Yvision.kz
kk
Мемлекет
Мемлекет
2 106 постов14 подписчиков
  • 0
    11:44, 30 апреля 2024

    Тәжікстан Президенті Қазақстанның Премьер-министрін қабылдады

    Еліміз Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.

    undefined

    Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барған еді. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр.

    Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды.

    Ал Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзадамен кездесуде Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі туралы мәселені талқылады.

    undefined

    Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын әртараптандыру шараларына арналды. Сондай-ақ Қазақстанның шамамен құны $190 млн болатын 85 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайындығы аталып өтті.

    Үкіметтік делегациялар өнеркәсіп кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті.

    Қазақстанның мол тәжірибесін ескере отырып, Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда тәжік темір жолдары үшін темір жол техникасын шығаратын ірі өндірістік әлеует бар. Ақтөбе зауыты рельс арқалық өнімдерін жеткізуде ынтымақтастық орнатуға дайын. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын локомотивтердің, тепловоздардың, бағыттамалық бұрмалардың, трансформаторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларының, аккумуляторлардың, автокөлік құралдарының экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі зор.

    undefined

    Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе – жыл сайын нығайып келе жатқан әрі өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталатын су саласындағы ынтымақтастық. Екі ел қабылдап жатқан бірлескен іс-шаралар вегетациялық кезеңде «Бахри Точик» су қоймасының қажетті жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда төрағалық ету жыл басынан бері Тәжікстаннан Қазақстанға ауысқан Халықаралық Аралды құтқару қорын ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.

    Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылғы сауда көлемінің төмендеуінен кейін оң өсім серпіні байқалады. Осы жылдың екі айында АӨК өнімінің тауар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артып, $84,9 млн-ды құрады. Бұған қоса Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты құрылымын әртараптандыру байқалады. Саладағы қазіргі міндеттердің қатарында ұн жеткізу көлемін арттыру мәселесі бар. Ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да бағыттарда бірлескен жобалар құрудың келешегі зор.

    Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға Smart Bridge, ИРБП (интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы), Smart Data Ukimet секілді «eGOV» электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмек көрсету бойынша жұмыстарын бастады. IT саласындағы нәтижелі ынтымақтастық екі ел экономикасын дамытуға және азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.

    Сонымен қатар тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Биыл Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу маңызды оқиға болмақ. Олжас Бектенов алдағы уақытта Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылуының маңыздылығын атап өтті.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары барлық бағыт бойынша екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары серпінін сақтауға дайын екендіктерін растады.

    0
  • 0
    11:03, 30 апреля 2024

    Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

    undefined

    Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

    Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    t.me/aqorda_resmi

    0
  • 0
    07:58, 30 апреля 2024

    Сингапурлықтардың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,4 миллиард доллардан асқан

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады.

    undefined

    Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті.

    "Біз – уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады.

    Президент бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті.

    Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты.

    Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына баса назар аударылды.

    Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

    undefined

    t.me/aqorda_resmi

    0
  • 0
    13:09, 29 апреля 2024

    Астана араласады деген әңгіме жоқ – СІМ Әзербайжан мен Армения келіссөзі жайында

    Бүгін дәстүрлі брифинг барысында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Алматыда Әзербайжан мен Армения арасында өткелі жатқан келіссөздегі Қазақстанның орны туралы мәселеге пікір білдірді.

    undefined

    Фото: apa.az

    Смадияров бұл шараның тек екі тарап арасында болатынын атап өтті.

    «Бұл жерде Астана ара ағайын болады деген әңгіме жоқ. Біз тек жанашырлығымызды танытып, good office қызметін көрсетеміз. Толығырақ ақпаратты кейін айтамыз», – деді СІМ ресми өкілі.

    Айта кетейік, кеше Әзербайжан президенті Илхам Әлиев аталған екі елдің сыртқы істер министрлері бейбіт келісімге келу жайын Қазақстан аумағында талқылайтынын хабарлаған еді.

    0
    143
    0
  • 0
    10:17, 29 апреля 2024

    Мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды

    Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

    undefined

    Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.

    Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

    «Активтерді қайтару жұмыстары – бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    0
    155
    0
  • 0
    06:20, 29 апреля 2024

    ИДБ елімізде су шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға гранттар мен қаржы бөлмек

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барды. Онда осы күндері Ислам даму банкінің (ИДБ) жыл сайынғы отырысы өтіп жатыр.

    undefined

    Нұрлан Байбазаров Қазақстаннан басқарушы ретінде ИДБ тобының президенті Мұхаммед Әл-Джассермен, сондай-ақ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясының (ICIEC) бас атқарушы директоры Усама Каиссимен кездесулер өткізді.

    Ислам даму банкі – әлемдегі ең белсенді көпжақты даму банктерінің бірі және исламдық қаржы саласындағы көшбасшы. ААА деңгейіндегі рейтингтерімен ИДБ әлем бойынша қатысушы елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуын алға тартуда.

    Мұхаммед Әл-Джассермен өткен кездесудің басты тақырыбы Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын қаржыландыру болды. Бұл биылғы бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты Үкіметтің басым міндеті болып отыр.

    undefined

    Еліміздің су-ресурстық әлеуетін сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су қоймаларын, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді салу әрі реконструкциялау, су үнемдеу технологияларын цифрландыру және енгізу бойынша бірқатар шұғыл шараларды іске асыру қарастырылып жатыр.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша ИДБ тобының ауқымды инвестицияларын ҚР су саласының жобаларына бағыттау, сондай-ақ жобалардың техникалық құрамдас бөлігін дайындауға гранттар бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алғашқы транштар биыл жүзеге асырылмақ.

    ICIEC-пен келіссөздер аясында «Бәйтерек» холдингінің ұйымдарымен – KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігімен және Қазақстанның даму банкімен қайта сақтандыру, сақтандыру әрі кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Компаниялар ICIEC-пен көлік инфрақұрылымы, сауданы қаржыландыру, сонымен қатар инвестицияларды сақтандыру саласында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.

    Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам даму банкінің мүшесі болды. Осы кезеңде ИДБ тобының қатысуымен республикада жалпы сомасы шамамен $1,8 млрд құрайтын 67 жоба іске асырылды.


    primeminister.kz

    0
    153
    0
  • 0
    05:46, 27 апреля 2024

    Елімізге сырттан жұмыртқа әкелуге тыйым салынды

    АШМ-ның арнайы бұйрығы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

    Хабаровский край увеличивает производство яиц Фото: Ресей Хабар өлкесі үкіметінің баспасөз қызметі


    «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды.

    Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

    Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

    Айта кету керек, осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді.

    Сондай-ақ, осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады, бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеледі.

    Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда көктемгі-жазғы кезеңге автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын.


    ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

    0
    247
    0
  • 0
    12:53, 26 апреля 2024

    Қазақстан ШЫҰ мемлекеттері үшін сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды

    Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) төрағалық етуі шеңберінде қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.

    undefined

    Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, Бас хатшы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі қатысты.

    Дәстүрлі достық пен сындарлы үнқатысу түрінде өткен кеңесте халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланып, қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қадамдары айқындалды.

    Кеңесте ШЫҰ-ның әскери-саяси блок еместігі, ал әскери саладағы өзара іс-қимыл басқа елдерге қарсы бағытталмағаны атап өтілді.

    Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, өңірлік қауіпсіздіктің сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге бағытталған. Осыған байланысты «Бейбіт миссия» терроризмге қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің қызметін насихаттау мақсатында қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери-тарихи мұражайлар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға келісті.

    Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысушылардың назарын Ұйымның тарихи аспектісіне аударды.

    – Егер ШЫҰ-ның бастауына қайта оралсақ, оның негізін 1996 жылғы

    26 сәуірдегі Шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім (Шанхай келісімі) мен 1997 жылғы 24 сәуірдегі Шекара ауданындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісім (Мәскеу келісімі) қалағанын атап өткен жөн, – деді ол.

    Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі ұйым шеңберінде ШЫҰ-ның барлық мемлекеттері үшін әскери бөлімдерге ерікті негізде өзара сапар жасау, өткізіліп жатқан ірі әскери оқу-жаттығулар, қорғаныс ведомстволарының басшылығы мен құрылымы туралы ақпарат беруді көздей отырып, сенім шаралары туралы келісімді әзірлеуді және қабылдауды ұсынды.

    Кеңес қорытындысы бойынша хаттамаға, ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылып, бірлескен коммюнике қабылданды.

    Іс-шара соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы бірлескен мәлімдеме жасады.

    0
    289
    0
  • 0
    12:42, 26 апреля 2024

    Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі

    Қазақстан делегациясының Ауғанстанға ресми сапары барысында қазақстандық 35 компания Кабулда өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен көрмесінде өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.

    undefinedҚазақстанның бизнес-делегациясының құрамында серіктестіктің жаңа бағыттарын құру үшін QarMet компанияларының, Doscar Group дилерлік орталығының (KIA, Chevrolet брендтері), Кентау трансформатор зауытының, Kaspy Group компаниялар тобының (металл конструкцияларын дайындау, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру) өкілдері, зертханалық сынақтарды, медициналық дәрі-дәрмек, май өнімдері, кондитерлік өнімдер, тоқыма және басқа да тауар өндіруші кәсіпкерлер келді.

    Бизнес-форумның ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстан делегациясының Қазақстанға сапары қорытындысына сәйкес екіжақты тауар айналымын $3 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылғанын еске салды.

    «Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, IТ-технологиялар саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі», — деді Серік Жұманғарин.

    Екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы аясында Серік Жұманғарин Ауғанстан азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы санын 30-дан 60-қа дейін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ вице-премьер Ауғанстаннан келген 30 баланы Қазақстанның жазғы лагерьлерінде 10 күн демалуға шақырды.

    Ауған кәсіпкерлерінің арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс әлі де жоғары. Бизнес-форум қорытындысы бойынша $12 млн-нан астам сомаға күнбағыс майы, дәнді дақылдар мен ұн жіберу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Ауған компаниялары мотор майына үлкен қызығушылық танытып, отандық жеткізушілермен аталған тауарды жеткізуге алғашқы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

    Айта кету керек, Герат қаласында (Ауғанстан) Қазақстан сауда үйі ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады, сондай-ақ ол Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жандануына ықпал ететін болады.


    primeminister.kz

    0
    295
    0