Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
05:41, 01 сентября 2010

Жынданып отырып жазған өлең, әкеңңңңң.....

Көңілге қыңыр күй кеп бір,

Көкірек сүйегімді керіп тұр.

Егелген ескі сезімді

Егілттің, шешек, егілткір...

 

Шыдамай шыдамым, шамасы,

Жанымның есігін теуіп тұр...

Бір кезгі сәулет – бұл дүние

Қалғандай қаңсып кеуіп бір.

 

Арманның аппақ қанаты

Үмітсіздіктен қарайды.

Мен жетпеген қу мүлік

Құлазытып жүр-ау талайды.

 

Ойымды жаным жегідей жеп,

Жанымды тәнім қанайды.

Бұрышқа біткен бір байғұс

Уысындағы тиынын санайды...

 

Тілеушім деп ем апайды,

Тірегім деп ем ағайды,

Атаңа нәлет, сұм ақша,

Маған емес саған қарайды

Үміт сыйлар жандар «арайлы»...



Пы.Сы. Араларыңызды Алматыдағы ақындар айтпақшы менсіне қоймайтын, "аузымен құс тістеген шайырлар" бар шығар... Кейбіріңіз бәлкім басын шайқап, "ццц, жаман емес, жаман емес" дерсіздер, ал кейбіріңіз, бәлкім, мырс етіп "Шөп те өлең, шөңге де өлең, бұтаның арасымен зытады өлең деуші еді, ұялмай-қызармай осыны да сөз деп атасының басына беріп отыр ма, ой, енеңді" дер -  ол Сіздердің еншілеріңізде...Тек камент жазғанда әке-шешеден боқтамасаңыздар болды...

1
486
5