Тікелей эфир

Шетелде білім алу: University of Cádiz

Бүгінгі тұрақты айдарымыз Испанияның оңтүстігінде орналасқан ЖОО арналады. Кейіпкеріміз Баян Берекетқызы халықаралық қатынастар мамандығын игеріп жүрген белсенді жастардың бірі. «Көкіл» музыкалық мектебінде оқып, домбыра аспабын жетік меңгерген ару. Баянның Испания еліндегі оқуы мен тұрмысы жайында төмендегі сұхбаттан таныс болайық.


- Баян, сәлем!  Испанияда қай жерде, қандай мамандық бойынша оқыдың?

- Сәлем, Кадис Университетінде бір семестр оқып шықтым. Бұл Испания елінің оңтүстігінде орналасқан жоғарғы оқу орны. Таңдау бойынша үш элективті курс таңдадым. Атап айтсам: қоғамдық әкімшілік үшін ағылшын тілі, халықаралық қатынастар, халықаралық жария құқығы.

- Ол жерге қалай түстің? Қандай құжаттар мен анықтамалар керек болды?

- Негізгі білімімді Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, халықаралық қатынастар факультетінде алып жатырмын. Биыл екінші жыл магистратурадамын. Университетіміздің магистранттарға арнаған «академиялық мобильділік» бағдарламасы бар. Ол арқылы магистранттар қалауы бойынша шет мемлекетін таңдап, бір семестр көлемінде тәжірибе жинап, дәріс алады. Бұл бағдарламаға тек грант иегерлері қатыса алады. Құжаттарға келетін болсақ, ең бірінші қабылдайтын университет пен оқитын университеттің арасында келісім-шарт болуы тиіс. Сіз осы оқу орнына өтініш формасын, үлгеріміңізді, пәндер тізімінен қалаған курстарыңызды таңдап жібересіз. Белгілі бір уақыттан кейін қабылдаушы оқу орны өз жауабын беру керек.

- Дәл сол университетті таңдауыңа не себеп болды?

- Шыны керек, кездейсоқ таңдалған университет. Біз академиялық мобильділік бағдараламасына кеш қатыстық. Сондықтан, тек Кадис университетінің құжаттар тапсыру мерзіміне ғана үлгердік. Басқа университеттерге тым кеш болды. Себебі жаңа оқу жылына іріктеу бір немесе жарты жыл бұрын жасалынады. Біз екі айдың ішінде барлығын жасап шықтық.

- Ол жақтың оқу процесі несімен ерекшеленеді?

- Университеттің оқу процесіне бірден еніп кеттік. Себебі жалпы алғанда, өте үлкен өзгешелік жоқ. Алайда, кейбір ерекшеліктерді айтып кетуге болады. Кредиттер саны біздің дисциплиналардың кредиттер санынан көбірек болып саналады. Мысалы, өз оқу орнымыздағы халықаралық жария құқығының кредиттер саны 3-4 болса, мына жақта ол дисциплина бойынша кредит саны - 12. Негізінен тек дәріс тыңдаймыз. Берілген тапсырмаларды тек электронды түрде жіберіп отырамыз. Жаңа технологиялық әдістер кеңінен қолданылады. Әр лекция міндетті түрде power point түрінде көрсетіледі. Лекцияда тек мұғалім ғана емес, сондай-ақ студенттер де өз ойларын білдіріп, пікір-таласқа түсе алады.

- Мұғалімдердің студенттермен қарым-қатынасы қандай?

- Маған ең ұнайтыны – мұғалімдер мен студенттер арасындағы қарым-қатынасы. Өте қарапайым. Біздің елде ол екі субьектінің арасында үлкен дистанция орнатылған. Бұл жақта мұғалімді атымен атауға рұқсат берілген, Сара, Питер десең, еш ренжімейді. Мысалы, бір мұғаліміміз өз бетінше орыс тілін игеріп жүр. Оған біз бағыт беріп, тереңірек меңгеруге көмектесіп жатырмыз. Есесіне ол бізге испан тілін үйретіп жатыр. Мұғалімдер әрдайым көмектесуге, жағдайыңа кіріп түсінуге дайын.

- Испанияда өмір сүру қымбат па?

- Еуропа болғандықтан, әрине, өмір сүру әлдеқайда қымбаттау. Әсіресе, қиналғанымыз - көлік мәселесі. Автобуспен бір бағытқа дейін жүру 1 еуро (200 теңге) тұрады. Таксиді айтпай-ақ қойса да болады. Нан да шамамен сондай баға. Бірақ кейбір азық түлік тағамдары арзандау. Дәлірек айтсақ, сүт тағамдары, жемістер, сусындар біршама арзандау келеді.  Испания Еуропадағы ауа райы жағынан ең жылы мемлекет. Халқы сондай шырайлы.

- Жалпы ол жаққа барғаннан кейін қандай қиындықтарға кезіктің?

- Ең басты қиындық тіл болды. Таңғалтқан жағдай – халықаралық қарым-қатынас тілінде, яғни ағылшынша барлық дамыған мемлекеттер сөйлей бермейді екен. Оның бірі – Испания. Испанша біліп келген әлдеқайда оңайырақ болады. Ол тілді ешқашан меңгермеген біз, бас кезінде тек жестикуляция арқылы қарым-қатынасқа түстік. Екі айдан кейін барып қана, аз-маз түсініп, кішкене сөйлей бастадық. Есесіне, испандықтар өте шырайлы да мейірімді халық екеніне көзім жетті. Адасқан кездерде өздері-ақ біді іздеген жерге апарып тастайтын. Басқа еуропалықтармен салыстырғанда, еш қайғырмайтын, әрқашан позитивте жүретін халықтың бірі. Сондай-ақ, тағамға келгенде де кішкене қиналдық. Олар шошқа етін көп қолданады. Өз тілдерінде «хамон» деп атайды. Мейрамханаларға келсең, мәзірдің 75 пайызы хамоннан жасалған тағамдардан тұрады. Сондықтан, негізінен тамақты үйден әзірледік. Испандықтар көп демалғанды, тойлап, қыдырғанды жақсы көретін халық. Жұмыс уақыты сағат оннан екіге дейін, ары қарай сиеста. Ол деген екіден беске дейін үзіліс. Барлық жергілікті мекемелер, сауда орындары, дүкен-дәріханалар сағат беске дейін үзіліске жабылады. Жексенбіде барлық орындар жабық болады, тіпті кішкентай дүңгіршіктің өзі.

- Испандықтардың Қазақстан жайлы хабары қандай?

- Үлкен Мадрид, Барселона сияқты қалаларда тұратын елдің Қазақстан туралы  ақпараттары бар. Ал біз тұратын Херес сияқты кіші қалалар Қазақстан жайлы мүлдем естімеген. Әрине, өкінішті, әлемде территориясы жағынан тоғызыншы орын алатын елді білмеуі намысымызға тиді. Алайда, жүрген жерімізде барынша ақпарат беруге тырыстық. Тіпті ондай жағдай орын алатынын білген мен, қазақтың домбырасын да ала келдім.

- Қазақтың домбырасын шетелде де насихаттап жүр екенсің, қалай қабылдады?

- 26 желтоқсанда Испанияда аса маңызды рождество мейрамын тойлайды. Онда әр отбасы толыққанды барлық туыстарымен жиналып, атап өтеді. Біздің үйді жалға беруші қожайынымыз бізді де қосып шақырды. Сол кезде домбыра ойнап бергем. Қатты таң қалды. Тағы, тағы деп сұрады. Мини концерт қойдық. Қара жорға биін де көрсеттік. Қазақтың өнеріне тәнті болды. Университетіміздің басшылығына бір күн Қазақстанды, қазақ өнерін таныстыратын мәдени-танымдық кеш жасауға ұсыныс білдірдік. Онда да молырақ Қазақстан туралы видеоролик көрсетіп, бауырсағының дәмін таттырып, домбыра, шаңқобызда ойнап, қазақ ұлттық биін көрсеттік.

- Әңгімеңе көп рахмет!

Сұхбаттасқан Айжан Кәрібаева

Nagasaki University

University of Cambridge

Алия Arsik
5 қараша 2012, 15:06
5754

Loading...

Пікірлер

Баянның білім баянды болсын!!!
Жарайсын қазақ аруы!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Өзге елде, қз еліңді ұмыт қалдырмай, оларға таныстыру қазақ жұрты үшін үлкен мәртебе.
genzy
1
0
а сестренка красивая у Баян...)
молодец Баян:) Кішкене қыз кезіндегісі есімде:)) Ініммен бір класта оқығасын:)
Берекет ағайдың да сабағын алғанбыз ҚазҰУда
хехе қызық, Көкілде бір класта оқыды ма? Әкемді де біледі екенсің ғой онда:))
иә Көкілде, Әсеттің тетясымын:)
Жарайсын қазақ аруы!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Өз елінді, өзге елде ұмыттпай таныстыру, қазақ жұрты үшін өзгеше мәртебе.
О, Баяшка привет:) интервью не читал, но фотки посмотрел, круто, молодец!!!
а в испании большой экономический коллапс !

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5790
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 5562
  • 45
Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
сегодня / 17:54
  • 4724
  • 64
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
сегодня / 14:20
  • 4055
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4351
  • 30
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3722
  • 75
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
вчера / 9:25
  • 3148
  • 11
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Ценители качественной одежды или знаменитой этикетки? К открытию H&M в Алматы

Ценители качественной одежды или знаменитой этикетки? К открытию H&M в Алматы

Это надо же, создать такую кампанию, что за их вещи люди готовы не спать всю ночь, школьники отбирают премию родителей, студенты тратят последнею стипендию!
mukhamedian
19 марта 2017 / 1:04
  • 2202
  • 8