Yvision.kz
ru
Қылмыс пен жаза
82 жазбалар2 тіркелуші
0
04:23, 29 сәуір 2024

Үш елдің полициясы интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды.

undefined

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ІІМ қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтаған.

"Министрлік қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – дейді Әлекешев.

Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылған. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысыпты. Мұнда 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм “метадон” препараты тәркіленді.
"Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу және жедел іздестіру амалдары жалғасуда, – дейді ІІМ ресми өкілі.

undefined

Polisia.kz

0
172
0