• 3308165
  • 4670
  • 289
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазастандық Әлемторда жарнама қалай дамуда?

24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған жарнама мекені - Интернет. Жаңалықтық пен сараптамалық сайттарда да, жеке күнделік пен видео-сервистерде де жарнамаға кезігуге болады. Бұрындары интернет-жарнаманың негізгі пайдаланушылары кіші және орта бизнеспен айналысатын компаниялар болса, бүгінде бұл кез келген компанияның маңызды құралы. Әлемтордағы жарнама нарығы басында баннерлік жарнама мен баннерлік желілер арқылы жұмыс жасаса, интернет қолданушылар саны көбейген сайын ол дәстүрлі жарнама заңдарына бағына бастады: серіктестік бағдарламалар, мәтіндік жарнама, сапалы сайттар мен кәсіби желілік жарнама агенттіктер пайда болды.

Google мен Yandex сияқты іздеу жүйелерінің алпауыттары пайда болғаннан кейін жарнама мүмкіндіктері одан сайын кеңейді. Нарықты сегменттерге бөлу мен мақсатты аудиторияны іздеу арқылы ірі компаниялардың көбісі Әлемторды маркетингтік бағдарламаларының негізгісіне айналдырды. Ал Қазақстан Интернетінде (ҚазНет) жарнаманың бүгінгі жағдайы мен даму бағыты турасында білу үшін еліміздің ақпараттық технологиялар саласының мамандарын әңгімеге тарттық. Еліміздің Әлемтор кеңістігінде жарнама нарығы қай бағытты ұстанып келетіні жайында «Киви.кз» видео-сервисінің жасаушысы Рауан Маемиров төмендегідей пікір білдіреді: «Жарнама нарығы Қазақстанда енді-енді даму үстінде. Алайда, біздің қолданушылар қарапайым жарнаманы қанағат етер деп ойлау - дұрыс емес; олар осындай жарнаманы шетелдік сайттардан көріп, жалықты. Жергілікті компаниялар көбінде ресейлік әлеуметтік желілердегі жарнаманы сатып алуда, бірақ, өз тәжірибем көрсеткендей, бұл қымбат әрі нәтижесіз әрекет. Қолданушылар қарапайым жарнамаға баяғыда үйреніп қалды, яғни оған назар аудармайды». ҚазНет сарапшысы Шыңғыс Крайбеков осы пікірмен келісіп, жарнама нарығында алға басушылық неліктен бәсең екенін түсіндіреді: «Интернет-жарнама соңғы екі жылдың ішінде дами бастады, алайда, дағдарыстың салдарынан қазір қайта бұрынғы қалпында, әсіресе контекстті жарнама. Біздің компаниялар нарықтың бұл саласына онсыз да бірден кірген жоқ, ал көп ірі компаниялар оған асықпайды да, мысалы, мен банктердің жаранамасын көрген емеспін (ал БАҚ пен сыртқы жарнаманың негізгі жарнама берушілері - осылар)».

«ПодКАЗт.кз» жобасының авторы Иван Богураев біздегі интернет-жарнаманың дамуына не кедергі болып тұр деген сұраққа жауап беріп, интернет сегментінің өсу деңгейіне тоқталады: «Меніңше, Қазнеттегі интернет-жарнама нарығының көлемі аз, себебі Әлемторға жүйелі түрде кіретін адамдардың пайызы да тым аз. Алайда, соңғы екі жылдың ішінде интернет-қолданушылар саны біраз өсті, бұл интернеттегі жарнама көлемінің динамикалық өсуіне жағдай жасайды. Жалпы интернет сегментінің өсу деңгейі жайында айтатын болсам, өкінішке орай, Батыстан ғана емес, жақын көршіміз Ресейден де біраз қалып қойдық, бір жағынан, оны жағымды факт ретінде де қарастыруға болады, өзіміздің емес, олардың қателіктеріне қарап, үйрену. Дәл қазір қазнетте баннерлік жарнама кең қолданыста, себебі 10 жыл бұрын жарнаманың осыдан басқа түрі болған жоқ деп айтуға болады».

Біздің интернет-жарнама берушілер жарнаманың қай түрін және қалай қолданып жүргені  туралы Крайбеков мырза былай деп айтады: «Егер де контекстті жарнаманы қарастыратын болсақ, бұнда біздің ұсақ жарнама берушілеріміз қолданатын екі негізгі «ойыншы» бар: Adsense қызметін ұсынатын Гугл және Директті ұсынатын Яндекс. Осындай жарнама берушілерді сіз өзіңіздің почтаңызда немесе сұрау салу бойынша көре аласыз. Гугл мен Яндекс сіздің сұрауларыңыз бен геолокацияңызды сараптап, таргеттік (мақсатты) жарнамалық хабарламаны көрсетеді. Жарнаманың тағы бір түрі қымбаттырақ - баннерлік. Баннерлерді Қазақстанның танымал сайттарында қолданады. Көбінде осы сайттар жарнамалық орындарды жарнамалық агенттіктерге сатады, ал олар болса, сайттың бос орындарына жарнама берушілерді іздейді. Бұны қазақстандық сайт та (мысалы «Центр тяжести» сайты жарнама орындарын «New Line Media»  жарнама агенттігіне берді), шетелдік сайт та жасай алады (мысалы, Қазақстанда mail.ru сайтының жарнамасын қазір «Integrated Marketing and Trinity» агенттігі сатуда). Кейде қазақстандық интернет-жарнама шетелдік интернет қолданушысына бағытталады, мысалы, жақында CNN.com сайтында Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақыратын баннер ілініп тұрды». Ал ҚазНеттегі жарнаманың соңғы үрдістері жайында Маемиров мырза төмендегідей жауап береді: «Соңғы кездері жаңа үрдіс байқалуда - танымал сайттарда акциялар мен сайыстар ұйымдастыру. Мысалы, бірқатар жергілікті интернет-дүкендер мен ірі компаниялар ресурстың бағытына байланысты сайыстар өткізіп, демеушілік ретінде сыйлықтар табыс етті. Олардың екінші реттік ұсыныстарына қарағанда, қайтарымдары жағымды болды».

Әңгімемізді қорытындылай келе, мамандарымыздан ҚазНеттегі интернет-жарнаманың болашағы жайында сұрауды жөн көрдік. Маемиров мырза жарнаманың болашағын видео-роликтермен байланыстыруда: «Әрине, баннерлік жарнама табыс әкелетінін жоққа шығармаймын, алайда, шетелдік тәжірибені қолдансақ, одан да үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады. Шетелде, соның ішінде Ресейде де, жарнаманы креативті, есте қаларлық етіп жасауға тырысады, себебі жарнаманың өзін талқылайтын болса, ол жарнамаға ұқсамайтын болады. Мысалы, оған вирустық жарнаманы жатқызуға болады. Қазір ол көпшілікті жалықтырса да, бұл фантазия мен жарнаманы ұсыну әдісіне байланысты болып тұр. Бізде ондайды әлі байқамадым, алайда, "Сатай-фильм" киностудиясы қызықсыз жарнамалық баннердің орнына фильмнің трейлерін ұсынады, осылайша, көрерменнің оны бірден сынай алуға мүмкіндігі туады. Жарнаманың осы түріне ешкім шағымданбайды, керісінше - қуанады. Осыдан, бізде қысқа жарнамалық роликтерді жасайтын компаниялар пайда болады және олардың бағалары ірі жарнамалық агенттіктердің тура осындай қызмет көрсету түрі үшін алатын сомалардан ерекшеленіп тұрады деген болжам жасауға болады». Ал Богураев мырза контексттік жарнамаға үміт артуда: «Менің ойымша, келешекте баннерлер тек қана ірі сайттарға тікелей сатылатын болады, ал баннер алмасу желілерінің танымалдылығы төмендейді, себебі олардың контекстті жарнама атты ірі бәсекелесі бар. Әдетте, осындай жарнама мазамызды алмайды, себебі ол сайттың дизайнына сәйкестендіріліп, мәтіндік блок түрінде жасалынған. Сонымен қатар, осы мәтіндік блок беттің мәтініне орайластырып, контекстке үйлесімді хабарлама ретінде таңдалып, көрсетіледі. Мысалы, бетте автомобильдің бір моделі жайында айтылса, контекстті жарнамаға апаратын сілтеме автодүкен немесе автомобильдер туралы интернет-ресурс болмақ. Өзіміздің «PodKAZt.kz» сайтымызда біз жарнаманың екі түрін бірлесіп қолданамыз - баннердің орындарын сатамыз және контекстті жарнаманы көрсетеміз. Қазақстандық жарнама берушілер контекстті жарнама желілерін белсенді қолданбайды, бірақ бұл уақытша жағдай деген үміттеміз, қазақстандық интернет сегменті өскен сайын осы нарыққа қызығып жүрген компаниялардың базасы да өсер. Мүмкін, көптеген жарнама берушілер интернеттегі жарнаманың қаншалықты табысты екенін қазір де түсініп отырған шығар, бірақ интернетке кірушілердің пайызы қашан ұлғаятынын күтуде».

Қарап отырсаңыз, еліміздің әлемтор кеңістігінде жарнаманың дамуы интернет пайдаланушылар саны мен жарнама берушілердің белсенділігіне байланысты болып тұр. Сонымен қатар, ҚазНет ресурстарының дамуы да өз кезегінде жарнамаға оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Ал әзірге, жарнама берушілеріміз әлемтордағы жарнаманың интерактивтілік, ақпараттылық сияқты оң жақтарын түсінсе және жарнама тұтынушыларына сапалы, ыңғайлы қызмет түрлерін көбірек ұсынса деген тілек бар.

"Қазақстан Іскері" газеті үшін

Алия Arsik
28 октября 2009, 22:16
6284

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5469
  • 7
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 4767
  • 43
Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Только я дождался премьеры, как вдруг её отменяют. Откровенно говоря, у меня нереально бомбит от всего этого. Я, как и многие, очень люблю Дисней и его картины, и не против того, что они стали...
MrVladimirLV
17 марта 2017 / 16:03
  • 4261
  • 62
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки моя слабость наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 3924
  • 28
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3181
  • 69
Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Это вообще что такое? Такой подарок молодым? Вот бытует мнение, что винят ведущего, кто-то говорит о людях. Я вообще такого не понимаю. Хотелось бы узнать ваше мнение, потому что я провел огромное...
fima
17 марта 2017 / 18:07
  • 2446
  • 12
Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Соседки в "апарте" были индианки и пакистанки, и я рада им, так как не уверена, что девочки из СНГ, с которыми кстати я сейчас живу на Шеринге, хоть раз спросили бы меня: "Кушала ли я?"
Sarasetek
17 марта 2017 / 18:03
  • 2251
  • 21
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Департамент юстиции Соединённых Штатов Америки провёл расследование кибератаки на поисковик Yahoo, которая произошла 3 года назад и по результатам которой было взломано больше 500 миллионов УЗП.
Seattle
17 марта 2017 / 18:32
  • 2225
  • 18