Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
8
22:27, 29 октября 2013

Лаура Мырзақоңырованың «Дәмді Әлемі»

Blog post image

Айжан Кәрібаева

журналист

Лаура Мырзақоңырова Ақтау қаласында тұратын қазақтың қарапайым қызы. Қазірде Маңғыстау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Ал бос уақытында жанұясын тәтті тағамдарымен қуантып, оның жасалу жолдарын басқа да қыз-келіншектермен өз блогында бөлісіп отырады. Бүгінде Лаура бізге damdialem.blogspot.com блогы жайлы айтып беріп, арнайы «Екпін» үшін ерекше бір тәттісінің жасалу жолын көрсетті.

Blog post image

- Жалпы аспаздық блогын жүргізу идеясы қалай келді? Блогты қашаннан бастап жүргізе бастадыңыз?

- Барлығы инстаграмға әзірлеген тағамдарымның және тәттілерімнің суреттерін қоюдан басталды. Инстаграмдағы достарым сурет қойған сайын рецепт сұрайтын болды, рецепті бір жаздым, екі жаздым, соңында өзім шаршап кетіп, ойыма бір блог ашу келді. Сөйтіп компьютер алдына отырып, бірден блог ашуды жөн көрдім. Блогты қалай атарымды білмей, таңға дейін отырғаным әлі есімде (күліп). Ұйқы қысып бара жатса да, "блогты ашпай, ұйықтамаймын" дедім, әйтеуір таңға жақын "Дәмді әлем" деген атау ойыма сап ете түсіп, блогымды сонымен солай атап кеттім. Міне, осы айда блогыма 1 жыл болды, 1 жылдың ішінде 100 рецепт салып үлгеріппін.

Blog post image

- Блог жүргізудің жалпы өзіңізге қандай пайдасы тиеді?

- Негізі блогтың маған тиер ешқандай пайдасы жоқ, бұл тек менің хоббиім және де қыз-келіншектерге көмек болсын деген ниет!

- Қанша жасыңыздан бастап тағам әзірлеуді үйрендіңіз? Біреу үйретті ме?

- Алғаш рет тамақты 3-сыныпта оқып жүргенімде, яғни 9 жасымда жасағанмын, інім "дұрыс піспеген" деп сын айтқан еді. Жалпы әр қыз баланың тағам пісіруде алғашқы ұстазы анасы болады, менің де алғашқы ұстазым ол - аяулы анам! Анам - аспаз! Бала кезімнен үнемі қасында жүріп, неше түрлі тағамдарды жасауды үйрендім ол кісіден.

- Көбінесе қай елдің асханасы ұнайды? Қандай тамақтарды жасағанды ұнатасыз?

- Маған ащы тағамдар ұнайды, сондықтан қытай тағамдарын жаным сүйеді. Үйде де анда-санда қытайдың тағамдарын жасап тұрамын, себебі жолдасым да ұнатады. Көбінесе қою тағамдардан гөрі сорпаны жақсы көремін, қажет болса аптасына 7 рет болса да жасай беруші едім.

- Блогыңыздағы жеңіл рецептерді қайдан табасыз?

- Негізі тағамдарды бала кезімнен жақсы жасасам да, тәттілерді пісіруді күйеуге шыққан соң бастадым. Басында көмекшім интернет болды, гуглдан шықпайтын едім, кейін кейбір рецептер ойдан да шыға беретін болды, бірақ кейде ерекше бір нәрсе пісіргім келсе, интернеттен қарайтынымды жасырмаймын.

Blog post image

- Жалпы өз тәжірибеңізден шыққан тамақ жасаудағы 1-2 құпияларыңызбен бөліссеңіз?

- Тамақ жасау да бір өнер! Бірақ кез келген адам, тамақты Аллаһтың атымен, яғни "Бисмиллаһ" сөзімен бастаса, жасалған тағамның дәмді болатынына күмәнім жоқ.
Құпияға келер болсақ, тағамның ең маңызды бөлігі ет екені бәрімізге мәлім, яғни тағамның дәмді болып-болмауы еттің дәмді пісуіне байланысты.

Бір-екі рет қыздар менен қуырылған еттің жасалу жолын сұраған болатын. Негізі құпия дейтіндей құпия емес, кеңес дейінші, етті қызған майға салып қуыру керек, 2-3 минут қуырғаннан кейін тұз салу қажет, кейбіреулері ет қатайып кетеді деп, тұзды ет піскеннен кейін салуға кеңес беріп жатады, бірақ маған сеніңіздер, бірден тұз салсаңыз, ет піскенше тұзы сіңіп, дәмі керемет болады. Сонымен етті қуыру барысында тұздап, өзінің шырыны шығып, таусылғанша қатты отта пісіру керек. Шырыны таусылып, ет қазанға жабыса бастағаннан бастап, 1 стақан су құйып, отты баяулатып, жай отта суы таусылғанша пісіресіз, барлық құпия осы!

- Басқа да қандай хоббиларыңыз бар?

- Жұмыстан келгенімде тек қана тамақ жасауға және балаларға қарауға ғана әлім жетеді, сондықтан хобби дейтіндей басқа нәрселерге көңіл бөлмеймін де. Бірақ анда-санда ән айтып қоямын, бала кезімдегі арманым әнші болу еді.

Blog post image

- Тамақ жасауды қиынсынатын немесе қолымнан келмейді дейтін қыздардың құлшынысын арттыру үшін қандай кеңес айтар едіңіз?

- Қыз-келіншектерге айтар кеңесім, тәтті тағам әзірлеу кез келгендеріңіздің қолынан келеді, тек ең бастысы ықылас болуы керек. Бір жасағаннан бәрі керемет болып шыға келмейді, менде де кезінде дәмсіз тағамдар, езіліп кеткен күріш, күйіп кеткен ет, шикі піскен тәттілер болды, бірақ оған қарамастан мен қайта-қайта сол тағамды жақсы шыққанға дейін жасай бердім, менің қолымнан келді, ендеше сіздердің де қолдарыңыздан келеді деген сөз! Ең бастысы, нәтиже шыққанға дейін еңбек ету, сол кезде көздеріңізді жұмып тұрып-ақ дәмді тағам жасап, қазір мен ұқсап, басқа қыз-келіншектерге кеңес беріп отырасыздар.

Blog post image

Бұл тортты арнайы "Екпін" журналы үшін жасадым.

Торттың түрі шынымен де бархатқа ұқсайды. Дәмі де түріне сай жақсы деп айта аламын. Дастарханыңыздың сәні болады. Сондықтан осы тортты жасап қонақтарыңыздың қуанышына бөленіңіз!


Құрамы:

Жұмыртқа - 4 дана

Қант - 1 стақан

Сүт - 1 стақан

Маргарин - 200гр

Ұн - 2,5 стақан

Разрыхлитель - 1

Ванилин - 1

Қызыл бояғыш (пищевой краситель) - 0,5 шай қасық


Кремі үшін:

Ақуыз - 2 дана

Қант - 1,5 стақан

Лимон тамшысы 4-5

Су - 0,75 мл


Арасына:

Консервіленген жемістер

Киви - 2 дана

Үстіне - қант пудрасы


Алдымен жұмыртқаға қант салып, миксермен көпіртіп араластырамыз.

Blog post image

Маргаринді ерітіп,

Blog post image

Blog post image

көпірген жұмыртқа және қантқа құйып,

Blog post image

араластыра береміз.

Blog post image

Енді сүт құямыз.

Blog post image

оны да араластырып,

Blog post image

бояғыш саламыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Барлығы қызыл түске боялғанға дейін араластырамыз.

Blog post image

Ұн салып,

Blog post image

араластырамыз.

Blog post image

Формамызға құйып, 180°-та 45 минут шамасында пісіреміз.

Blog post image

Салқындағанша күтеміз, үстінгі артық биіктеу бөлігін кесіп алып тастаймыз.

Blog post image

Блендерға салып,

Blog post image

ұсақтаймыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Дайын тәттімізді екіге бөліп,

Blog post image

кивиді тураймыз.

Blog post image

Консервідегі жемістер осындай!

Blog post image

Осылай дайындап қоямыз да,

Blog post image

крем дайындаймыз. Кремді дайындау жолы damdialem.blogspot.com'да бар. Бірінші ақуызды миксермен көпіртіп, шамамен 7-8 минут араластырамыз. Ақуыз аппақ қардай болып қоюлануы керек. 1,5 стақан қантқа 0,75 мл су құйып, лимон тамшыларын тамызып қайнатамыз. Қайнату уақыты 5-10 минут арасында болады. Яғни шәрбеттің түсі біраз сарғайып қоюланса, дайын деген сөз! Сол қайнаған шәрбетті аппақ ақуыздың үстіне жайлап құйып тұрып, миксермен тоқтамастан араластырамыз. Крем әбден қоюланғанша тоқтатпау керек. Сонымен төмендегідей қою крем шығуы тиіс.

Blog post image

Екіге бөлінген тәттінің үстіне крем жағып жемістерімізді жайғастырып, екінші бөлігімен жабамыз да,

Blog post image

осының үстіне крем жағамыз. Мен үстіңгі кесілген бөлігін астына жібердім де, астын үстіне қараттым, сондықтан беті тегіс болып тұр суретте.

Blog post image

Тәттімізді толықтай креммен қаптап тастаймыз.

Blog post image

Ұнтақтарды жанына және үстіне сеуіп, қаптаймыз.

Blog post image

Енді жазуды бетіне қалай түсіру керектігін түсіндіріп кетейін. Бір қағазға керекті жазуды жазып,

Blog post image

ойып алып тастаймыз.

Blog post image

Дайын торттың үстіне

Blog post image

қағазымызды қойып,

Blog post image

қант пудрасын сеуіп шығамыз.

Blog post image

Blog post image

Осындай жазу шығады.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

8
8760
8