Yvision.kz
kk
0
07:05, 18 апреля 2024

Елімізде мамандықты бойынша жұмыс жасайтындар саны күрт азаюда.

Маман – ол істің шебері. Жасаған жұмысын сүйіп жасайтын. Әр қадамын нық ойланып, мың толғанып жасайтын, білім алып, оны өзгеге ұсына алу. Кей сәтте барлығына бұл жай болып көрінуі мүмкін. Бірақ, алған білім арқылы бүкіл ғұмырыңыздың айнасы ретінде көре аласыз. Ал мамандық таңдар сәтте ол тек ілініп-салынып оқып, диплом алу емес. Ол-таңдау! Өз өмір жолыңның таңдауы.


Egemen.kz сайтында: «Әлбетте, белгілі бір мамандықтың әлеуметтік мәні мен одан моральдық қанағат алуы өте маңызды. Көптеген адамдар жұмыс істеп қана қоймай, қоғамға пайда әкелгісі келеді. Бұл алдымен педагогикаға, мұғалімдік мамандыққа қатысты». Расында қоғамға пайдамызды тигізіп, мамандықты дұрыс таңдап, қоғамға пайда тигізе білген жөн.


2017 жылғы статистикалық мәліметте ABAI.KZ сайты жұмыссыздардың санын 150 мыңға жуық деп көрсеткен. Бұл мамандықты саналы түрде таңдамаудан екенін көреміз. Саналы түрде дұрыс мамандық таңдау үшін не істеу қажет?

1. Қандай жұмысты жасаған сәтте сізге қызық екенін анықтап алыңыз

2. Жасаған ісіңіздің барысын зерттеңіз. Егер жасап жатқаныңыз ұнаса, демек, жаңылмағаныңыз анық

3. Мектеп қабырғасында қай пәнге жақын болдыңыз сол салада жұмыс жасау ыңғайлы болады. Мысалы, әдебиетке жақын болсаңыз филология, журналистикаға түссеңіз болады

4. Ең бастысы сізде мақсат болу керек. Бұш мамандықтан не аламын және не бере аламын деп сауал қойыңыз!


Жоғарыдағы пункттерден ең керегі өз ісіңізді сүйіп жасаңыз. Өзіңіз ұнатқан мамандықты таңдамасаңыз мәжбүрлі түрде жұмыс жасауға тура келеді. Мәжбүрлі түрде таңдап, соңында мамандықпен жұмыс жасамауға болады. Десе де, қазірде Z ұрпақ мамандықсыз қалмаудың шешімін тапты. Заманауи, 4 жыл оқуды талап етпейтін мамандық шығып жатыр. Мысалы, мобилограф, СММ, таргетолог, сату менеджері. Бұл, демек, жұмыссыздықтың орнын толтыруы әбден мүмкін. Теріс әсері елімізде мамандықтың нағыз маманы азаюы қаупі бар.


Аяна Айтуғанқызы

Жетекші: Рушанова Н. Б

0
143
0