлық жұмыстар болады. Лекцияны жібермеуге тиістіміз. Өйткені студенттің келгенін, келмегенін компьютерге енгізіп отырады. Лекцияға қатыспаған студентті мұғалім емтиханға жібермейді. Лабораторлық жұмыстарды пайызбен есептейді. Аралық бақылауға дейін екі тест болады. Солай әр сабақтан аралық бақылаумен қосқанда үш тест, сосын соңғы емтихан (final exam) өтеді.

- Оқытушыларың қандай?

- Оқытушылар да студенттер сияқты түрлі ұлттардан құралған. Бір ұнайтыны, оқытушылардың барлығы дерлік халықаралық деңгейдегі лицензиялары бар, жақсы мамандар, көбінесе профессорлар. Мысалы, сүйіктілер қатарынан: доктор Абул Латиф Тяньчань, сондай-ақ, компьютер сабағынан беретін Мухаммад деген мұғалім. Информатиканы мектепте де өткенімізбен, әлі де компьютер саласында көп заттарды білмейді екенмін. Бұл сабақтан біз сайт құруды, бағдарлама жасауды үйренеміз. Жалпы университетте әр түрлі адамдарды көре аласыздар. Студенттер болсын, мұғалімдер болсын, барлығы да жан-жақтан келіп жатады. Қазақстанның өзінен бұл университетте 400-дей адам оқиды.

- Ол жерге бара сала қандай қиындықтарға кезіктің?

- Тіл. Оқығаның бөлек, іс жүзінде мүлдем бөлек қой. Ол жақта біздегідей екі тіл жүріп тұр. Арабтардың ана тілі - араб тілі болғанымен, біз орыс тілін қалай білсек, олар да ағылшынша солай сайрайды. Сосын менталитеттері. Түрлі шектеулері. Қаланы, адамдарын мүлде білмедім. Достарым ол кезде болмады. Жарты жылдай пәтер жалдап жалғыз тұрдым. Алғашқы үш ай өте қиын болды. Өйткені үйде таңертең тұрасың, тамағың, шайың дайын, киімің үтіктеулі. Далаға шықсаң, достарың. Ал ол жаққа бара салысымен, бәрі де 360 градусқа өзгеріп кетті. Алғашқы жарты жылда алты кг-ға арықтаппын. Өйткені жалғыз өзіме тамақ батпайтын. Кей күндері әдейі теледидардың дауысын бақыртып қоятынмын. Үйде жалғыз өзім жүрмегендей әсер болсын деп. Ауырсаң да, өзің қараласың, үйді өзің жинап, бір сөзбен айтқанда өз-өзіңмен қаласың. Мұндай сәттерді де бастан кешіру керек меніңше.

- Сонда қандай шектеулер бар екен?

- Мысалы, бізде алкогольді барлық жерде сата берсе, онда мүлде ешқайда сатпайды. Тек туристерге арналған ең жақсы қонақүйлерде ғана таба аласың. Студенттердің қалталары да оны көтермейді. Сондықтан, бір жақсы жері, сол жағынан өзіңді тиясың.

- Қазір қай жерде тұрасың? Жалпы онда өмір сүру қымбат па?

- Жарты жылдан соң сондағы танысыммен тұра бастадым. Сол арқылы басқа да балалармен танысып, кейіннен үш бала бірге hotel apartment-те тұра бастадық. Ол айына 1500$ тұрды. Оның бір жақсы жері, асүйі бәрі бар, әрі күн сайын персонал пәтерді жинап кетеді. Жалпы тұрғын үйде оларда проблема жоқ. Проблема - азық түлік, транспортта. Азық түліктің бәрін олар сырттан әкеледі. Дубайдың бір ерекшелігі - біздегідей бәрі қабаттасып орналаспағандығы. Барлық көшелер, ғимараттар кең-кең қылып салынған. Ол жерде бір ғимаратта отырып, терезеден кез келген басқа біреуін көре аласың. Көшелері магистарль сияқты, алты қатар бір жаққа, алты қатар екінші жаққа кетіп жатады.

- Ол жақтың жастары қандай? Неге қызығады, нені қалайды?

- Жастар көбінесе күшті машина, бағалы заттарға, саяхаттауға құмар. Олар ақшаны қайда шашсам екен, қандай көлік айдасам екен деп қана өмір сүретіндей. Әрине, жүз пайызы да ондай емес. Оқитын, бір нәрсеге талпынатын жастар да бар. Алайда біздегідей емес.

- Қандай қызықты шаралар өтіп тұрады?

- Бізде Қазақ студенттердің одағы бар. Түрлі шаралар өткіземіз. Наурыз, Айт сияқты мерекелер атқарылады. Жылына екі рет оқу орындағы әр студент өзінің салт дәстүрлерін таныстырады. Ұлттық тағам, киім көрсетіледі.

- Арабтардың Қазақстан жайлы пікірі қандай?

- Өте жақсы. Кейбірі біледі, кейбірі білмей жатады. Өйткені араб халқының 20% әлі күнге дейін сауатсыз. Ағылшынша білмейді, оқымаған. Ал жалпы қоғамдық орындарда, көзі ашық адамдар Қазақстаннанмын десең, бізді өте бай халық екенімізді біліп жатады.

- Жоспарларың қандай?

- Оқу бітіргеннен кейін, әрине, Қазақстанға оралып, сонда жұмыс істеймін. Бізде қазір көптеген мекемелерде үлкен ағаларымыз әлі де кеңес заманының ой санасымен өмір сүреді, шынын айтсақ. Ал біз болсақ, алған білімімізді, тәжірибемізді көрсетіп, жаңаша әрекет етуіміз керек. Экономика болсын, саясат, әлеуметтік жағынан болсын. Қазақстанға жаңаша ойлайтын мамандар, жаңа жобалар қажет.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева

Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

Алия Arsik
5 қараша 2012, 14:50
4762

Loading...

Пікірлер

"..алған білімімізді, тәжірибемізді көрсетіп, жаңаша әрекет етуіміз керек. Экономика болсын, саясат, әлеуметтік жағынан болсын. Қазақстанға жаңаша ойлайтын мамандар, жаңа жобалар қажет."
жарайсың, аман есен елге оралып жұмыс істеуіңе тілектеспіз
"бәрі де 360 градусқа өзгеріп кетті" - 180 градусқа де, 360 болса сол қалпында қалғаны ғой :)
Қиыншылықтaр тудырыпты-мыс. Ендi шектеулердi aнықтaуғa келгенде: спирттi iшiмдiктер екен бaр болғaны. Шектеудiң бaсымы әйелзaтынa қaтынaсты болсa керек.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12459
  • 26
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 7436
  • 98
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 6159
  • 45
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 5420
  • 33
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 4771
  • 5
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4338
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4085
  • 18
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3704
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3530
  • 15