• 52900
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мерейлі Мергенов

Егемен Қазақстан, 04.03.2014

Елордадағы қазіргі за­ман­ғы өнер мұ­ра­жайында Қа­зақ­станның халық сурет­шісі, шы­ғар­ма­шылығына Ре­сей, Ан­г­лия, АҚШ ғалымдары мен өнер­та­нушылары жоғары ба­ғасын берген атақты мү­сін­ші Ер­кін Мергеновтің жеке көр­­ме­сінің ашылу салтанаты өтті.

Еркін Мергенов Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің түлегі, В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының мүсін факультетін тәмамдаған тарлан. Алғашқы қадамдарынан бастап мүсіншінің жұмыстары өз заманынан озық тұрды. Оған жоғарыдағы оқу орнында өнерге деген сенімді, шығармашылық үмітті академик, өнер теориясының беделді тұлғасы, профессор Юрий Колнинский санасына сіңірген.

Алғашқы қызметті мектепте ұс­таздықтан бастаған жас су­рет­шінің еңбек жолы тарамда­лып келіп, Алматы театр және көркемсурет институтында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор дәрежесіне жеткізді. Әр жылдары Қазақстан Суретшілер одағын, қазақстандық «Қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің Сорос-орталығын» басқарды. КСРО халық депутаты болып сайланды.

«Қазақ модернизм классигі, мак­сималист» атанған көрнекті суретші Қазақ КСР-іне еңбегі сің­ген өнер қайраткері Еркін Мер­генов «Платиналы Тарлан» тәу­елсіз сыйлығының лауреаты, Ха­лық­аралық суретшілер одақтары конфедерациясы кеңесінің тұрақты мүшесі, көптеген мақала авторы. 2010 жылы әлемдегі биік дәрежелі оқу орындарының бірі Оксфорд уни­вер­ситетінде (Ұлыбритания) кол­ледж студенттері мен мұға­лім­деріне дәріс оқып қайтқаны бар.

Қылқалам шебері жөнінде АҚШ Стэнфорд университетінің докторы, славян тілі және әде­биеті кафедрасының аға ұстазы Нариман Скаков: «Суретшінің жасампаздық күш-қайраты туын­датқан шығармалары түрлі сала­дағы: тарих, дін, философия, әде­биетте соны шығармалар жазуға ықпалын тигізді. Ол ұсынған тақырыптар терең ойларға қоз­ғау болды», десе, мүсіншінің шығар­машылығын толыққанды зерт­теп жүрген мәскеулік сыншы Алим Сабитов: «Е.Мергенов – екі мәдениеттің суретшісі. Оның көп­теген жұмыстары ХХ ғасырда орын алған еуропалық пластиканы жай ғана зерделеуге жатады. Бірақ негізгі тақырыбына келгенде көкейкестілігі басым тұрады. Дала мәдениеті, Шығыс өркениеті бөлекше көрініс табады. Еркін Мергенов әрқашан өзгеше жұмыстарымен өз заманының озық болуы саналады. Кеңестік бейнелеу өнерінің бағаланбай қалған классигі және жаңа Қа­зақ­станның «ашылмай қалған» ал­ғашқы мүсіншісі», деген баға берді.

Ол заманымыздың, еліміздің абыройын өнер тілінде асқақтатып келеді. Оның рухы мықты ұлттық шығармашылығы қазақ бейнелеу өнерінде жаңа бағытты айшықтайды.

Еркін Тілекұлының Алматыда Ренато Гуттузомен кездесуі, мүсіншілер – Кремер, Барлах, Манцу, Джакометти, Майоля, Роден туындыларына тереңінен бойлауы, әріптестермен шығар­ма­шылық қатынастары шебер­лігін шыңдап, тың ізде­ністерге бас­тады. 1959 жылдан ол респуб­ликалық, бүкілодақтық, халық­аралық көрмелердің Қазақ­стан­дағы, Германия, Өзбекстан, Ре­сей, АҚШ және басқа елдердегі бай­қау­лардың ұдайы қатысушысы бол­ды. Оның жеке көрмелері Ригад­а (Латвия), Мәскеуде, Санкт-Петер­бургте (Ресей ), Киевте (Украина), Біш­кекте (Қырғызстан) өтті.

Мүсіншінің шығармалары Третьяков галереясында (Мәскеу), Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінде, Қыр­ғызстанның, Украинаның, АҚШ-тың, Германияның және басқа елдердің Халықаралық суретшілер одақтарының конфедерациясының көркемсурет қорының кол­лекцияларында сақталған. Соны­мен бірге, Третьяков галереясында Е.Мергеновтің монографиялық коллекциясы жинақталған. Га­лерея директоры Ю.Королев ол туралы: «Жоғары деңгейдегі маман, мүсіндік материалдарды жетік меңгерген қажырлылық суретшіні ерекшелейтін қасиеттер. Бұл оның шығармаларын жоғары көркемдік дәрежеге көтерді десек, артық айтқандық емес. Ойлау жүйесінің кеңдігі және тереңдігі, ұлттық рухты қабылдаудағы өзгешелігі, заман ағысын өткір сезіне алуы және хас шеберлерге ғана тән көріпкелдік дарын – Еркін Мергеновтің шығармашылығын әлемдік өнер құбылыстарының қатарына алып келді», деп пікір білдіруі оның талантына берілген баға екені сөзсіз.

Отандық және әлем мә­дение­тінің дамуына және дәстүрлерінің жандануына, өнердегі жаңа стилдер мен бағыттардың дамып, қалыптасуына қосқан үлесі үшін Ресейдің шығармашылық одақтарының А.Пушкин атындағы алтын медалімен марапатталды.

Астанадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында ақпанның соңынан бастап сәуір айының ортасына дейін болатын мәдени құндылығы зор «Еркіндік» атты бұл көрмеде автордың 1968 – 2009 жылдар аралығын қамтитын 15 өнер туындысы қойылыпты. Көрменің атауы суретші шы­ғар­машылығының идеясын біл­ді­реді. «Еркіндік» – бұл өмірлік ұс­та­нымы, азаматтық позициясын анықтаған ой-пікірі, дәстүрлі тақы­рып­тардың өнер әлемінде көрініс табуы.

Мұражай коллекциясындағы «Неке» және «Таң» жұмыстары көз жауын алады. Көрмеге автор­дың «Шеңбер», «Махамбет», «Се­зімталдық», «Ағаш үні», «Кеш», «Жамал», «Сәби жылы», «Дала­дағы талтүс», «Екеу. Қозы Көр­пеш және Баян Сұлу», «Неке-11», «Қуа­ныш», «Бөбектер жылы», «Бәй­терек даусы» т.б туындылары қойылған.

Сонымен бірге, алюминийден сомдалған үш жұмысы ерекше қызығушылық танытады. Ондағы «Курос» пен «Сезіну» жұмысы туралы жазушы Александр Немзер эссе жазса, «Сезінуге» Оксфорд уни­верситеті Магдален колледж докторы, кино эстетикасы және француз әдебиетінің мұға­лімі Рейдар Дуэ, «Эко» жұмы­сына Бри­тан Колумбиясы уни­вер­ситетінің, Канаданың метафизика, эстетика және философия саласында қызмет атқарушы доктор, философия пәнінің мұғалімі Брэдли Мюррей де тұшымды пікір білдірген.

Мүсінші ретінде негізгі жұ­мыс­тарын қола мен алюминийден жасағанын көресіз. Ол тура­лы: «Алюминийден де түйін түюге болады. Оны жұмыс барысында түсіндім. Ал күмістің жөні бөлек. Себебі, күмістің сыр-сипатын хал­қымыз ежелден білген. Тереңнен тар­тып небір өлмес туындылар жасаған. Біз соған жаңа әр беру­деміз», дейді мәртебесі мерейлі Мергенов.

Алдағы бір жарым ай бойы кө­рер­меннің көзайымына айналар көрменің ашылу салтанатын­да Қазақстан Суретшілер ода­ғы­ның төрағасы Байтұрсын Өмір­беков, Сенатор Светлана Жалма­ғам­бетова, Астана қалалық Сурет­шілер одағының басшысы Қоңыр Мұ­хамедиев, Астана қаласы қазір­гі заманғы өнер мұражайы дирек­торы Нелли Шивриналар сөз сөйлеп, қылқалам шеберінің шығар­машылығы төңірегінде ой толғап, пікір білдірді.

Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
Суреттерді түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

МК РК Mki_gov
4 марта 2014, 17:23
276

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 22690
  • 28
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10866
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10251
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 7410
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7033
  • 19
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5630
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5109
  • 35
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5265
  • 88
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4560
  • 4