• 28588
  • 20
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бірінші хадис: Амалдар ниетке байланысты

Мүминдердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн Хаттаб (р.а) Аллаһ елшісінің (с.а.с): “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”,-дегенін естідім”,-деп риуаят етеді.

Бұл хадисті хадисші ғалымдардың имамдары Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Исмайл ибн Ибраһим ибн Муғира ибн Бардизбаһ әл-Бұхари және Әбул-Хусайн Муслим ибн Хажжаж ибн Муслим әл-Қушайри ән-Найсабури хадис кітаптарының ең сенімділері саналған “Сахихтарында” келтірген.
Хадис түсіндірмесі: Алдымен, хадисті келтіруші жан-Омар ибн Хаттаб, әділетті төрт халифтың екіншісі, тірісінде жәннатпен сүйіншіленген, Меккеде Ислам қабылдаған, Абдулланың әкесі. Тақуалығы мен дінге беріктігі әрі қаталдығы сонша, тіпті оны көрген жындар қашып, адамдар сөздерінен жаңылып қалатын. Құрандағы үш аят осы кісінің тілеуінен кейін түсірілген. Ол жайында тәпсір бөлімінде айта өтерміз. Мұсылман жыл санауы бойынша 23 жылы қайтыс болған. Аллаһ ол кісіге разы болсын.
Ол кісі осы хадисті пайғамбар (с.а.с) аузынан естігендігін айтып, хадис соңында: “Дегенін естідім”,-дейді.
Аллаһ елшісі (с.а.с) бұл хадисте: “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты”,-деген. Араб тілі жағынан алып қарайтын болсақ, бұл сөйлем амалдардың бір нәрседе шектелгендігін білдіреді. Осы жерде ғұламалар екіге бөлініп, бір тобы: “Амалдар ниетке байланысты /қабыл болады/”,-десе, енді бір топ “амалдар ниетке байланысты /атқарылады/”,-деген.

Бірінші топ амалдардың жақсы-жаманы ниетпен қабыл болатынын алға тартады. Ал енді екінші топ амалдар орын алуы үшін ниет керек. Бір адам бір нәрсе жазғысы келсе, оқығысы келсе, ішкісі келсе ниеттеніп барып жасайды дегендей. Бірақ екінші пікір сәл әлсіздеу боп табылады. Адамның амалдарынан бұрын ниет келетіні ол табиғи заңдылық. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с) соңғы пайғамбар боп жіберіліп, өзінің маңызды елшілігінде адамдарға табиғи заңдылықты айту үшін келген бе? Жоқ, сірә ол кісі амал жасағанда ықыласты болып, жақсы ниет ету керектігін алға тартқан.
Ниет дегеніміз-адамның қалауы. Шариғатта ниет екі түрлі қолданылады. Бірі Аллаһқа қатысты, екіншісі құлшылыққа қатысты. Аллаһқа қатысты ниет-ықылас. Кез-келген құлшылықты, жақсы амалды Аллаһ ризалығы үшін атқаруға ниет ету. Жамандықты тастағанда да Аллаһ ризалығы үшін. Темекіні тастап “Денсаулығыма зиян”, немесе намаз оқып “Разминка” деп емес, бәлки Аллаһ бұйырды, Аллаһ ризалығы деп ниет жасау керек.
Ал құлшылыққа қатысты ниет-тамииз немесе адырату деп аталады. Бір құлшылық пен екінші құлшылық арасын ажыратқанда адам ниеті арқылы ажыратады. Яғни мешітке кірген адам екі рәкат намаз оқыса, ол қай намаз оқыды? Иә, сырттағы біреу айта алмайды ол жайын. Ал енді өзі болса ниеті арқылы ажыратып: “Мен мешітке кіргенде оқылатын екі рәкат сүннетті оқып жатырмын”,-деп ниет етеді. Бірақ мұны тілімен емес, жүрекпен айтуы керек, себебі ниеттің орны-жүрек. Тілімен қанша айтса да жүректегісі ниет боп саналады. Тілімен “Тек Аллаһқа” деп, жүрегі адамдар көзіне көрінуді ниет етсе, ол адамның жағдайы нашар!!!
Демек, амалдар ниетке байланысты қабыл болады. Осы жерде айта кетер бір жайт-жақсы ниет жаман амалды жақсыға өзгертпейді. Осыны есте жақсы сақтау керек. “Ниетің жақсы болса болғаны” деп, намаз оқымау, ораза ұстамау әсте дұрыс емес. Ниетім жақсы деп араққа удай мас боп тойып алған жаннан не сұрайсың? Бәлкім, “ниетің таза болса, онда тазалығын құлшылығыңмен көрсет” деген сөз дұрысырақ.
Осы жерде тағы айта кетер жайт-кейде адамдардың ниеттері құлшылық барысында өзгеріп кетіп жатады. Біреулердің ниеті құлшылықты жасамай жатып ақ өзгеріп, құлшылығын адамдар үшін, не басқа үшін жасайды. Иә, мұндай құлшылық үкімі серік қосу. Ал Аллаһқа серік қосу-кешірілмес үлкен күнә.
Енді біреулердің ниеті құлшылық барысында өзгереді. Біреулер “Тек Аллаһ үшін” деп бастап, ортасына келгенде “Жоқ, бәлкім адамдар көрсін осыны” деп, ниеті өзгере қалуы ғажап емес. Ондай құлшылық күшін жойып, серік қосуға кеп тіреледі. Аллаһ ондай құлшылыққа қарамайды.
Енді біреулер құлшылығын тек Аллаһқа арнап, бірақ құлшылығын адамдар көрсін деп созып жіберуі мүмкін. Мысалы: “Мынау неткен тақуа адам”,-деп таңқалсын” деп, сәждеде ұзақ жатып алуы мүмкін. Бұл жағдайда ол адамның құлшылығы қабыл етіледі, алайда әлгі созған жері қабыл етілмейді. Бәлкім сол жері адамдар үшін арналып, күнәға қалмақ.
Енді біреулер толығымен құлшылығын Аллаһқа арнап аяқтауы мүмкін. Бірақ, адамдар мақтағанын естіп, қайтадан сол құлшылығын жасауға кірісіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда мақтағанға дейінгі құлшылығы қабыл болып, мақтағаннан кейінгі “тағы мақтай түссін” деген құлшылығы қабыл болмайды.
Ондай болса әр адам шама шарқынша ықыласын түзеп, ниетімен күресе білу керек…

Амалдар үшке бөлінеді: Тек Аллаһқа арналған амалдар. Бұл ең көркем амалдар. Екіншісі: Тек дүние үшін жасалған амалдар. Бұл үлкен, қатерлі күнәлардың бірі. Үшіншісі: Аллаһ пен дүние үшін жасалатын амалдар. Мысалы: “Кімде-кім ғұмыры мен ризығы ұзарсын десе, онда туыстық қатынасты үзбесін”,-деген хадистегідей, ризық үшін амал жасай отырып, Аллаһқа ықыласты болу. Бұл жақсы, сауапты амал. Ал енді туыстық қатынасты тек Аллаһқа арнасаңыз, сауабы мүлдем жоғары болмақ.
Осы хадистен алынар пайдалардың бірі-жай, жақсы амалдарды ниет арқылы құлшылыққа айналдыруға болады. Мысалы: Тамақ ішу жай іс. Ал енді адам: “Осы тамақты құлшылық жасауда шаршамау үшін ішемін”,-деп тамақтанса, онда бұл ісі сауапты іс болмақ. Демек, амалдар ниетке байланысты, әрі әрбір адам не ниет етсе, сол нәрсесі өзіне тиесілі болады. Жақсы амал жасап, жақсы мақсатта болса, сауапқа кенеліп, жаман мақсатты болса, күнәсін көтереді.
Пайғамбарымыз осы жерде ниеттің амалға қандай әсері бар екенін білдіру үшін мысал келтіріп, “қоныс аударуды” тілге тиек еткен. Қоныс аудару жақсы. Адам жай қоныс аударса, ол үшін сауап алмайды. Ал енді Аллаһ пен Оның елшісі үшін қоныс аударса, Оның қоныс аударуы қабыл болып, құлшылыққа айналады.
Тағы бір айта кетері, бір құлшылық жасап жатқан топ-топ адамның сол істері үшін алар сауаптары әрқилы. Бірі таудай сауапқа кенелсе, бірі тіпті күнәмен қайтпақ. Бұған да осы қоныс аудару мысалы жақсы келеді. Біреулер Аллаһ пен Оның елшісінің ризалығына кенелсе, енді біреулер әйел мен дүниеге ғана қол жеткізбек. Бірақ, бұған қол жеткізуші де бар, жеткізе алмайтындар да бар. Себебі Аллаһтың қалауынсыз ол орындалмайды.
“Қоныс аудару” дегеніміздің негізі-күнаны тастап, сауапқа қарай қоныс аудару. Адам өзінің бойындағы жамандықты, күнәні тастаса, нағыз қоныс аударушы болады. Ал енді кім мұны Аллаһ үшін жасаса, сауапта, ал адамдар үшін жасаса, обалда.
Демек, қоныс аудару дегеніміз күнәні тастау. Бір жерде күпірлік билік құрып, Исламға мүлдем жол берілмесе-қоныс аудару керек. Бойыңда күнәлі істер жиі кездессе, жақсы амалдарға қарай қоныс аудар.
Хадистің соңғы бөлігінен біз Аллаһ елшісінің (с.а.с) адамдарға ілім беруде қолданған тәсілдерінің көркемдігін байқаймыз. Сахабалар мен келер мұсылман ұрпағы жақсы түсіну үшін бөліп-бөліп, амалдардың түрлерін ажыратып берген.
Соңында айта кетсек, бұл хадис Ислам шариғатының негізгі, ұлы хадистерінің бірі. Адамның ішкі амалдарының бәрін реттеп, түгендеп тұруы себепті имам Науауй оны бірінші ретке орнатқан. Ғұламалар: “Бұл хадис Исламның жартысы”,-деген-ді. Себебі адамдардың барлық амалы не ішкі, не сыртқы болады. Ал адамның ішкі амалдарының таразысы-осы хадис.

15 января 2010, 5:23
2275

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 13083
  • 26
Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
сегодня / 11:35
  • 8783
  • 7
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
вчера / 9:15
  • 7229
  • 32
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7652
  • 5
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6482
  • 34
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
сегодня / 10:45
  • 5462
  • 59
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 4160
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3863
  • 15