• 3561
  • 6
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өз бизнесінің билеушісі — Қуанышбек

«Universal Start UP» брендтік компаниясының тасын өрге домалатып жүрген Қуанышбек Ерниязов үстіміздегі жылы жас кәсіпкерлер арасында өткізілген байқаудан «жылдың ең жас кәсіпкері» номинациясын жеңіп алды. Еліміздің «Форбес», «Қазақстан ZAMAN» т.б. экономикалық-іскерлік басылымдары Қуанышбектің бизнесіне қызығушылық танытып, ол туралы жарыса жазып келеді. Сұхбаттасудың сәті түсіп, онымен әңгіме барысында бүгінгі қазақ жастарының арасында да өзгеше ойлайтын, лидерлік қабілеті жоғары, «мемлекет маған емес, мен мемлекетке не беремін?» деп жүрген жалынды жас кәсіпкерлер бар екеніне тағы бір көз жеткіздім.

Қуанышбек – өзіндік идеясы бар, ойлаған ойын жүзеге асыра алатындығына толықтай көзі жететін, өзіне деген сенімі айтарлықтай күшті, жігерлі әрі қайратты жас кәсіпкер. Адам бір күнде кәсіпкер болып, өз ісін бірден өрге шығарып кетпейді. Ол үшін белгілі бір уақыт аралығында тәжірибе жинап, нарықтың заңдылықтарын үйреніп, жатпай-тұрмай білім алуы қажет. Жасынан ғылым барын ескерген Қуанышбек те мектеп қабырғасында-ақ үздік оқып, аудандық, облыстық олимпиадалардың, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған. Белсенділігімен, көшбасшылығымен көзге түсіп, өзі оқыған білім ордасының «президенті» болады.  Сол кездерден бастап оның бойына лидерлік қабілет дари бастайды.

2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және Бизнес жоғарғы мектебіне грантқа оқуға түседі. Студенттік өмірінде қоғамдық шараларға тікелей араласып, көптеген ұйымдардың жұмысын жандандырып, оны өзі басқарады. Екі жыл қатарынан «Ғылым әлемі» конференциясының жеңімпазы болып, өзінің білімділігін талай рет әшкерелеген. Жастар саясатын дамытқаны үшін университет әкімшілігі тарапынан көптеген дипломдармен марапатталды.

2012 жылы Мәскеу қаласында оқуға берілетін жолдаманы жеңіп алды. ТМД нанотехнологиялар халықаралық инновациялық орталығында, «Сколково» бизнес мектебінде, Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті экономика факультетінің инновациялық кәсіпкерлік лабораториясында білімін толықтырып, шеберлігін шыңдай түседі. Дәл осы жылы «Universal Start UP» компаниясының негізін қалайды.

Қуанышбек бизнесін ерте бастайды. Ұлттық университетте ғана емес, бүкіл Қазақстанда да студенттердің өз ісін бірден бастауы сирек кездесетін құбылыс. Яғни, бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін үлкен қадам. 2012 жылдың 17-мамырында ресми түрде «Universal Start UP» компаниясы дүниеге келді. Қазіргі таңда бұл компания қарыштап дамып келеді. Имидждік және сувенирлік тауарлар шығару ісі толықтай жолға қойылған. Компания өзі құрылған жарты жыл ішінде ақша  айналымын 7 млн теңгеге жеткізсе, бір жыл ішінде 100 мың доллорға өсірген.  Бұл компанияда қазірде 15-ке жуық адам жұмыс істейді.

Компанияның атауы идеологиялық түрде жасалған. Біріншіден,  компания «Старт ап» ретінде қызмет атқарады. Мұндағы «Up»  жылдам, тез деген мағынаға ие. Қазір әлемде көптеген компаниялар (facebook,microsoft т.б.) аз уақыттың ішінде көтеріліп, алпауыт корпорацияларға айналып жатыр. Өз компаниясын да аз уақыттың ішінде алып корпорацияға айналдырғысы келген Қуанышбек дәл осы атауға келіп тоқталады. Ал,   «Universal» деген «әмбебап» деген мағынаны беретіні бәрімізге мәлім. Компания алдағы уақытта түрлі бағыттарға бұрылып, тағы көптеген жобалармен айналысатындықтан, бұл сөзді компанияның атауына кірізген екен. «Unіversal start UP» атауы дәл осылай дүниеге келген.

Ең қызығы, Қуанышбек өз бизнесін бар болғаны 100 000 теңгемен бастаған. Әрине, басында ҚазҰУ-дың кәсіподақ ұйымы көмек қолын созып, 300 000 теңге берген көрінеді. Бірнеше әріптес компаниялар сенімдерін білдіріп, өз символикаларын алдын ала төлемсіз басып шығаруға келісім береді. Алғашында қаржының жеткіліксіздігінен бар-жоғы 200 дана кеңжейдеге ғана тапсырыс беруге тура келген. Ол өнімдер сатылымға шығысымен-ақ, студенттер талап әкеткен. Сол кезде аз пайда көрсе де тәжірибесін шыңдаған Қуанышбек мұндай өнімдерге сұраныс өте жоғары екенін байқаған. Кейіннен түрлі оқу орындарынан оған тапсырыс түсе бастайды.

Бүгінде Қуанышбек компанияның ауқымын ұлғайтып, өнімдерін көбейтіп жатыр. Мысалы, бұған дейін шетелде киім тіктірсе, енді өздерінің тігін цехын жабдықтағанын айтады. Сонымен қатар, жуық арада 3D mapping show, 3D голографиялық пирамида, виртуалды промоутер секілді жаңа қызмет түрлерін іске қосып үлгерген. Компания тұтынушылары қатарында ҚазҰУ, «Жас Отан» жастар қанаты, «Жас Ұлан» республикалық мектебі, «Рахат» медицина орталығы және стоматологиялық емханалар желісі т.б. ірі орталықтар, компаниялар, комерциялық ұйымдар бар. Компания өзінің ұшқан алтын ұясы ҚазҰУ-мен тығыз байланыста. Бүгінде ҚазҰУ қалашығынанда «Universal Start UP»-тің өз дүкендері бар.

Компанияның өнімдері әр кәсіпорынның өз идеологиясы болуына, өздерінің ұрандары, ұстанымдары болуына септігін тигізеді. Негізінен, брендтік өнімдер шығару АҚШ-та және Еуропа елдерінде бұрыннан жүзеге асып келеді. Ал, Ресейде қолданысқа енгеніне көп болмағанын Қуанышбек айтып өтті. «Universal Start UP» компаниясы әр университетті немесе кез келген ЖОО-ны, түрлі кәсіпорындарды өз алдына бір бөлек «бренд» ретінде қарастырады. Оның танылуы үшін өзіндік белгілерін, киімін, офистік және сувенирлік заттарын шығару қызметімен айналысады. Қуанышбек мұның артында үлкен идеология мен университеттік «рух» тұруы тиіс екенін айтады.

«Мысалы, ҚазҰУ-нің логотипі бар киімді киген студент өзін жоғары ұстап, ерекше сезінеді. Сонымен қатар, оның мойнына үлкен жүк артылады. Егер осы киіммен ізгі іс жасаса, сол оқу орнының беделі артып, жұрт көзінде ыстық ықыласқа бөленсе, керісінше бұзақылық жасаса, абыройы айрандай төгіліп, көпшілікке кереғар көзқарас тудырады. Төртінші курста оқып жүргенде көптеген студенттің университет логотипі бар киімдерді мақтанышпен киюге дайын екендігін, алайда мұндай өнімдердің мүлде кездеспейтінін біліп, жасырын сұраныстың бетін аштық. Осы ойды жүзеге асырмаққа аз партиямен кеңжейде (толстовка) тіккізуге бел байладық. Оның дизайны мен логотиптерін өзіміз дайындадық та, шетелде тіккізуді ұйымдастырдық. Өнімнің сапалы шығуына мән беріп, шетелге киім фабрикасына ұшып барып, өндіріс барысын бақыладым» - дейді ол берген сұхбатында.

Қуанышбектің кәсібі біздің қоғамымызға пайда әкеліп жатқанына нық сенімдіміз. Біріншіден, компания еліміздегі әрбір кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіподақтардың, басқа да компаниялардың имимджін көтеріп, олардың әрбірін «жеке бренд» ретінде қалыптастыру үшін қызмет етеді. Бүгінде елімізде танылып жүрген «брендтердің» аз екенін ескерсек, «Universal Start UP» компаниясы қажеттіліктен дүниеге келіп отыр. Қазірдің өзінде компанияның қызметіне сұраныс жоғары, ал алдағы уақытта бұл сұраныс еселене түсетініне жас кәсіпкер сенімді. Екіншіден, Қуанышбек компанияны құру арқылы басқа да өзі сияқты жастарға жұмыс тауып берді, оның компаниясы он беске жуық адамның күнкөріс көзі. Үшіншіден, компания мемлекетке салық төлейді, бюджет қоржынын ұлғайтады. Егер, елімізде әрбір жас азамат дәл осы Қуанышбек сияқты қоғамға пайда келтіретін болса, бізідң мемлекет әлдеқашан ең дамыған мемлекеттердің қатарында жүретін еді. Бұл сөзсіз.

Қуанышбек – жауапкершілігі жоғары кәсіпкер. Ол өз мойнындағы жауапкершілікті еш уақытта басқа біреудің мойнына жүктемейді. Ол «Мемлекет маған не береді?»деп қол қусырып қарап отырмайды, керісінше, «Мен мемлекетіме не беремін?» деп ойлауға бейім тұрады. Сондай-ақ, ол өзіне талап қойғыш. «Жас кәсіпкердің мінез-құлқы қандай болу керек?» деген сұрақты қойып едік, қанағаттанарлық жауап алдық. Қуанышбектің айтуы бойынша, бүгінде жас кәсіпкерлер, ең бірінші, өзінің жеке бизнесін бастаудан ешқашан «қорықпау» керек екен.  Сонымен қатар, бастаған ісін қандай қиыншылықтар көрсе де орта жолда тастап кетпеу керектігін ескертеді. «Кәсіпкер» үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Нарықтағы әрбір өзгеріс оның бақылауында болуы тиіс» - дейді ол өз сөзінде. Өз бизнесін құрып, аз ғана уақытта компаниясын биіктерге көтере білген Қуанышбек еңбексүйгіштік, адалдық, отансүйгіштік сияқты ізгі қасиеттерді берік ұстанады.

«Идея бәрінде бар. Бірақ, мәселе идеяда емес, оны кім, қалай жасайтындығында. Бізде де талай бюрократиялық проблемаларға жолықтық, талай қиындықтар болды, талай құладық. Бірақ, құлаған күйі жатып алған жоқпыз, орнымыздан қайта тұрдық. Ол үшін бар мүмкіндікті пайдаландық» - дейді Қуанышбек. Сосын компанияның мықты болуы команданың мықты болуына тікелей байланысты екенін, компаниядағы әрбір кадрдың өзіндік орны барын айтып өткен директор өзінің жұмысшыларына жоғары баға берді.

Қуанышбек еліміздегі болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге кері қарамайды. Бір күн емес, бір күні мұнай таусылған кезде, еліміз ойсырап қалуы мүмкіндігін ескертеді. Ол үшін қазірден елімізде кәсіпкерлік саласын дамытып, әр бір жас азамат өз бизнесінің лидері болуы керектігін айтады. Ол: «Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға билік тарапынан мән беріліп, миллиондап қаржы бөлініп жатқаны рас. Өкінішке орай, қазақ қоғамындағы жемқорлық, тамыр-таныстық сол қаржының тиімді жұмсалуына кедергі келтіруде» - дейді. Ал, өзі бір емес бірнеше рет барған Мәскеуде бизнестің қыр-сырын меңгеріп, елге пайдасын тигізіп жүрген  кәсіпкерлердің басым бөлігін жастар құрайтынын  қызығушылықпен жеткізді. Расында, жас кезінен кәсіп ашып, өз бизнесінің «билеушісі» болып жатқан жас азаматтар біздің елімізде аз. Бұл қазақ бизнесінің бір кемшілігі.

Бәсекелестік болмаған жерде «даму» болмайды. «Universal Start UP» компаниясы имидждік, брендтік өнімдерді өндіретін Қазақстандағы бірден бір кәсіпорын. Шетелдік компанияларды ескермегенде Қуанышбектің компаниясы өнімдері бойынша еліміздегі нарықта жеке билеуші. Ол өз сөзінде өзінікінен де сапалы өнім шығаратын, дәл өзіндікіндей бәсекелесетін компания дүниеге келіп жатса, оны қуана қабылдайтындығын жеткізді. «Ресесйде 6 млн-нан астам студенттер бар. Ал, Қазақстанда жарты миллионға әрең жетеді. Қазірде біздің негізгі тұтынушыларымыз студенттер. Былайша айтқанда, бізде нарық тар болып тұр. Соған қарамай бәсекелесетін өзге бір компанияның болғаны бізге тиімді. Біз олардан озу үшін дәл қазіргіден екі есе, үш есе жұмыс жасауға тырысамыз. Бәсекелстердің болуы бізге «мотивация» береді» - деген пікір танытты. Расында, бәсекелестің болуы нарықта нанды бөлісіп жеумен бірдей. Қуанышбектің бұл жауабы бізді таңдандырды.

 

«Қазақстан ZAMAN» экономикалық-іскерлік газеті Қуанышбек Ерниязовқа  «селфмэйдмэн» (self made man – өзін-өзі қалыптастырған адам) деген атақ береді.  Өз ісін нөлден бастап, аз уақыттың ішінде бақуатты және құзыретті тұлғаға айналып, арманын шынға айналдыра алған Қуанышбек бұл атаққа әбден лайық екеніне оқырманның өзі баға берсін!..

Дінмұхамед Аязбеков


9 февраля 2014, 18:37
911

Loading...

Комментарии

Жазба сәтті шыққан! Кейіпкеріңді өте ұтымды таңдапсың
рахмет!.. Сәттілікке емес, шеберлікке сену керек...))
Үлкен рахмет) Керемет шыгыпты)

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 30002
  • 81
«Мурашки по коже». Выступление Димаша Кудайбергенова впечатлило иностранцев

«Мурашки по коже». Выступление Димаша Кудайбергенова впечатлило иностранцев

21-го января сообщество "Казахстан разместило на своей странице фейсбук видео с выступлением Димаша Кудайбергенова c песней "S.O.S" на китайском конкурсе Singer 2017.  Данное видео стало вирусным...
Levlion999
15 февр. 2017 / 15:06
  • 23560
  • 5
Келин XX века vs келин XXI века. Если сейчас легче жить, то почему разводов стало больше?

Келин XX века vs келин XXI века. Если сейчас легче жить, то почему разводов стало больше?

Часто слышу от пожилых «апашек» слова разочарования, когда они в очередной раз узнают новость про развод семьи. В основном рассуждения начинаются с фразы «біздің кезімізде»...
socium_kzo
15 февр. 2017 / 15:47
  • 6522
  • 82
«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

"Как вы относитесь к мужчинам, которые в 25+ еще живут с родителями?". Опрос, который набирает популярность в соцсетях. Хотелось бы узнать, что же думаете вы по этому поводу?
Muchacho55
15 февр. 2017 / 18:51
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 4715
  • 29
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 4288
  • 4
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 февр. 2017 / 14:45
  • 3542
  • 23
Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Просьба отключить режим высокой морали и узколобия, а внять советам, дабы сделать немножко счастливей и свою жизнь, и жизнь партнера. Всем уят! :D
kami_princesska
16 февр. 2017 / 11:39
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3008
  • 43