2013 жылғы қыркүйек айының 14-інен 15-іне қараған түні Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы Арғанаты тауында «Охотзоопром» инспекторлары сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу барысында заңсыз аңшылық жасаған адамдар тобының ізіне түсті.