Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Әке отбасының тірегі!

Бұл әдемі де көркем сөзді өз басым кішкентай кезімнен естіп өскенмін. Алайда, терең ұғынып, айтылған өсиеттің мағынасын осыдан тура төрт жыл бұрын түсіндім.

Ер бала көбіне анаға жақын болып өседі. Расында да... Байқаңызшы... Қарындастарыңыз не әпкелеріңіз папаларыңыздың қызы да, ал сіз  "мамасының баласы" боласыз. Дәл осындай жәйт біздің де отбасында. Менің әкем де қарындасымды қатты жақсы көреді. Әлпештеп өсірген. Кейде, мен тіпті ренжитінмін. Бірақ, қуантатыны сен анаңның құлынысың!

Осылай уақыт өте келіп, студент болып, жұмыс жасап, үйленесің... Әке-шеше мәз!!! Жылдарды артқа тастап, оларға немере сүйдірдің... Міне, сол кезде, тұңғыш балаң болғанда ғана ата-ана ешкімді де, ешқашан да бөлмейтінін түсінесің... Олар бізді бірдей жақсы көреді.

Міне, осыдан төрт жыл бұрын асыл жарым ұл сыйлағанда менің қуанышымда шек болмағаны рас. Қазір ештеңеге қарамастан айтатыным - ол біріншіден Аллахтың, сосын менің балам. Мейлі, одан кейін үш, төрт немесе бес қыз туылса да мен оларды жақсы көремін... Ешкімді де бөлмеймін!

Мен бақытты әкемін!!!

0
0
131

Еще по теме

Әке отбасының тірегі! - Yvision.kz