Yvision.kz
kk
Образование
Образование
757 постов508 подписчиков
Образование и дети
0
06:09, 17 апреля 2024

Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

13.04.2024 күні “Таза Қазақстан” республикалық акциясы бойынша сенбілік өткізілді. Сенбілікке ҚазҰУ студенттері белсенді қатысып, ҚазҰУ қалашығын тазартты. Тазалық шарасына университет басшылығынан бастап 16 факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Сенбілікке қатысқан барлық адамдарға қалашықтың аумағынан арнайы аймақтар бөлініп берілді. 10000-ға жуық адам қалашықты қоқыстан, жапырақтардан және бұтақтардан тазартты.

undefined

Қалашықта өткен сенбілікке университет ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы арнайы келіп қатысты. Білім ордасының басшысы студенттермен пікірлесіп, қоршаған ортаға қамқор болуға шақырып, ҚазҰУ-да алдағы уақытта болатын өзгерістермен бөлісті.

undefined

Сенбілікке барлық факультеттің студенттері белсені қатысты. Журналистика факультетінің 1-3 курс студенттері Заң факультетінің алдындағы алаңнан бастап 15-жатақханаға дейінгі аумақта тазарту жұмыстарың жүргізді.

undefined

Тазарту жұмыстарына ат салысқан студенттерге керемет көңіл күйлері, қажырлы еңбектері және университет өміріне белсене араласқандары үшін көп рақмет!

0
224
0