Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
13:49, 15 ноября 2013

Одинокий рейнджер

Blog post image

«Одинокий рейнджер» фильмінің режиссері Гор Вербински бұрынғы Американың тұрғылықты халқы индеецтердің қырылуын, билік басындағылардың жемқорлығын дәлме дәл етіп еш бояусыз, комедиялық тұрғыда көрсетеді. 
Фильм қызық оқиғалы вестерн, идеясы да жақсы, жоғары дәрежелі спецэфектті, экшн. Көруге жеңіл, әрі күлкілі.
Фильмнің басты кейіпкерлері – жас адвокат, кейін аты аңызға айналған Джон Рид (Арни Хаммер) пен индеец Тонто (Джони Депп). Өмірлері әртүрлі, бірақ дұшпаны бір бұл екеуінің шытырман оқиғалары Тонтоның әзілді әңгімесімен басталады. Жас адвокат прокурор болу үшін туған қаласына оралады. Осы арада аса қауіпті, өте зұлым қылмыскер адвокаттың көз алдында қашып кетеді. Джон өзінің ағасымен және рейнджерлермен қашып құтылған қылмыскер соңынан шығады. Бірақ қылмыскер Бутч өз тобындағы сотқарларды жинап, барлық рейнджерлерді өлтіреді. Ажалынан аман қалған Джонды Тонто тауып, әділдік орнату мақсатында екеуі бірігеді. 
Әрине бұл - алдын ала болжауға болатын фильм. Мұндайдың талайын көргенбіз. Мейлі Тонто үнемі басындағы өлі сауысқанды тамақтандырумен болса да, кинокритиктердің Депптің «Пираты Карибского морядағы» Джек Воробей рөлінен шыға алмады дегені, фильмге кеткен қып-қызыл ақшаның (215млн.$) әрең дегенде ақталғаны болса да, мен үшін бұл фильмді алға тартқан сол Тонтоның рөлі болған сияқты. Оның өлі адамның мүлкін меншіктену барысында құс қауырсыны секілді кез-келген жарамсыз затымен айырбастайтыны ұнады.

0
322
0