Yvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
-3
05:05, 16 февраля 2015

Онлайн ойындар

Кішкентай балалар осы заманға сай дамиды, олардың өмірі мен тұлға ретінде қалыптасуы ғаламтормен тығыз байланысты.

Ол байланыс түрін ата-аналар қалайша шектеп тұрса да, балалар оған қайта-қайта қол жеткізіп, табатынын тауып жатады.

Сондықтан неліктен балаларға ғаламтордың тек пайдалы нәрселерін қолжетімді жасамасқа?

Көптеген тегін флеш ойындар қазір ғаламторда жеткілікті. Балаларға немесе қыздарға арналған ойындар бөлек топтарда бар, оларды тегін ойнауға болады.

Онлайн ойындар көмегімен балалар ой-өрісін, логикалық ойлау мен шешім қабылдау жылдамдығын нығайтуға болады.

Қыздарға арналған онлайн ойындар

Ең кішкентай қыз балалар пазл құрастырып ойнай алады. Астында сурет құрастырылатын бөлшектер санын таңдауға болады.

Қыз балаға сонымен қатар тамақ дайындау тақырыбындағы ойын ұнау мүмкін.

Қыз балаға қуыршаққа түрлі киім таңдау мен киіндіру ойыны міндетті түрде ұнайды.

Балаларға арналған ойындар

Ұл балаларға көлік, атыс пен ұрыс ойындары ұнап жатады. Қайткенімен, қанша ұнап жатса да, оны ойнауға міндетті емес. Сонымен қатар, қазір Қазақстан мәдениеті мен салты бойынша көптеген ойындар болып жатқанда, осындай патриоттық ойын ойнауына болады.

Басты кейіпкер Қазақстанның даласын кезіп жүр. Бұл онлайн ойында сіз теңгені жинайсыз, Қазақстан жайлы көптеген жаңа ақпарат білесіз, түрлі бөгеттерден өтесіз.

-3
6491
2