Yvision.kz
ru
  • 0
    04:23, 29 сәуір 2024

    Үш елдің полициясы интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

    Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды.

    undefined

    Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтаған.

    "Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – дейді Әлекешев.

    Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылған. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысыпты. Мұнда 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм “метадон” препараты тәркіленді.
    "Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу және жедел іздестіру амалдары жалғасуда, – дейді ІІМ ресми өкілі.

    undefined

    Polisia.kz

    0
  • 0
    05:21, 29 сәуір 2024

    Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысы түстен кейінге қалдырылды

    Бұған айыпталушылардың сот залына уақытында жеткізілмеуі себеп.

    undefined

    Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысты жасырды, хабарламады деп айыпталған туысқан інісі Бақытжан Байжановқа қатысты кезекті сот отырысы бүгін сағат 10:00-де басталуы керек еді. Бірақ судья отырысты бастайын деп жатқан кезде айыпталушылардың сот залына әлі жеткізілмегені белгілі болды. Осыдан соң ол сот отырысын түстен кейінгі уақытқа қалдыруды жөн көрді.

    "Басты сот отырысын айыпталушыларсыз өткізуге болмайды. Оларды жеткізетін күзетшілерге қатысты бір түйткіл туындапты. Енді сағат 11-де алып шығады. Одан келемін дегенше 12 болады. Сондықтан сот отырысын сағат 14:30-да бір-ақ бастаған дұрыс", - деді судья Айжан Құлбаева.

    0
  • 0
    06:20, 29 сәуір 2024

    ИДБ елімізде су шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға гранттар мен қаржы бөлмек

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барды. Онда осы күндері Ислам даму банкінің (ИДБ) жыл сайынғы отырысы өтіп жатыр.

    undefined

    Нұрлан Байбазаров Қазақстаннан басқарушы ретінде ИДБ тобының президенті Мұхаммед Әл-Джассермен, сондай-ақ инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясының (ICIEC) бас атқарушы директоры Усама Каиссимен кездесулер өткізді.

    Ислам даму банкі – әлемдегі ең белсенді көпжақты даму банктерінің бірі және исламдық қаржы саласындағы көшбасшы. ААА деңгейіндегі рейтингтерімен ИДБ әлем бойынша қатысушы елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуын алға тартуда.

    Мұхаммед Әл-Джассермен өткен кездесудің басты тақырыбы Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын қаржыландыру болды. Бұл биылғы бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты Үкіметтің басым міндеті болып отыр.

    undefined

    Еліміздің су-ресурстық әлеуетін сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су қоймаларын, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді салу әрі реконструкциялау, су үнемдеу технологияларын цифрландыру және енгізу бойынша бірқатар шұғыл шараларды іске асыру қарастырылып жатыр.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша ИДБ тобының ауқымды инвестицияларын ҚР су саласының жобаларына бағыттау, сондай-ақ жобалардың техникалық құрамдас бөлігін дайындауға гранттар бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Алғашқы транштар биыл жүзеге асырылмақ.

    ICIEC-пен келіссөздер аясында «Бәйтерек» холдингінің ұйымдарымен – KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігімен және Қазақстанның даму банкімен қайта сақтандыру, сақтандыру әрі кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Компаниялар ICIEC-пен көлік инфрақұрылымы, сауданы қаржыландыру, сонымен қатар инвестицияларды сақтандыру саласында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.

    Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы 1995 жылы Ислам даму банкінің мүшесі болды. Осы кезеңде ИДБ тобының қатысуымен республикада жалпы сомасы шамамен $1,8 млрд құрайтын 67 жоба іске асырылды.


    primeminister.kz

    0
  • 0
    06:06, 29 сәуір 2024

    АҚШ-та торнадо әлі тоқтамай тұр

    АҚШ-та жойқын дауыл әлі жалғасып жатыр.

    undefined

    Фото: әлеуметтік желіден

    Торнадо Небраска, Айова, Техас және Оклахома штаттарында жүріп өткен. Осының салдарынан өткен демалыста бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті. Жүздеген үй қираған.

    АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметі бойынша, Оклахомада бір түнде бірнеше торнадо тіркелген.

    Жойқын дауыл шегіне осы аптада жетеді делініп отыр.

    Биыл бүкіл әлем табиғаттың тосын мінезінен ерекше зардап шегіп жатқан тәрізді.


    0
  • 0
    07:01, 29 сәуір 2024

    Елімізде ең көп сұранысқа ие мамандықтар қандай?

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі ең көп сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады.

    undefined

    Сурет: gov.kz

    "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады, оның шеңберінде таяудағы жылдары неғұрлым талап етілетін мамандықтардың ТОП-25 тобы айқындалды. Сарапшылардың пікірінше, ең «қажеттілер»: есепшілер, күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер", - делінген министрлік хабарламасында.

    Сонымен, ЕРДО сарапшылары Кәсіптердің ұлттық жіктеуішін негізге ала отырып, сұранысқа ие мамандықтардың ТОП-25 тізіміне мыналарды енгізіпті:

    1. Есепшілер – 93 мың адам;

    2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77 мың адам;

    3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 77 мың адам;

    4. Жүргізушілер мен автокөлік жүргізушілері – 44 мың адам;

    5. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 35 мың адам;

    6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 33 мың адам;

    7. Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер – 32 мың адам;

    8. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері-31 мың адам;

    9. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 30 мың адам;

    10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 26 мың адам;

    11. Мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бірінші басшылары – 24 мың адам;

    12. Жылжымайтын мүлікпен және басқа мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 24 мың адам;

    13. Жүк көлігінің жүргізушілері – 24 мың адам;

    14. Такси жүргізушілері – 19 мың адам;

    15. Аспаздар – 19 мың адам;

    16. Дәнекерлеушілер – 17 мың адам;

    17. Фастфудтан басқа тез тамақтану мекемелеріндегі аспаздар – 17 мың адам;

    18. Басқа орта мектеп мұғалімдері – 16 мың адам;

    19. Құрылыс бөлімшелерінің басшылары – 15 мың адам;

    20. Шаштараздар – 13 мың адам;

    21. Құрылысшылар-монтажшылар, құрылысшылар-әрлеушілер, суретшілер үстіндегі бригадирлер – 13 мың адам;

    22. Сантехниктер – 13 мың адам;

    23. Математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 12 мың адам;

    24. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 12 мың адам;

    25. Автобус жүргізушілері – 12 мың адам.

    0
  • 0
    07:16, 29 сәуір 2024

    Оралда өрт болған көпқабатты үйден 50-ден аса адам эвакуацяланды

    БҚО орталығы - Оралда тұрғын үйдің 7 қабатындағы бір пәтерден өрт шықты.
    undefined

    Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер 53 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялаған.
    Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмыстарының арқасында, өрт 18 ш.м алаңда сөндірілді.

    Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
    Өрттің себебі анықталуда.


    https://t.me/qr_tjm

    0
  • 0
    07:44, 29 сәуір 2024

    СҚО-да әпкесі мен інісі асылып өлді

    Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Имантау ауылында болған қос бірдей суицид туралы ақпарат тарады.
    undefined
    Фото: baigenews.kz

    «Жексенбі күні кішкентай баланың 22 жастағы анасы жер үйдің қорасында асылып өлді. Бұл сұмдық жағдай оның он жеті жасар інісіне қатты әсер еткен. Сөйтіп, жасөспірім орманға қарай жүгіріп кетіпті. Содан кейін ол да асылған күйінде табылған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
    Жарияланған мәліметтерге қарағанда, әпкесі мен інісі ата-әжесінің қолында өскен. Әкесі қайтыс болған, шешесі кетіп қалған. Қыз жақында тұрмысқа шығып, бала туыпты. Сол сәбиі қазір 1 жастан асқан.


    https://t.me/kriminal_kazakhstan

    0
Тамаша, сіз бәрін көрдіңіз!