место в рейтинге
  • 55379
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Бабалар сөзі» қазақ фольклорының 100 томдық топтамасының тұсаукесер рәсімі туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалған 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Шараның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай фольклорын қалың жұртшылыққа, ел-жұртқа толықтай таныстыру, фольклорымыздың түр жағынан да, мазмұн жағынан да, жанрлары мен көркемдігі жағынан да баға жетпес асыл мұрасын бүкіл жаһанға паш ету.

Қазақ фольклоры – халықпен бірге жасасып келе жатқан зор руханият. Ол – қазақ қоғамы үшін бұрын да, қазір де үлкен мәдени, тарихи тағылымға толы танымдық рөл атқарушы рухани күш. Баяғы дәстүрлі қоғамда фольклор  әрі әдебиеттің, әрі өнердің, әрі педагогиканың қызметін атқарған. Сол себепті фольклорда қазақ этносының дүниетанымы, философиясы, этикасы, эстетикасы, тарихы айшықты да анық көрініс тапқан.

Фольклор – тек мұра ғана емес. Ол – қазіргі рухани мәдениетіміздің қайнар көзі және ажырамас бөлігі. ХХ ғасырда туып, дамыған профессионалды өнеріміз бен әдебиетіміз осы фольклордан нәр алған. Өткен жүзжылдықта классиктеріміз Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, бүгінде Әбіш Кекілбайұлы сынды атақты қаламгерлеріміз фольклор сюжеттері мен мотивтерін асқан шеберлікпен өз шығармаларына арқау еткені белгілі. Театрымыз да, киномыз да осы фольклордан сусындағаны тағы аян.

Алайда, осыншама құнды руханиятымызды жариялау мен зерттеу ісінде ХХ ғасырда, Кеңес өкіметі кезінде сыңаржақ, солақай идеология мен саясаттың кесірінен көп қателік орын алды. Небір жауһарларымыз «халыққа жат», «байшыл, діншіл, ұлтшыл» деп бағаланып, оларды жарыққа шығаруға, ғылыми тұрғыда зерделеуге тыйым салынды. «Таптық», «атеистік», «интернационалдық» принциптерінің салдарынан бүкіл діни дастандарымыз, көптеген тарихи жырларымыз, халық нанымы мен сенімдеріне байланысты туған шығармаларымыз жабулы жатты.

Рас, қазақ фольклорының үлгілері Кеңес өкіметіне дейін де, Кеңес өкіметі тұсында да жарыққа шығып жатты. ХІХ ғасырда В. Радлов,
Г. Потаниндер, И. Ильминский, В. Катаринскийлер біздің фольклорды жеке жинақ етіп те, жеке кітап түрінде де жариялады. Бірақ олар әр мақсатта жинағандықтан фольклордың жекелеген шығармаларын ғана қамтыды. Радлов пен Потанин ғылыми мақсат қойып, фольклордың әр жанрынан жекелеген шығармаларды бастырса, Ильминский мен Катаринскийлер миссионерлік мақсатта жариялады.

Кеңес өкіметі кезінде де көп уақытқа дейін фольклор сериялы түрде жарияланған жоқ. Жекелеген жинақтар, кітаптар болды. Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т.б. фольклор шығармаларын арнайы том немесе жеке кітап түрінде жарыққа шығарды.

Қазақ фольклорының үлгілерін тұтас серия түрінде жариялау 1950 жылдардың ІІ жартысында басталды. 1958 жылы 7 кітапша болып, содан соң үлкен том түрінде 4 батырлық жыр, 3 ғашықтық жыр жарық көрді («Алпамыс батыр», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан»). Осы шығармалар жеке де, бірге де 1980 жылдарға дейін үнемі қайталанып шығып жүрді.

Ұлттық фольклорымызды көп томдық етіп жариялау ісі тек өткен ғасырдың сексенінші жылдары қолға алынды, бірақ онда да фольклорды толық күйінде шығару мүмкін болмай, 17 томмен аяқталды.

Фольклордың бағы Тәуелсіздік жылдары жанды. Президентіміз           Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында ұлттық фольклорымыздың басым көпшілігі біртұтас серия түрінде «Бабалар сөзі» деген атаумен 100 том көлемінде жарыққа шығып отыр.

Мәселен, батырлық жырдың өзі – 20 том, тарихи жыр – 13 том, діни дастандар – 7 том, хикаялық дастандар – 13 том, ғашықтық дастандар –
8 том, ертегілер – 5 том болып шықты. Бұлар – ірі жанрлар. Шағын жанрлар   1-3 томнан тұрады. Осыншама қыруар еңбекті абыроймен атқарған –     М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Астанадағы «Фолиант» баспасы. Дәлірек айтқанда, аталмыш институт мамандары алыс-жақын шетелдерден жиналған және Институт қорында қашаннан жинақталған қыруар қолжазбаларды сұрыптап, жүйелеп баспаға ұсынса, «Фолиант» баспасы сол еңбектерді жоғары кәсіби шеберлікпен, заманауи талап-талғамға сай көркем де келісті кітаптар етіп жарыққа шығарды.

Фольклор барлық елде бар. Көптеген ел оны жинап, жариялап, зерделеуде. Алайда дәл 100 том етіп, ұлттық байлықты бір жерге топтап, жүйелеп, ғылыми шарт негізінде текстологиялық жұмыс жүргізіп, академиялық басылым ретінде 100 том етіп жарыққа шығарған мемлекет әлі жоқ. Кейбір ТМД елдерінде енді басталып жатыр.

Тұсаукесер Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Фольклор секциясының жетекшісі, академик Сейіт Қасқабасов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанов, Түркі академиясы президентінің кеңесшісі Шәкімшәріп Ыбраев, түркиялық фольклоршы-ғалым Надзе Илдус ханым, ирандық фольклоршы-ғалым Жаһангир Карини сөз алып, ұлттық мәдениетіміздің әлемдік деңгейдегі осынау теңдессіз жобасы жайында пікірлерін ортаға салды.

Шараға Парламент депутаттары, министрліктің басшылары мен мәшһүр ғалымдар, атақты жазушылар, ақындар, белгілі қоғам қайраткерлері мен оқырман қауым қатысты.

Тұсаукесер аясында «Мәдени мұра» бағдарламасы Қоғамдық кеңесінің «Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» секциясының жетекшілігімен шыққан кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

 
МК РК Mki_gov
20 февраля 2014, 14:08
2075

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12719
  • 26
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 7860
  • 98
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 6172
  • 5
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 5785
  • 34
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4482
  • 47
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
сегодня / 9:15
  • 3697
  • 27
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4172
  • 20
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3846
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3635
  • 15