Yvision.kz
kk
Default banner
Общество
Общество
6 756 постов967 подписчиков
Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!
0
16:50, 17 апреля 2024

Қыз құндылығы « Қыздың құндылығын Құдайдың өзі көтеріп қойған»

Қыз – нәзік жаратылыс, өмір сәні, Алланың берген сыйы, сыры ашылмаған жұмбақ жан. Қыз деген – гүл. Ал гүлдің жайқалып, әлемге сән беруі бағбанға байланысты. Күтімі жөнді болмаған гүл солып, өңі кетеді. Міне, сол секілді уақытында күтіп, баптасаң жайқалып, шуағын шашады.

Жалпы, қазақта қыз баланы «қонақ» деп сыйлаған, төрге шығарған, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсірген. Кішкентайынан бойына нәзіктік, көркем мінез бен парасаттылықты, пәктікті сіңіріп өсірген. Сонымен қатар тәрбиеге баулып қызға қырық үйден тыйым салған. Қыз баланың өзін-өзі ұстауына, тәлім-тәрбиесіне аса мән берген. Бірақ сол қатал тәрбие мен қыздарға арнап айтылған шексіз тыйымдардың кесірінен, қазақ менталитетіндегі жөнсіз түсініктердің қалыптасуы қыз баланы барлық заттан , мәдениеттен тыйылуына алып келеді. Ең басты түсінік «Ұят болады», «ұят»,« нан жайып үйрен. Ертең барған жеріңнен ұят болады», т.с.с және де қыз баласының санасына кішкентай кезінен жат жұрттық екенін құйып өсіреді. Осыған байланысты мысал айтар болсақ, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- қыз баласының тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі. Өз жұртынан жыраққа, өзге отбасының табалдырығын аттаған жас аруды алда не күтіп тұрары беймәлім?! Өзге үйдің ошағын түтетіп, ұрпағын жалғайды. Еркелігі мен балалығын қияды, үлкен өмірге тәжірибесіз ақ бейімделеді. Осы тұста Бауыржан Момышұлының керемет сөзі еске түседі.

Бауыржан Момышұлынан бір кісі сұрапты:

– Бауке айтыңызшы өзі, жер бетінде ең батыр адам кім?

Сонда батыр ойланбастан:

– Жер бетіндегі ең батыр адам ол – қыз, -депті. Оның мәнісін сұрағанда былай деп жауап қатады:

– Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елде бір сағат та тұрғым келмей қашамын. Ал, қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіріп ел де қыла алады, сыйлата да алады, алыса да алады, қаймықпастан ұрпағын да көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді,- деген екен …

Міне, Баукеңнің осы сөздері ақ қыздың сүйгені үшін барлығына дайын екенін, екінші жартысына деген сыйластығын жеткізеді.

Өзге үйде, өзге жандардың қас-қабағына қарап, қызмет ететін, жеке пікірі болмайтын жас келіншектің өмірі құдды бір қызметші, жұмсайтын құл секілді. Құдай басқа салмасын, әрине ең бірінші жар таңдаудан қателеспейік. Қанша жерден өліп-өшіп сүйем десең де, болашақта еріңнің саған қол көтермейтініне, асырай алатындығына көз жеткіз. Неге? Қазір дамыған заман болғанымен, ақылдылардың заманы болғанымен оқыған-тоқыған дейтін кісілердің өзі надандықтан төмен іс-әрекетке барып,әйеліне қол көтереді, зорлық-зомбылық көрсетіп, әйелдерін өлімші етіп сабайды. Соның кесірінен, Қазақстанда зорлық-зомбылық көрсету фактілері бойынша ажырасу 50%-ға жоғарыласа,500-ге жуық әйел адам екінші жартысының қолынан көз жұмады.Өте өкінішті жайт. Дамыған,дамушы елдер қатарына кірген зайырлы, тәуелсіз мемлекетте әйел адамның құқығына бей-жай қарайтындығы қынжылтады.Сол тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту үшін елімізде әйел адамдардың бір-бірімен некелесуіне рұқсат берілетін заң қабылданды. Сонымен қатарәйел адамның құқығын қорғайтын ұйымдар ашылып,«Феминист»,«Феминизм» титулы берілді. Қазіргі қазақ ерлеріне «Феминизм» туралы айтар болсаң, бірден «Әйел адам ер кісіден бір саты жоғары тұруы керек» деген қате түсінік бар. Бірақфеминизм деген ерлер мен әйелдер құқығының тең болуы керек екенін қашан түсінеміз?

Біздегі екінші мәселе әр қоғамда, әр ұлтта әйел адамға деген көзқарас әрқилы және де дау тудыратындай жағдайда болған. Біреуі қыз баланың дүниеге келуін мақтаныш көрсе, ал біреулері бұл жағдайды ұят санайды. Бұл ретте Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың рахымы мен сәлемі болсын) әйелдерге құрметпен қарап, қамқорлық жасауға үйретуден жалыққан жоқ және ең бастыдүниені ұмытпайық! Қыз-болашақ ана. Иә, оны бәріміз білеміз. Ал, Жұмақ (Жәннәт) аналарымыздың табанының астында. Ерлер қауымы әйел затының қадірін білмей, ар-намысын таптағанда Құдайдың өзі қыз баласының, әйел затының дәрежесін көтеріп қойған!

Ислам дінін сонау заманнан ұстанып келе жатқан ұлтымыз қыз баланы жұмақтың кілті деп түсінген. Бірде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кімнің үш қызы дүниеге келсе, сол үш қызының қиыншылығына шыдап, қуанышымен бөліссе, жақсылап тәрбиелесе, жеткізсе, Алла Тағала осы қыз балаға жасаған рақымы үшін ол кісіні өз жұмағына кіргізеді» дейді. Мұны естіген бір сахаба: «Уа, Алланың елшісі! Егер екі қызы болса ше?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі қызы болса да жұмаққа кіреді» деп жауап береді. Сахаба тағы да: «Бір қызы болса ше?» деп сұрайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Ол қызды жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, жеткізсе, онда жұмаққа кіреді» деп жауап береді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультетінің 3 курс студенті: Арыстанбек Мәншүк

Жетекші: Н.Б.Рушанова

0
186
0