Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
11:13, 01 февраля 2017

БРУТАЛ ҚЫЗДАРҒА КЕҢЕС: ЖІГІТКЕ ҰҚСАУДЫҢ 5 ЖОЛЫ

Кез келген қоғамда еркекке ұқсағысы келетін нәзік жандылар(нағыз жындылар) бар. Егер де жігіт болсам «бабник» болатын едім, ата-анама қыруар қаражат тауып, асырайтын едім, бүкіл ауданды «ұстайтын» едім, әлемдегі ең сұлу бикешке үйленер едім, үйітіп жіберетін едім, бүйтіп жіберер едім дейтін әңгімелерді жұртқа жар салып жүретіндер жиі кездеседі. Кейбір отбасыларға Жаратушы Алла кілең қыз береді. Бес не одан көп қызы бар үйдің әкесі қашан да ұл қиялдап жүреді. Қызығы, сондай ұядан міндетті түрде біреуі еркекшора боп өседі. Мәселен, әкесіне не ағасына қызығып, солардың қимылын, іс-әрекетін қайталап, далада қуыршақтармен, ыдыс-аяқпен ойнаудың орнына, шаң-тозаңда  балдармен доп теуіп, тапаншамен атысып, «уию,уию»-«ввуууувв» деп мәшінкелерді айдап өседі. Уақыт өте, шашын қысқартып, найк не адидас спорттық киімдерін киіп, ерлер бөлімінен кроссовка, кеды алып, рюкзак арқалап жүреді. Бұл аздай басына кепканы да бастырып алады. Соңғы сөйлемдерді оқығанда бірнеше таныстарыңызды елестеткен де боларсыз. Яғни, ашығын айтсақ, жігітке ұқсағысы келетін қыздарымыз көп. Сондықтан да осы контентті жазуға бел байладым.

Сонымен, еркекшора болу аз, ал шын мәнінде максималды түрде жігітке ұқсағысы келетін жандарға келесі кеңестерді ұсынамын:

1. Ең алдымен, гардеробыңыздан әйел адамның киіміне қарағанда ерлердікіне көбірек ұқсайтын үлгілерін таңдап алыңыз. Тігісі жеңіл, бос тұратын фасондарға көбірек көңіл бөліңіз. Дененің жоғары жағынан белге дейін тартқыш белденше киіп алыңыз. Аяқ киіміңіз де бір қарағаннан-ақ ерлердің бәтеңкесіндей визуалды эффект беруі тиіс.

2. Әңгімелесу барысында өзіңіздің сөздік қорыңызға мән берген жөн. Яғни жігіттердің лексиконында «өлә», «тууу бір» т.б эмоция білдіретін сөздер, термин-күрделі сөздер болмайды. Олар қысқа-нұсқа жауап бергенді ұнатады. Дауыс тембрі шамалы төмендеу болуы керек.

3. Ер сияқты әрекет, қимыл жасау маңызды. Мәселен отырған кезде аяқты аяқ үстіне қоймай, толық жерге қойып, шамалы ашып отыру керек.

4.Жігіт картинасын толықтыру үшін міндетті түрде бруталды, қалың аксессуарлар қажет. Дегенмен әшекейлердің де көп болмағаны абзал. Олар көбіне қарапайымдылықты ұнатады.

5. Бұл процесті жүзеге асыру барысында боянып-сылануға тыйым салынады. Тоналды крем, түрлі әшекейлер, тырнақ бояу т.б. туралы ұмытқаныңыз жөн.

Қосымша кеңес, шаштың ұзындығын толықтай бас киімнің астына салыңыз. Немесе қысқа шаш үлгілерін жасап алуға да болады. Егер де қызығушылығыңыз уақытша екенін сезсеңіз қысқа парик сатып алғаныңыз дұрыс болады.

 

Мадина РЕБРОВА

 
0
1223
3