• 64781
  • 12
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сезім. Сана. Секта

Айнұр такси тоқтатты. Сіңілін құшағынан жіберер емес. Екеуі де жылап отыр.

-                    Неге менімен болды осындай жағдай. Мен адам тани аламын ғой, мен алданбайтын өжет едім ғой. Мұндай болуы мүмкін емес еді! - дейді. Мен бәрін білетін адаммын, неге осындай жағдай болды, - деп жылап тағы сұрайды.

-         Сен ештеңе білмейсің, айттым ғой саған, Астана үлкен қала, мұнда абай болу керек. Ақылды қасқыр болу керек. Гүлдей нәзік болсаң да, тастай берік болуың керек! - деп тоқтай қалды. Жарасына тұз сепкендей болмайын деп құшақтап, үнсіз ойланып отырды.

***

Апалы – сіңілі Сәуле мен Айнұр қаны бір болғанымен, болмысы бөлек. Айнұр жеке-дара жүріп төселген, сырт көзге өте сезімтал, нәзік, бірақ көп нәрсеге шыдамды. Ал Сәуле болса керісінше, ерке, шыдамсыз,  құжаттармен анасы, керек-жарақтарымен әкесі жүгіріп, інісі екеуі жарыса еркелеп студент болған сылқым. Оқуын бітіріп, Астанаға келгеніне әлі 2 ай да толмаған.

-         Астанаға жұмысқа келгенім жақсы болды. Енді мамама, әкеме көмектесемін. Сен ерте күйеуге тиіп кеттің, кеткенде де, алысқа кеттің. Енді мен асықпай тұрмысқа шығамын, - деді сіңілі Сәуле.

-         Дұрыс. Мен бірақ өкінбеймін, сүйген адамыма шықтым, балам бар, армандаған жұмысымда істеймін...

-         Ал мен кейін Астанада жақсы жұмысымен қоса не үйі, не машинасы бар адамды ғана таңдаймын. Сендер секілді пәтерден пәтерге көшіп, қиналып жұмыс істеп, ақшамды жеткізе алмай жүргім келмейді.

-         Сәулетай, сен әлі ештеңе түсінбейсің. Мамам мен әкемнің қасынан шықпай, қиыншылық көрмегенсің. Ал мен Мамамдар алаңдамасын деп оларға айтпай мында күндіз оқу оқып, түнде жұмыс істедім. Қадірін білем еңбектің. Тұрмысқа шыққан соң да баламен жүріп диплом жазып, тәжірибеден өткем. Ал сен еркелігіңді әлі тыя алмай жүрсің.

-         Иә, мен сенің орныңда шыдай алмас едім,білем. Сол үшін мен жақсы жұмысы бар, үйі мен машинасы бар жігітке тұрмысқа шығу керекпін.

Күндер зырғып өтіп жатты. Жұмысына барып-келіп жүрген Сәуле бірде Самат есімді жігітпен танысқанын айтты.

-         Астанада үйлері бар екен, 3 бөлмелі. Өзі отбасында ең үлкені, машиасы да бар. Жақсы жұмыс істейді. Шымкенттікі. Өзбекстаннан келген бала күнінде. Бірақ Астанада тұрғандарына көп болған- деді.

Айнұр жымиып қана күлді.

-         Ол мені киноға шақырды. Кинодан соң мейрамханаға апаратын шығар. Ертең жұмыстан соң кеш келемін...

Айнұрдың жүрегі дір етті. Өзіне әлі кішкентай көрінетін сіңілін қызғанды. Алаңдады. Біртүрлі қобалжи бастады да, мән бермей салқын сабырмен

-         Сәуле, үйі бар, машинасы бар деп қызықпа. Адамгершілігіне қара, тегіне қара деп айта бергені сол еді, ерке сіңілі ренжіп:

-         Қойшы сен де, романтикаңды айтпай. Мен ақшасына қарап, ақылына қарамай қоймаймын ғой. Ақылды, мінезі жақсы, бірақ не машинасы, не үйі бар жігітті таңдаймын, - деп нүкте қойды.

Сәуле тым өзгеріп кетті, Күнде кездесуге шығатын болды. Телефонын тастар емес. Үйге кеш келетінді шығарды. Телефон шалып әпкесі шақырып алса, ренжиді, бұртияды. Бір күні телефонмен «мен Саматтың үйіне оның жеңгесімен танысуға барамын»,- деді. Айнұр жібермеймін деп әлек салғанымен, болмады. Барды. Келгенше әпкесі тыным таппай, күтумен болды.

Ал бір күні...Бір күні күтпеген жағдай... ол кездер қорқынышты түстей болған еді. Есіне алса сан сауал санасын сергелдеңге салады. Жұмысынан шыққан сіңілі әлі жоқ. Телефон шалса көтермейді. Түнгі уақыт шамасында бір әйел алып: «біздің ұл оны сүйеді екен. Үйленбесем болайды деді, қыздарыңызды алып қашып келіп отыр, өзімізге де күтпеген жағдай болды», - деп сөйлеп жатыр. Айнұрдың көзі қарауытып, есі шығып кетті. Ашудан булығып, айғайлып, ұрсып жатыр. Не айтып жатқанын өзі де білмейді. Жылап тұрып мекен-жайын сұрады, күйеуі екеуі қасына достарын ертіп артынан барды.

Айнұр баса-көктеп кіріп, үлкеніне де, кішісіне де ұрсып, сіңілін жағадан алып ұрып, ешкімді тыңдар емес. Сәулеге әкеміз бұны қалаған жоқ, өзің де жұмыс істеймін деп жүрген едің ғой, бір ай танитын адамға күйеуге шықпақ ойың бар ма деп жүрегіне тиетін сөздер айтып, өзімен алып алды-артына қарамай кетіп қалды.

Ертеңінде сіңілі де, Самат та келіп, кешірім сұрады. Бірақ АХАЖ бөліміне өтініш беріп қойған едік деді. Айнұр тағы ашулы. Долы жүзімен сен әлі өмір көрмеген адамсың деп ұрысып жатыр оған. Жігіті тағы алып қашты. Бұл жолы Көкшетаудан үлкен аға-жеңгесі барды. Кеше Айнұрдың барып алып кеткенін ешкім білмеді. Ренішін баса алмай, әпкесі бармады. Күйеуі кетті. Көкшетаулық жеңгесі түнде қуғыншы болып барып келген соң Айнұрға күдігін айтты:

-         Үйлері біртүрлі екен, енесі салақ па, біледім, жылулық жоқ, жүздері салқын. мен жаман сезімде болдым, алып кеткім келді. Бірақ өзім келдім деп басы айналып тұр ол қыздың, - деді жылап.

Айнұр не десін, жанына тигізіп те айтты, жүрегіне батырып та айтты, көндіре алмаған соң не қайыр. Жеңгесі де көңілсіз. Бір күдік бар бойларында. Не күдік ол? Сонша мазалаған...

Түнгі сағат 12-лер шамасында аға-жеңгесі жора-жолдастарымен кеткен еді.  Жезқазғандағы ата-ана да мең зең. Айнұрдың көзі ісіп, өн-бойы әлсіреп жүр. Телефон дауысы.. алды... түсінбеді...

-         Айнұр, мені алып кетші, мен қорқамын, - деген сіңілінің дауысын естіді.

-         Сәуле, өзің ғой тұрмысқа шығам деп асыққан, басың айналып, келін болу деген сол, сені онда ешкім еркелетпейді үйдегідей!!!-деп сөзін аяғына дейін тыңдамады.

Таңға жуық смс келіпті.

«Айнұр,кеше аға-жеңгем келгенде үйдегі бар заттарын тығып тастапты. Олар басқа дінді ұстанады екен. Ехоба.»

Көз алды қарауытып, қатты булықты. «Адамды танымастан неге күйеуге кеттің, ақымақ!» деп айғайлап, жылап жіберді.

Айнұр жұмысына барып Сәулені алып кетті. Таксимен қайда барарларын білмей, әкесінің інісіне, кешегі аға-жеңгелеріне бара жатқан беттері осы... Жылап отыр таксиде. «Мен оған тұрмысқа шыққым келмейді. Кеше қорықтым. Олар тамақ алдында шоқынып, маған да біздің дінді ұстануға міндеттісің деп айтты», -деп өксіп, қорқынышты оқиғасын айтып жеткізе алар емес. «Олар той тойламайды екен. Әнұранды да жаттатпаймыз дейді. Саматтың қарындастары 11 сыныптан соң оқуға да түспепті, олар ондайды құп көрмейді екен. Салт-дәстүрді ұстану жоқ бізде, қайдағы құдалық деп айтты маған. Тіпті тапқан пайдаңсының жартысын соларға береді, аптасына 3 рет жиналыстарына барады екен. Сосын..сосын..»,- деп өксігін баса алмай жылап жіберді. Айтуы бойынша «абысынының» баласын қырқынан да шығармаған екен, туған күн де тойланбайтын көрінеді.

«Алды-артыңды ойлау керек еді» дейін деп өзін ұстап қалды. Екінші рет алып қаштыруға жол бермей, сол кезде ата-аналарына айту керек пе еді деп те ойлады. Бірақ бәрібір олардың сектаның мүшелері екенін білмей, сіңілінің басы айналып жүре берер ме еді. Өкінеді. Таксиде отырған әпкелі сіңілінің екеуінің де ішінде өкініш. Сәуле ақшасын қайтейін, көзімді тұмшалалаған, дінсіз болып шықса деп жылап, іштегі өксігін, қорқынышын, азапты сезімін көз жасымен шығарғсы келеді. Ұмытқысы келеді. Ал Айнұр сіңілін қанатының астына алып қорғай алмадым деп өкінуде. Ата-анама не бетімді айтамын. Олар құда күтеміз деп дайындалуда. Маған сеніп тапсырып жіберген еді Астанаға. Түсінуін түсінер, ертең артынан еретін сөзге де тосқауыл қою қиынға соғады. Мен оны қорғай алмадым..

*****

Аға-жеңгесіне бәрін айтып берді. Әсіресе ағасы қатты ашуланды. 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған бұл діни ағым жайлы ұстаздар әулеті аздап хабардар. Жылағысы келді. Жеңгесі «Құдай сақтады қайта, оларда әкесі, қызы демейді, қандары шатысқан пәлелер деп естігем», - деп шошып отыр. Саматқа Сәуле Астанада қалса да, Жезқазғанға кетті деп айтылды. Телефон нөмірін 3 ауыстырды, Айнұрлар екі пәтерден көшті. «Сәулені сүйемін, өз-өзіме қол жұмсаймын деп қорқытып «Ата-анамның сектант болғанына мен кінәлі емеспін», - деп Самат жүр. Кім кінәлі сонда? Самат Сәуленің өзі де, отбасы мен туған-туыстары да оның сезімін тегінен жоғары санамайтынын түсінер емес. Бір қыздың жаны жараланып, болашақтан үміті үзілді. Бір әпке сіңілін қорғай алмадым деп түңілді. Бір аға қорған бола алмадым деп көңілсіз. Ал әке мен ананың жүрегі...

..............тілім-тілім....................

   
8 февраля 2014, 0:50
445

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться за рубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение в The University of Edinburgh и отправится в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11699
  • 11
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 6510
  • 65
Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 6054
  • 16
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5643
  • 20
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4297
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4790
  • 88
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3750
  • 14
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3332
  • 15
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых.
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 3185
  • 21