Yvision.kz
kk
News
News
News
5 915 постов422 подписчика
Актуальное и интересное со всего света
1
15:19, 16 апреля 2024

“Алматы біздің ортақ үйіміз” атты жалпықалалық сенбілік өтті!

Сенбіліктің қоғамның назарын, қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте Алматы қаласы бойынша 13 сәуір күні сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Қаланың көркі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған шараға барлық студенттер, аға оқытушылар қатысты. Сенбілік - тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Фотоларда көріп отырғандарыңыздай Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары мен студенттері ат салысып қалашықты тазалауда, әдемі көрініс! Жалпықалалық сенбілікке қатысушылар қалашықтағы Қазұудегі саябақтар мен гүлзарлардың аумағын қоқыстан тазартты. Университет айналасындағы аумақ тұрмыстық қалдықтардан, жарпырақтардан тазартылып, үлкен жұмыс атқарылды.

Мамандық: қоғаммен байланыс

2 курс Асхат Дариға

Юнеско кафедрасыundefinedundefinedundefined

1
1540
0