Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:36, 07 ноября 2013

poezdka v Astanu)


«Туған елге тағзым» (10-күн)

9 шілде,2013ж.

Бүгінгі күнімізді "Алжир" лагері,яғни "Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінен" бастау алдық.

Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы Қарағанды лагеріне қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.

Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.

Тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.

Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды.

Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды.

«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» аумағында қазір 4-5 қабат үйлері, дүкені мен клубы бар Ақмол кенті орналасқан. Ауылды кезінде тұтқындар отырғызған қалың терек қоршап тұр.

Кейін бұл жерге жер аударылғандар мен алғашқы тың игерушілер орналасты. Бірқатар тұтқындар осында қалып, жаңа өмір бастады.


2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені ашылған.

Бүгінде біз мұражайдан мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композицияны, сондай-ақ «Еске алу қабырғасын» көрдік . Мұражайдың экспозициялары өзіндік құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді. Бұл мұражайдан маған ең ұнағаны "Күрес пен үміт" мүсіндік композициясы.

Бұл мұражай, әрине,бәрімізді жан түршіктіріп жіберді.Осынау жерді көріп, айталық,көңіліміз түсті.

Енді,әрімен қарай,айталық,біз Астана орманына саяхаттап бардық. Бұл Астана орманы негізі 1998 жылы құрылған екен. Қазір үлкен орман болып, көркейіп жатыр.

Болашақта бұл орман ішінде көптеген демалыс орындары салынады делінді.

Бүгінде орман 65 мың гектар жерді алып жатыр.

Міне,бүгін "Алжир" мұражайына және де Астана орманына саяхаттап бардық. Бұл экскурсиямыз естен кетпестей өтті.

Осымен, біздің экспедициямыз аяқталып келеді. Ертеңгі күніміз біздің соңғы саяхатымыз. Ертең біз Алла қаласа, Назарбаев орталығына жол тартамыз. Сонымен біздің саяхатымыз аяқталады. Әзірше,көріскенше)

Blog post image
12 июля 2013, 23:54
31

«Туған елге тағзым» (9-күн)

8 шілде,2013ж.

Бүгін біз көркем әрі бай өлке, Қазақстанның Швейцариясы, жер жаннаты - Бурабайға аттандық.Ең алдымен,Бурабай жеріндегі "Табиғат" атты мұражайына бардық.Оның ішінде Бурабай жерінің макеті,фауна мен флорасы,тас-топырағын көріп,тамашаладық.Мұражайдан соң, мұражай жанындағы жануарлар паркін(зоопарк) араладық.

Бұл жерде мен мүлдем көрмеген жануарлар мен құстарды көріп, тамашаладым.Бәріміз фото-суретке түсіп,дем алып қайттық.

Сонымен, біз "Бурабай" атты мейрамханада түскі асымызды іштік.

Сөйтіп, Жұмбақтасқа аттандық.Жұмбақтас бейнесі әсем,көз тартарлық.Оның ауасы қандай тамаша!Маған өте ұнаады!Қуанышымызда шек жоқ.

Жалпы, Жұмбақтастың пішіні пирамида тәрізді,биіктігі 18 м. Жұмбақтастың бір жағынан қараса,қыздың бейнесі байқалады,ал қарама-қарсы жағынан қараса,мыстан кемпірдің бейнесі көрінеді.

Сонымен,Көкше тауға қарай жол тарттық."Хан тағына" барып,арман-тілегімізді тілеп,жеті рет айналып,орамал байладық. Таза ауада ,серуендеп, дем алып қайттық.

Мені сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар,Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы таң қалдырды.

Бүгінгі саяхатымыз жүрегіме сұлулық пен жылулық әкелді.Бұл саяхатымыз естен кетпес,әрине!!!

Көріскенше!!!)

Blog post image
12 июля 2013, 23:49
30

«Туған елге тағзым» (8 — күн)

Бәріне,бәріне сәлем!

Бүгін біз Қарағанды қаласына жол тарттық. Ең алдымен,біз Қарағанды қалысының Назарбаев Зияткерлік мектебіне бардық.Мектеп дәл өзіміздің мектебіміз секілді.Қызық болды...Бәріміз Қарағанды оқушыларымен амандасып,танысып кеттік

Мектепке кірген соң, алдымен, түскі ас іштік.Содан соң,спорт залына барып,жиналдық.

Бүгін бізде Ақтөбе-Семей-Қарағанды арасында спорттық сайыс өтті.Сайыс алдында флешмобымызды қаражорғаны биледік.Көңіл күйіміз -  керемет.

Сайыс кезінде біз қолдауды өте тамаша көрсете білдік. Мен бұл сайыста Ақтөбе жеңетіне күмәнім жоқ. Әр сайыс кезеңдерден сүрінбей өтіп жатырмыз.

Сөйтіп,көптеген сайыстардан соң,Жеңімпаз- менің ойымдағыдай шықты. Ол әрине, біз!!!Ақтөбе НЗМ жеңімпаз атанды. Бәріміздің қуанышымызда шек болған жоқ..!!!!!УУУУРРРРРААААААА!!!!!!!!!!!!!!!ААААЛЛАААҚҚААЙЙ))))

Бұл, әрине,біздің арамыздағы бірлігіміздың арқасы.

Осы күнде біз Қарағанды еңбекпен түзету лагеріне  жол тартқан болатынбыз.

Бұл - өте қорқынышты аумақ..

Қарағанды еңбекпен түзету лагері — 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты.

Қарағандының еңбекпен түзеу лагері 30-жылдары бір жағынан бұрынғы саяси партиялар өкілдері мен бай, кулактардан тұрса,екінші жағынан айыпты деп саналған жұмысшылар мен шаруалардан құрылған. Еңбекпен түзеу лагерінің негізгі мақсат-бағыты - тұтқындағылардың тегін еңбектерін пайдаланып, Сталиннің социализм құрылысы туралы бағдарламасын жүзеге асыру.

Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болған.
Гулаг лагерінің жұмысы ондағы адамдардың жағдайын қалайда қиындатып, моральдық және психологиялық тұрғыдан құртуға негізделген.

Қазірде,мұрағатта көптеген оқымыстылардың іс-қағаздары,заттары,құжаттары сақталған.

Осымен,біздің бүгінгі экскурсиямыз тәмәмданды.

Көріскенше!


Blog post image
12 июля 2013, 23:19
23

«Туған елге тағзым» (7-күн)

6 шілде,2013 ж.

Астана күні!

Бәріне сәәлем!!!

Бүгін Астана 15 жылға толып отыр.Осындай тамаша күнде біз Астана қаласында дем алып,серуендеп қайттық,яғни бүгін бізде экскурсия өткен жоқ.

Әр топ өзінің жетекшілерімен серуенге шықты.

Астана күнінде Астана қаласында халық толық.Әрине,осындай мерейтойда Астана халқы көтеріңкі көңіл күймен тойлауда...

Біз әр жерге барып, дем алып қайттық. Көптеген ойын-сауық кешендерге бардық.Мысалы: "Думан","Сарыарқа","Хан-шатыр","Мега Астанаға"...

Ауа-райы ыстық...

Көңіл -күйіміз көтеріңкі)

Бәрі де тамаша өтті!!

Келесі күнде Алла қаласа,біз Қарағанды қаласына жол тартамыз.Сонымен , ертеңгі күнге шейін)))Ертеңгі саяхатымыз тамаша өтеді деп сенімдімін...

Көріскенше)


Blog post image
12 июля 2013, 22:48
14

«Туған елге тағзым» (6-күн)

5 шілде,2013 ж.

Сәлеем!!!

Таңертеңгісін барлығымыз Ерейментау ауылына жол тарттық. Ерейментау жеріндегі ең алдымен,мұражайға кірдік. Қызығы,бұл мұражайдың директоры біздің ГИД-іміз Жылқыбаев Сайлау Қабыкенұлы болып шықты.

Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы жайлы айтып кетсем, бұл мұражай 1991 жылдың 28 шілдесінде Бөгенбай батырдың 300 жылдығы құрметіне ашылды. Оның келесідей бөлмелері бар:

- өлкеміздің өткен өмірі және табиғаты мен жануарлар дүниесі;

- қазақ халқының тұрмысы мен қолөнері;

- батырлар залы;

- аудан тарихы.

Мұражай 1948 жылы салынған төрт пәтерлік үйдің жартысын алып, 14 жылдай елге қызмет көрсетті. 2005 жылдан бастап жөндеу жұмыстары басталып, 15 желтоқсанда жаңарып, кеңейіп қайтадан жұмысқа қосылды. Енді көрерменді қабылдайтын төрт зал бар: палеонтология, археология, ел табиғаты, қазақ этнографиясы, батырлар залы және ауданының тарихы.

Мұражайдан кейін,жол бойында тоқтап, бәріміз бірге қаражорға билеп,ойын ойнап көңіл көтеріп қайттық.Күніміз тамаша өтті.

Көріскенше!!!

Blog post image
12 июля 2013, 22:39
22

«Туған елге тағзым» (5-күн)

4 шілде,2013 ж.

Сәлеметсіздер ме,блог - қатысушылар!!!

Мен тағы да өзімнің экспедициямен сіздермен бөліскім келіп тұр.

Бүгінгі күнді айтатын болсам,бүгін біз Родина деген ауылға аттандық.

"Родина" атты сүт зауытына жол тарттық. Ең алдымен,зауыттың бас директорымен кездестік. Директордан сұхбат алдық. Содан соң, негізгі сүт зауытына жол тарттық. Маған бұл жердегі тазалығы қатты ұнады.Сүт зауытына менің алғаш баруым еді.Мені қызықтырды. Зауыт ішіне кірген соң,біз сыртынан жұмысшылардың қалай сүт дайындап жатқанын,өңдеп,тазалап жатқанын өз көзімізбен көріп,тамашаладық.Жалпы мекемеде 20 жұмысшы жұмыс жасайды екен.Олардың сүт өнімдері өте дәмді. Оны қалай білемін десеңіз, олар бізге сүт өнімдерімен бөлісті.

Сонымен, біз қайта жолға шықтық. Келесіде біз Бөгенбай батырдың ұрпағының үйіне жолықтық. Мені тағы да қызықтыра түсірді. Ұрпағында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып сақталған Бөгенбай батырдың дулығасы сақталып қалған екен. Дулығаны аталары сеніммен қалдырған екен. Сондықтан, оны мұражайларға жібермеген екен. Өйкені,бұл аса құнды жәдігер.Сөйтіп, осы дулығаны көріп,ұстап, ағамызға алғысымызды білдіріп қайттық. 
Сонымен,біздің 5 - күніміз осымен аяқталды. Әлі де қызықты экскурсиямыз алда!!!)

Көріскенше!!!

Blog post image
12 июля 2013, 21:51
22

«Туған елге тағзым» (4-күн)

3 шілде,2013 ж.

Тағы да бәріне сәлеем!!!

Бүгінгі экспедициямыз тамаша өтті.

Біз бүгінгі күнді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен бастадық.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен құрылды.

Ең алдымен, біз "Жазу тарихы" музейіне бардық.Бұл музей 2003 жылдың 18 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылды.

"Жазба тарихы" музейінің басты мақсаты - көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихын көпшілікке жеткізу.Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері - әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары. Музей экспозициясындағы жәдігерлер мен олардың фотоқұжаттық нақты көшірмелері түрколог ғалымдардың қажырлы еңбектері арқылы түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіре отырып,Отанына деген патриоттық сезімін,өз ана тіліне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырады.

8 - ғасырдағы Күлтегін ескерткіші - түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени тарихының жемісі. Орхон ескерткіштері ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының бірі. Жазбада тарихи оқиға баяндалады.Ескерткіш Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километрге жуық жердегі Көкшин Орхон өзені бойындағы Қошо-Цайдам ойпатындағы Қарабаласағұн деп аталатын ескі қорғанның 40 км. Солтүстігіндегі Эрдени-Цзу монастыры маңында орналасқан. Оны алғаш тауып,ғылым әлеміне мәлімдеуші- орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді. Оның биіктігі 3,15, ені 1,24, қалыңдығы 0,41 м. Ескерткіштің жоғары жағы бес бұрышты. Оның қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағында ескерткіштің орнатылған күні - 10тамыз,732 жыл деп жазылған.

Ескерткіш бетіндегі қытай жазуы 732 жылы қытай императоры Хиуен-Цунг тарапынан берілген.Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол жазу "Үлкен жазу" деп, ал 13 жол жазу - Кіші жазу деп аталады. Кіші жазу,сол үлкен жазуға кіріспе түрінде.

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан - даниялық ғалым Вильгельм Томсен (1893 жылы). Кейін оны орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан елдерінің зерттеушілері қосылды. Кейде "руна жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсеннің ең алғаш рет оқыған сөздері "түрк" және "теңрі" екен.

Я верю в нашу молодежь. Уверен, ваши знания, ваша энергия и ваш труд будут работать на построение сильного и процветающего Казахстана.

Н.А.Назарбаев

Еуразия қос құрлығында жүздеген,тіптен мыңдаған тас ұстындарға мәңгі өшпестей болып қашалған байырғы түрктердің бәдіз/рун/жазба мұралары адамзат өркениетіндегі ең асыл айғақтардың бірі. Бұл ескерткіштерді төл мұрасы ретінде исі түрк халықтарымен бірге қазақ халқы да  орынды мақтан тұтады. Біздің ұлы бабаларымыз Бумын,Естеміс,Құтлұқ,Қапаған,Білге сияқты қағандардың,Тонықұқ,Жолығ Тегін сияқты ақылгөй даналардың ,Күлтегін сияқты ұлы қолбасша батырлардың есімдері сол замандағы әлемнің небір айтулы тұлғаларының есімдерімен әбден қатар тұра алады,олардың атқарған істері ешкімнің де атқарған істерінен артық болмаса, тіпті де кем емес. Ата - бабаларымыздың асқақ рухы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге бола бермек.

Н.Ә.Назарбаев

"Жазу тарихы" музейінде көптеген экспонаттарды тамашаладық.Мысалы: Елтеріс Құтлұғ қағанның бас мүсіні.(б.з.693 ж.),В.Томсеннің ескерткіш бюсті,Қыш кірпіштегі жазу,Қыштағы араб графикалы жазу 19 ғ.,Несториан құлпытасы, Талас көне түркі 1-жазба ескерткіші,Күлтегін кешенінің кірпіші,т.б.

Бұл ғимаратта "Жазу тарихы" атты музейден басқа Л.Н.Гумилев атында музей бар. Бұл музей Л.Н.Гумилев өмірі,шығармашылығы,еңбектеріне арналады. 

Л.Н.Гумилев- орыс ғалымы, тарих ғылыми докторы, география ғылыми докторы.Ол 1912 жылы 1 қазан айында Ресей, Царское селосында дүниеге келген.Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген.

Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған.Мұражайдың негізгі мақсаты - Л.Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу, еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату. Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.

2012 жылы Л.Н.Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілген.

Осымен,біздер мұражайды тамашалап болған соң, "Отырар" кітапханасына жол тарттық.

Бұл мекеме негізі 1962 жылы құрылған. Музей-кітапхананың басты мақсаты мен міндеті — Еуразия кеңістігіндегі әлемдік өркениет жүйесіне белсенді араласып, білім, ғылым, мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіре жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы саяси тарихы мен рухани және заттық мәдениетіне катысты дуние жүздік барлық көне қолжазбалар мен қолжазба кітаптарды, сирек кітаптар мен басылымдарды, заттай жәдігерлерді жинап, адамзаттың ежелгі өркениет дәстүрлерін жалғастырып, түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған Отырардағы рухани мәдениеттің үзіліп қалған дәстүрлерін қайта жаңғырту.Жалпы кітапханада  1 млн 500 жуық кітаптар,5 мыңнан астам қолжазбалар сақталған.Соңғы кітабы - ақын - жазушылардың өмірі жайлы "Қазақ" атты кітап.Мекеменің бас диреторы - Тұрсын Жұртбай(этнограф,ғалым). Мекеме ішінде ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған музей - кітапхана бар. Бөлімшеде 1278 кітап бар, әр кітап бетінде өзінің қолтаңбасы тұрған.

"Отырар" музей-кітапхана жүрегіме жылулық ұялаған секілді. Жақсы экскурсия өтті.

Осымен "Отырар" кітапханасымен бүгінгі күнгі экспедициямыз аяқталды.

Өте жақсы экскурсия болды деп ойлаймын.Барлық экскурсиядағы фото-суреттерді осы жерден http://vk.com/id170832043 таба аласыздар)))

Көріскенше)

Blog post image
12 июля 2013, 21:27
24

«Туған елге тағзым» (3-күн)

2 шілде,2013ж.

Бәріне сәлем!!!

Үшінші күніміз қызықты өтті.Бұл күнде мен Сәкен Сейфуллиннің өмірбаянымен толықтай танысып, білдім.Көптеген жерлерге барып,экскурсия жасадық.

Ең алдымен,біз "Мемлекеттік ұлттық мұрағатқа" жол тарттық.Бұл мұражайда барлық заттар Даму стратегиясына арналған.Содан соң,біз Сәкен Сейфуллиннің мұражайына аттандық. Бұл мұражай Қазақстан Үкіметінің шешімімен 1988 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастаған. Мұражайда С.Сейфуллиннің қолжазбалары,өзінің қызметіндегі іс-қағаздары аса құнды құжаттары болып табылады.Мұражай жеті залға бөлінген:«Балалық және жастық шағы», «Мемлекеттік қызметі», «Педагогикалық қызметі», «Әдеби қызметі», «Ел есінде», «С.Сейфуллиннің кабинеті», Сәкен мен жанұясына тиесілі заттар бөлмесі мен мәжіліс залы.                                                                                                                                 "Сәкен Сейфуллин мұражайы"  Астанада тарихи,мәдени,рухани орталыққа бірден-бір айналып отыр.Мұражайда мен Сәкен Сейфуллиннің қолданылған заттарын,құжаттарын көріп,қызықты-қызықты мәліметтер алдым.Соңында біз мұражай адамдардан сұхбат алып,тағы да мәлімет жинадық.

"Сәкен Сейфуллин" мұражайынан кейін "Бейбітшілік және келісім сарайына" жол тарттық. Бұл жерже көптеген жұлдыздар өз кештерін өткізеді екен. Көрме залдары,бәрі-бәрі әдемі.Залдың бір ерекшелігі орындықтарының бір деңгейде орналасуында екен.Сонымен қатар, бізге 4D форматта қысқаша фильм көрсетті. Бұл фильм біздің қазақ еліміз,жеріміз жайлы болды. Бұл фильмді көргеннен соң, бәрімізге аса бір қуат сіңгендей болды.Бұл фильмді тамашалап болған соң,Астана қаласының керемет макетін көрдік.Сондай әсем,көз татарлық.Алайда, бұл макет тек 30% ғана жасалған екен. Бұны алда уақытта 2017 жылы Экспо қарсаңында толықтай өз жұмысын аяқталады екен.

Келесі кезекте,"Тәуелсіздік сарайына" жол тарттық. Бұл сарайда көптеген әсем мұражайлар бар екен. Мысалы: ұлттық киімдер үлгілері,тамаша сурет көрме залы,танымал тұлғалардың ескерткіштері,тағы да басқалары...Бұл сарайдан кейін,біз Астана символі "Бәйтерекке" жол тарттық."Бәйтерек" ішіне кіріп, балықтарды тамашаладық.Жоғарғы қабатқа көтеріліп,қолымызды қойып,арман-тілегімізді тіледік.

Сөйтіп,кешкі астан соң,"Хан-шатыр" ойын-сауық кешеніне жол тарттық.Бұл жерде біз ойын-сауықтарға барып, дүкен аралап,дем алып қайттық.

Бұл күнде біз біраз жерлерге барып қайттық.Бәріміз қуаныштымыз.Осымен бүгінгі экскурсиямыз аяқталды.Көріскенше)))

Blog post image
3 июля 2013, 18:08
24

«Туған елге тағзым» (2-күн)

1 шілде,2013ж.

Таңертелік ас ішкен соң, Кабанбай батырдың кесенесіне жол тарттық.

Кесенеге жеткен соң,біз  Қамал Әбдірахмановпен(зерттеуші) кездесіп,таныстық.Біз ең влдымен,кесененің ішіне кіріп, құран оқытылды. Содан кейін, Қамал Әбдірахманов Қабанбай батыр жөнінде айта бастады.Ол батырды өмір бойы зерттеп келе жатқан адам екен...Көптеген сұрақтар қойылып,қызықты мәліметтер жинадық.

Қабанбай Қожақұлұлы(Қаракерей Қабанбай, Дарабоз)— батыр,қолбасшы.Ол 1692 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келді.Ол Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан.Қабанбай жеті жасында әкесі Қожақұл, ал он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады.Сөйтіп,он алты жасар Қабанбай жоңғарлардан кегін алады.

Қабанбай батыр өзінің ержүректілігімен, батырлығымен халыққа танымал.Ол 1717 жылы Аягөз шайқасына,1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысты.Қабанбай Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.Сөйтіп,оған Дарабоз деген есім береді екен.                                     Қабанбай батыр 1770 жылы дүние салады.

1992 - 1993 жылдары бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өткен.

Ал енді, кесенеге келетін болсақ,ғимарат 2000 жылы салынған болатын.Астана қаласынан 35 ки қашықтықта орналасқан.Бұл кесене  батырдың дулығасын, ал кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды білдіреді екен.

Қабанбай батыр кесенесі қазақ халқы үшін белгілі орны болып есептеледі.

...

Түскі ас)

Түскі астан кейін сағат 16-30 да Есіл өзенінің жағасында теплоходпен жүздік.Бәріміз Есіл өзеннің көрінісін тамашалап,дем алып қайттық.Бұл жер - дем алуға өте - мөте қолайлы жер! Астананың әсем табиғаты мен зәулім үйлері мен ғимараттары көз тартарлық...

Келесі кезде,біз "Атамекен" атты этно-мемориалды комплекске жол тарттық.Бұл комплекс биыл 1 мамыр күні ашылған екен. Бұл жерде бүкіл қазақстан жері макет түрінде кескінделген. Бәріміз осы керемет жерлермен тамашалап қайттық. Бұның ішінде кесенелер,зәулім ғимараттар,үңгірлер,тарихи- мәдени ,тағы басқа құндылықтар орналасқан.

Сонымен, осы күнгі экскурсиямыз осымен бітті...)

Blog post image
3 июля 2013, 2:08
66
 
0
614
0