Yvision.kz
kk
0
06:29, 21 апреля 2024

Қасиетті қара шаңырақ мүмкіндіктер мекені

Ел болашағы жастар. Болашаққа нық қадам басу үшін өскелең және жас ұрпақтың білім деңгейі жоғары болуы шарт. Қазіргі уақытта жастардың білім алуына мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер беріліп жатыр. Осы орайда еліміздегі жоғары оқу орындарының флагманы, қара шаңырақ атанып кеткен ҚазҰУ ерекше атап өтуге болады.

ҚазҰУ 2022 жылы әлемдік QS рейтингі бойынша 175 орынға ие болып, әлемдік 200-ге жуық мықты оқу орындарының қатарына кірді. ҚазҰУ ғалымдарының жетістіктері өндірістерге енгізіліп, ғылыми еңбектері жоғары рейтингті басылымдарда, «Scopus» мәліметтер базасына енген басылымдарда жарияланады. ҚазҰУ АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Турция және тағы да басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен серіктестік болып ғылыми жобалар және конференциялар жүргізіп отыр. Солардың бірі Журналистика факультетінің ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының бастамасымен «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» атты VIII Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы өткізілген. Конференция 2024 жылдың 12 сәуірі өткізіліп, қазіргі кездегі әлемдегі және елімізідегі өзекті мәселелер талқыланды. Шетелдік жоғары оқу орындарынан көптеген профессорлар шақырылды. Бұл орайда студенттер мен магистранттарға көрсетілген мүмкіндіктер үшін ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Шыңғысова Назгуль Турсынбаевна, кафедраның оқытуышлары соның ішінде Жетписбаева Мейргуль Сарсенбаевна, Алимжанова Айкерим Болатовна, Имангалиев Бауыржан Сабитович, және де Нуржанова Шарипа Сыздыковнаны ерекше атап өтуге болады. ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушылары студенттер мен магистранттардың жоғары деңгейдегі білім алуына барлық мүмкіндік жасап жатыр.

Қорытындылай айтатын болсам ел ертеңі-білімді жастар. «Білекпен бірді жеңеді, біліммен мыңды жеңеді» деп қазақтың мақалында айтылғандай, біліммен жеңетін жастарды тәрбиелеуге мемлекет тарапынан, университет тарапынан барлық мүмкіндік көрсетіліп жатыр.

Ергалиев Турлыбек магистратура 1 курс

Жетекшісі Аға оқытушы: Жетписбаева Мейргуль Сарсенбаевна

0
1501
0