место в рейтинге
  • 867488
  • 999
  • 37
Нравится блог?
Подписывайтесь!

INTERNET CONFERNCE «GLOBAL KAZAKH YURT TOURISM»

   
Mr_Kursabaev
31 августа 2013, 14:14
1799

Загрузка...

Комментарии





2013жылдың 25-ші тамыз айында «Тұран-Астана» университетінің базасында өтетін «Қазақ даласы-дүниежүзі номадтары киіз үйлерінің ордасы » атты Халықаралық ғылыми-практикалық Интернет конференцияға қатысушы:

1. Аты-жөні: Әблах Мерейлі Еділқызы
2. №163 орта мектеп 10-сынып оқушысы
3. Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы , Хорасан –ата көшесі №29
4. E-mail: hanshaym96@mail.ru
5. Мақала тақырыбы: «Әлем көшпенділері киіз үйлерінің дамуы мен қалыптасуының тарихи-мәдени әфсанналары»
6. Телефон, факс:87243521748, 87782108101
7. Жетекшісі: Жұмабекова Ләззат Жолдасқызы №163 орта мектебінің жоғары санатты тарих пәні мұғалімі











Әлем көшпенділері киіз үйлерінің дамуы мен
қалыптасуының тарихи-мәдени әфсанналары
Аты-жөні: Әблах Мерейлі Еділқызы
№163 орта мектеп 10-сынып оқушысы
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Хорасан-ата көшесі №29
E-mail: hanshaym96@mail.ru
Телефон, факс:87243521748, 87782108101


Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй. Адамзат мыңдаған жылдар бойы тіршілік үшін табиғатпен күресіп келеді. Бұл күресте өмір сүруді қамтамасыз ететін үш фактор маңызды орын алады.Олар: тағам, киім-кешек және тұрғын үй (киіз үй).
Ондаған ғасырлар бойы қазақтардың негізгі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болып келеді. Сонымен қатар ірі өзендер мен көлдер маңында жартылай егіншілікпен айналысқан аудандар кездеседі.
Көшпенділер өмір бойы жыл мезгілдеріне сәйкес көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Негізгі тұрғын үй – қыстауда. Олар жылдың жылы мезгілдерін көктеу мен жайлауда өткізіп, күн салқындаған кезде күзеуге көшті. Осы жерде көктемде егіп кеткен егінін жинап, қыстауға қайта оралды. Көшпенділердің осындай өмір салтын ыңғайлы тұрғын үй-киіз болып табылды. Себебі, киіз үй көшіп қонуға ыңғайлы болғандықтан ата-бабамыздың негізгі тұрақжайы болды. Сондай-ақ, көшпелілер тұрғын үйге қажет киіздер мен үйдің ішіне қажетті жасаулар дайындады. Сондықтанда көшіп қонуға жайлы, жиналмалы үйдің көп бөлігі киізден дайындалатындықтан, халық арасында «киіз үй» деген атқа ие болды. Киіз үйдің сүйегі ағаштан жасалады.
«Киіз үйдің көшпелі тұрмысқа бейімділігі жайлы» қазақ жерінде болған жат жұрттық саяхатшылар көп жазган еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында әскери құрылысшы, капитан И.Г.Андреев «қазақ өнерінің басты саласы - киіз үй жасау» деп жазған еді. Санк-Петербургтегі американ дипломатиялық миссиясының хатшысы 1873 жылы Самарадан Орта Азияға барар жолда қазақ жерінде болып, кейіннен «қазақ киіз үйі жайлы» тәптіштеп жазып, киіз үйдің құрылысына таңданыс білдірген еді.
Бір көзбен қарағанда киіз үй-ескіліктің көзі, ал оның жеке бөліктері оңай жасалатындай көрінеді. Алайда киіз үй бізге ғасырлар шегінен жетті және осы уақыт ішінде оның жеке бөліктеріне түрлі өзгертулер мен өзгерістер енгізілген болатын. Тіпті бүгінгі күннің өзінде киіз үй малшылар мен ыстық аймақтағы отбасыларға қажетті тұрғын үй болып табылады. Қазіргі заманда киіз үй жасағаннан, кірпіштен үй тұрғызу жеңіл. Өйткені, киіз үйдің жасау тәсілін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан арнайы шеберлер ғана арнайы құрал-жабдықтармен жасай алады.
Киіз үй көшпелілердің баспанасы болғандықтан мұражайда киіз үй және оның жабдықтары қойылған. [1. 413-415б]
Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуіне, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үй. Көшпенділердің киіз үйі-тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісіне ыңғайлы, өйткені,ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Киіз үйдегі кеңістік – қазақ дүниетанымының тоғысқан жері. Осында адам дүниеге келеді, үйленеді және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегі тіршілігін қоспағандағы өмірі осында өтеді. Шыңғыс дәуіріндегі Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда дегендердің өзі-кеңейтілген киіз үйдің көшірмесі іспетті. Қазақтар өздерінің киіз үйлерін тұрмысы мен табиғи ортаға бейімдеп қоймай, оған өзінше тән әдемілік береді. [2.60-б]
Қарапайым қазақтардың киіз үйі алты қанатты болып келсе, байлардың киіз үйлері сегіз-тоғыз қанатты болып жасалады. Ірі байлар киіз үйлері мен хан ордалары он екі қанатқа дейін жетті. Әрине, олардың ішкі жасауында да соншалықты көп айырмашылық болады. Осындай ерекшеліктеріне қарамастан киіз үй ғасырлар бойы қазақтардың негізгі тұрғын үй қызметін атқарып келеді. Белгілі шығыстанушы Л.Н.Гумилев киіз үй жайлы: «Тастан немесе саздан жасалған үйдің киіз үйден көп артықшылығы бар деген пікірді әлі ешкім дәлелдеген емес. Киіз үй жылы, әрі кен керек кезде бір жерден екінші жерге оңай көшіріледі. Тұрмыс тіршілігі тікелей табиғатпен байланысты көшпенділер үшін мұндай үйде тұрудың аса қажеттілігі бар»,- деген екен.
Көшпенділік тұрмыста киіз үйдің рөлін басқа ешқандай тұрғын үй атқара алмады. Киіз үйдің ішіне қойылатын ағаштан жасалған жиһаздардың қатарында сандықты ерекше атап өткен дұрыс болады. Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде сандықты «кебеже» немесе «әбдіре» деп те атайды. Сандықтар арнайы жүк аяқтың үстіне орналасатын болған. Ал, киіз үй шаруашылық бөлігінде ыдыс-аяқ қоятын – асадал, жатаған орындық, айран пісетін күбі, ет жейтін ағаш астау, қымыз ішуге қажетті тостағандар қойылады. [3. 120-121б]
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегіміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі қонысы. Киіз үй – тек қазақ халқында ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені, киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктілігі, мәдениет пен өнердегі талғамы - жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Тағы бір ерекше айтып кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі құрылыс түріне жатады.
Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған. Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. ХХ ғасырдың 90-жылдары қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін, оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәрежесінде қайта дәріптелуі, оларға лайықты ас пен тойлардың өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениет рөлінің артуы киіз үйге деген көзқарасты айқындады. Енді той-думанда тігілген киіз үй сән-сәулетімен, өнер шеберлерімен, ұлттық дәулетімен, түрлі спорт жарыстарымен дәрежеленетін болды. [4. 113-114б]
Қорыта келе киіз үй тек баспана емес, ол халықтың өмірлік салт дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері – түйелер мен ұшқыр қайық – аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ – шеңбер тәрізді шабағына және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан тұрмыс қажеттерінен туса, екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ онда шаңырақ күнге, ал уық керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы – көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхрондығын көрсетеді.[5.28-б]
Киіз үйдегі шаңырақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері елтаңбада бейнеленген. Шаңырақ – елтаңба негізі, ол - елтаңба жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ - Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі.
«Шаңырақ – отбасының, одан да асыра алғанда бүкіл адамзат ұясының нышаны. Шаңырақ көтеруге негізделген киіз үй – Ұлы далада сонау қола дәуірден (б.з.д. III ғ) бастап тіршілік кеше бастаған адамдардың өмір салтына байланысты дүниеге келген тамаша төлтума жүйе көрінісі. Ол әлемдік сәулет өнерінің теңдесі жоқ үлгісі ретінде ертеден-ақ мойындалған. Оның әр бөлшегі өзінің нақты тұрмыстық қызметтерге қатысты мақсатының сыртында басқа да бірқатар маңызды міндеттерге (қоғамдық-әлеуметтік, діни-әлеуметтік, діни-ғұрыптық, т.б.) қызмет етеді. Ол тұрғындардың рухани қажеттіліктерін де өтей алады.
Киіз үй-көшпелілер мәдениетінің сыйы. Ол туралы Геродот, Гиппократ, Сыма Цян Страбон, В Рубрук пен Ибн-Баттута, Ибн-Рубихан мен А. Вамбери тамсана жазған болатын . Оларды киіз үйдің қолайлылығы мен жайлылығы, далалықтардың тұрмыс-тіршілігіне өте-мөте ыңғайлылығы, жасалуы мен құрылуының жеңілдігі қызықтырады. Сонымен бірге олардың бәрі бір ауыздан аса күрделі міндеттің қарапайым шешімін соншалықты дәл тапқан өнер иелеріне тәнтілік білдіреді. »[ 6.57-б]





Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Мәдениеттану: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 2005ж
2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы. «Аруна» ЖШС 2005ж 3.Қазақ мәдениеті мен өркениеті. Энциклопедиялық кітап. 2005ж
4. С.Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті – Алматы : «Алматыкітап». ЖШС, 2006ж-384 бет
5.Шаңырақ: Үй – тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл. Бас. Ред., 1990ж
6.Ш.Шаймерденов. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері- Алматы «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2008-240 бет
Balam-aj? England tilindehi resume qajda?
Әлем көшпенділері киіз үйлері һақында аңыздар, мифологиялар,ертегілер, өлеңдер, жырлар,мақал-мәтелдер һәм фольклорлық мұралар

Сыздықова Лаззат - №163 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Әбдіхалықов Сағатбек 2 «в» сынып оқушысы
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А)Киіз үйдің пайда болу тарихы
Ә)Киіз үй туралы өлеңдер мен жырлар, аңыз әңгімелер
Б)Киіз үйдің көркемдігі туралы .
III.Қорытынды:
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
«Атамыз Алаш, керегеміз ағаш» немесе «киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-баба, аналарымыздың негізгі баспанасы киіз үй болғаны әркімге аян. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес бүкыл түркі тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ мекені болғаны анық. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан - ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екені әркез мақтанышпен айтылып жүр. «Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй оның тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағалайды. Киіз үй-өзіндік баға жетпес өнер туындысы, қазақ халқы үшін өмір салты мен әдет-ғұрпының, дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Көшпелілердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың өмірінің көп бөлігі өтетін дәстүрлі тұрақты мекен жайы болған. Киіз үй – көшпелі өмірге бейімделген, ерте заманнан келе жатқан көшпелілер баспанасы, Еуразия далаларындағы жартылай көшпелі және отырықшы халықтардың арасында кеңінен таралған. Киіз үй – көшіп қонуға лайықталып жасалады. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екі қабат киізбен қаптап, ошақ жағып, жазға дейін отыра беруге болады»[1.6 б ].
« Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне саяды. Киіз үй б.з.б. VІІ-ғасырынан бастап кеңінен пайдаланылып,киіз басу белгілі бір кәсәпке айналған. Киіз үйдің сол кезден бастап кеңінен таралғанын сол заманда тасқа қашап түсірілген Алтай, Сібірдегі Баянжар тасы, Қырым суреттерінен айқын байқауға болады. Көшпелі сақ тайпаларының киіз үйде тұратынын алғаш рет ежелгі грек тарихшысы Герадот жазды. Киіз үйдің сыртқы пішіні байырғы дін домбауылдарға ұқсас, төбесі күмбезденіп келеді. Негізінен киіз үй қазақ үй, ағаш үй, қара үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі-Батысы мен Шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған км-ге созылған қазақ жерінің географиялық жағдайы киіз үйдің сырт пішіні, жасалу техналогиясына да аздаған өзгешеліктер енгізген. Оны киіз үйдің әр жерде, әр түрлі аталуларынан да байқауға болады.Мысалы : оңтүстік облыстарда оны киіз үй деп атаса, батыс облыстарда ағаш үй, киіз үй деп қатар айтады.Жалпы киіз үйдің үлкен – кішілігін санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үй керегесінің басы 70-80-нен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйі 8 қанаттан 30 қанатқа дейін баратын үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріліп, әшекейленген. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруаларға тән киіз үйді алты қанат, ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа жолым үй деп атаған. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қаңқа; арбаның үстіне тігілетін үй - жорық үй деп аталған. Қазақтың киіз үйі өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты, негізінен, үш түрге бөлінген:
1) Жаздыгүні тұруға арналған киіз үй;
2) Мереке - жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй;
3) Жорық кезінде тігілетін киіз үй.
Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханаға, қоймаға, сарайға арналған да киіз үйдің түрлері болған. Қазақ киіз үйі қазақ халқының өзімен бірге өмірге келіп, өмір бойы бірге жасасып келеді. Демек қазақтардың киіз үйге арналған әрбір сөзінде, тұрақты сөз тіркесінде, мақалы мен мәтелдерінде, алғысы мен қарғысында,өзінің болмысы, дүниетанымы, суреткерлігі мен шешендігі жатыр деген сөз. Мысалы бір ауыз «күпекше» деген, қазіргі үй тігіп отырған шаңырақ иелерінің біразы ұмыт қалдырған сөзді алып қаралық. Бұл сөз сәндік үшін, уыққа салбыратып байланатын, баудың арнайы дайындалатын бұл көркем қоңырау секілді нәрсесі. Сондықтан да біз киіз үй туралы сөздер мен сөз тіркестерін іздестіріп, ерінбей - жалықпай жинастырып ала-алсақ ежелгі қазақ тілінің дәмін тата алатын боламыз»[2.14 б]. « Киіз үй үшін қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген. Қазақтар өзінің киіз үйі арқылы жаратылыстағы сәулет өнерінің (архитектура), тиімділікті (экономика), табиғат пен адам үндестігінің (жарасым) әлемдік үлгісін (модель) жасай алған халық. Киіз үйді арнайы зерттеген кісі оның тек қана қажеттіліктен туған форма еместігіне көз жеткізер еді. Ол сәулет өнері тұрғысынан қарағанда керемет үйлесім мен жарасымдылықты танытса, философиялық ойларға әлемдік жаратылыс тұрғасынан жауап бере алады... Кез келген баспана, адам баласы үшін, өмір. Ал киіз үй болса, қазақ халқының эстетикалық тәрбиелеушісі, қол өнерінің мұражайы ретінде де қымбат дүние. Киіз үй пенделік, адами тұрғыдан қарағанда да иелерін бір-бірінен айтарлықтай алшақтата қоймайды. Еуропа байларының сәулетті сарайының қасында жарлылар лашығының тұра алмайтыны қаншалықты рас болса, қазақ байының киіз үйі қатар тігілген жарлысының киіз үйінсіз көзге елестетілмейді. Қазақтың киіз үйлері иелерін, адамдарды рухани теңестіреді, жақындата түседі. Сондықтан да Жиренше шешен, сирағының жартысы тысқа шығып жататын шағын киіз үйін: «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» - деп мәртебесін хан ордасыменн теңестірген»[3. 7 б] «Киіз үй – адам ғұмырының бұл жақтағы жартысы... Жаратылыстың мызғымас заңының негізі – бар нәрсе шар тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын болса, бар тіршілік негізі – шар тәрізді форма болатын болса, киіз үй шардың жартысы, сол форманың бірінші бөлігі. Киіз үйдің есігінен кіріп төрінен шыққан, жайласып молдасын құрып отырған әрбір пендені ғажап шексіз әлем туралы, сол әлемнің жартысындай боп, кереге, уық, шаңырақ арқылы жасалған ғажайып күмбез формасы туралы, жаратылыстың көк күмбезі туралы ойға шақырады да, сол шақта киіз үй әлем жаратылысының моделі секілді боп кетеді. Табиғатқа үйлесімділігі мен адамдарға ыңғайлылығы соншалық киіз үйді ойлап тапқандар мен оның үстіне үй етіп тігіп пайдаланушылар сан ғасырлар бойы оны қайта жасауға тырыспаған, басқа форма іздеп, өзгеріс енгізбеген. Ол - киіз үйдің мінсіздігінің дәлелі. ...
Киіз үйді көзімен көріп, оған түнеп шыққан сырт жолаушының таңданыспен жазбағаны жоқ десе болғандай. Мысал ретінде қытайдың айтулы ақыны Бо Цзюийдің (772-846 жж.) «Киіз үйі» деп аталатын өлеңін белгілі ақын Несіпбек Айтовтың аударуында келтіріп көрелік:
Киізіне жүні кеткен мың қойдың,
Шаңырағы қайыңнан күнгейдің.
Әрі берік, әрі ыңғайлы, әрі әсем,
Дей алмаймын ағашына мін қойдым.
Сайын дала оның мекен тұрағы,
Бірде көрсең терістікте тұрады.
Сарбаздармен бірге көшіп сағымдай,
Бір қарасаң түстік жақтан шығады.
Шым жібектен мықты белбеу байлаған,
Қозғалта алсын қандай дауыл, қай боран?!
Кірсең жылы, іші қыз-қыз қайнаған,
Көкжиектей дөп-дөңгелек айналаң.
Тауқыметтің тартып едім талайын,
Бұл киіз үй болды менің сарайым.
Айлы күнге көлеңкесі-ай көлбеген,
Қыста онымен бірге өтеді сан айым.
Туырлықтың сыртын қырау шалса да,
Ызғар өтпес боран соқсын қаншама,
Сән-салтанат іші кірсең шыққысыз,
Көрген пенде таңдай қағар тамсана.
Жыршы төрде, бұлбұл құстай сайрайды,
Бақсы билеп от басында ойнайды.
Балдай қымыз балбыратып денеңді,
Алпыс екі тамырыңды бойлайды.
Қою түннің құшағында аунаған,
Қандай ғажап жалынды ошақ лаулаған!
От сәулесі аймалайды іргені,
Дірілдеген қызыл гүлден аумаған.
Кең ашылып түнгі ауаның құшағы,
Қасиетті түтін көлбеп ұшады.
Сіл сейілсе,кенет көктем суындай,
Тасқындаған өлең көпті құшады.
Мұнда отырған жанда қандай бар қайғы,
Ұжымаққа шақырсаң да бармайды.
Шөп күркеде күн кешкендер күйбеңмен,
Май тоңғысыз қыста-дағы жаурайды.
Сопылар да киіз үйді армандап,
Пысықай да қарызданар қалбаңдап.
Мен осында ұрпағымды өрбітіп,
Дәм-тұзымды жаям келген жанға арнап.
Салнатты сарайына патша мас,
Сарай барлық үмітіңді ақтамас.
Сарайыңа бермеймін мен баспа-бас!-
деп жырлаған екен». [4.28 б]
«Біздің эрамызға дейінгі 107 жылы үйсін ханының ұзатылған қытай қызы еліне өлең сөзбен: «Мені ұзатқан Үйсін патшаның елі көшіп жүреді екен. Дөңгелек үйлерде турады екен. Оны киізбен жабады екен.» - деп хат жазыпты. Қытай қызы Си-Гюньнен 1000 жылдан кейін өмір сүрген саяхатшы Худуд ал-Алем өзінің «Әлем шекарасы» атты кітабында көшпелілердің жазы да, қысы да өздерінің дөңгелек киіз үйлерінде өтетінін жазып кеткен. Ал, сол үйсін ханшасы Си-Гюньнен 2000 жыл кейін өмір сүрген Сүйінбай қырғыз ақыны Қатағанмен айтысқанда:
... Тіле деді манаптар
Тілерге кетті ауызым .
Бір тілесе Сүйінбай
Аз ғана қылып тілей ме...
Бір үй берші үстіме –
Керегесі күмістен,
Уықтары алтыннан,
Маңдайшасы гауһартас,
Иіліп оған кірерге...
Он бес жасар бір қыз бер,
Онымен ойнап күлерге...
- деп киіз үйді ең басты нәрсе деп түсінеді»[5. 56 б].
«Қазақ даласында өмір сүрген атақты хандар, билер, байлар орда тігіп салтанатты өмір сүрген. Соның ішінде Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ақмоладағы паң Нұрмағанбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп. Шыңғыс Уалиханов баласы Шоқанға арнайы қайың ағаштан 10 қанат киіз үй жасатқан.1865 жылы Шоқан ауылында қонақ болған генерал А.К.Гейнс боялмаған қайыңнан жасалған мұндай сәнді үйді бұрын – соңды еш жерден көрмегенін таңдана жазған. Ә.Х.Марғұлан еңбектерінде адай руынан шыққан Қаражігіт Талпақұлы күмістеліп, сүйектеліп безендірілгені туралы деректер бар».[6. 32 б] «1876 жылы Мейрам хажы Жанайдарұлы (Кенесары ханның бас батыры Жанайдардың бел баласы) Петербургте 1890 жылы Ибрайм Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. Жазушы Шыңғыс Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі музейлердің бірінен қазақ киіз үйін көргендігін жазды. Сондай-ақ, Гамбург, Майндағы Франкфурт (Германия) қалаларындағы музейлерінде де қазақ киіз үйлері бар деп жазды. Қазақтардың алғашқы құрылтайында тігілген киіз үйлер ішінде бірінші жүлде алған Маңғыстаулық Тәкенов Атабайдың үйі елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына сыйлыққа тартылады. Маңғыстаулық Назаров Тәжік деген азаматтың киіз үйі Астанадағы Президент мәдени орталығына экспонат ретінде тігілді. Р.Отарбаевтың «Екі киіз үйдің тарихы» атты мақаласында жаңа таққа отырған орыс императоры Николай І (1821 ж) киіз үй сыйлау арқылы Жәңгір Бөкеев оның ықыласын өзіне аударуға тырысса, Өтешқали Атаниязов пен Мақаш Бекмұхамбетов секілді ұлт жанды азаматтар саф алтыннан жасалған киіз үй макетін патшаға тарту етіп, орыстардың қазақтарды жаппай шоқындыру саясатынан айнытқысы келгендігін баяндаған. 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған». [7, 44 б]
«Этнографиялық пайымдаулар бойынша киіз үй халықтың дәстүрлі наным-сенімінде болып келген. Қазақ халқы «Түндігіне қарлығаш ұя салған үй – қасиетті үй» деген сенімде болған. Сондай-ақ халық арасында киіз үй туралы мақалдар мен мәтелдер кең таралған. Мысалыға мыналарды айтуға болады.
1. Келіні жақсы үйдің – керегесі алтыннан.
2. Салқын үй салулы төсек.
3. Кедейді тер қысса, керегесін арқалап тауға шығады.
4. Біреудің үйін жыға білгенмен, тіге білмейсің.
5. Киіз үйдің жақсы болмағы ағашынан.
Ер жігіттің жақсы болмағы нағашыда.
Киіз үй туралы жұмбақтар:
1. Отыз омыртқа, қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа. (киіз үй)
2. Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйектері айқұш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жиса болды, бір-ақ уыс. (киіз үй)
3. Үй үстінде төрт шыбық,
Төртеуі де тең шыбық. (түндіктің төрт бауы)
4. Әкесі баласын көтеріп тұр,
Баласы бөрікін көтеріп тұр. (кереге, уық, шаңырақ)
5. Алпыс келін ат ұстап тұр,
Жетпіс келін жер тістеп тұр. (уық, кереге)
Киіз үйге қатысты ырымдар мен тиымдар:
1. Киіз үйіңнің басқұрын сатпа, басың құралмайды.
2. Киіз үйдің босағасына кәрі жіліктерді іліп қойсаң, тіл-көзден, пәле-жаладан сақтайды.
3. Киіз үйдің белдеуінен ұстап асылма, ауруға көрінеді.
4. Киіз үйге құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін байлап уыққа іліп қояды.
5. Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды». [8. 38 б]

Киіз үй қолдан жасалған алғашқы күмбезді ғимарат. Адам баласының қолынан шыққан барлық күмбезді тас ғимараттар (жер асты кеуектер мен үңгірлерді есептемегенде) жас жағынан киіз үймен таласа алмайды. Барлық халық та, тіпті жабайылар да дүниежүзілік мәдениетке, жаратылыстану ғылымына өз үлестерін қосады.Қазақт халқының сол дүниежүзілік қорға қосқандарының ішіндегі ең қомақты еңбектерінің бірі өзінің киіз үйі.Олай болса киіз үйді сақтап қалу, ол тек қана қазақтарға етілетін еңбек емес, ол дүниежүзілік мәселе.Ол тек қана қазақтар еңбегінің жемісі емес.Ол дүниежүзілік эволюция қортындысы.Олай болса біздер,киіз үйдің қажетсіздігінмойындамас бұрын өзімізге бірнеше сұрақтар қойып және сол сұрақтарға жауап іздестіріп қарауға міндеттіміз. Біздің алдымыздағы негізгі сұрақ – ата-бабаларымызға Ұлы жаратылыс сыйға тартқан, ата-аналарымызға пана болған, үлесімізге тиген жеке дара еншіміщді, осы тамаша көркімен болашақ ұрпағымызға мұра етіп тырыстық. Олай болса, киіз үйді келешек ұрпақтарға мұра ретінде жеткізу міндеттері тұр. Дүниежүзі саяхатшыларының таңдайын қақтырып, бабаларымыздың басын игізген қасиетті киіз үйдің қазақ халқы үшін қаншалықты маңызы бар екенін ұрпағымыздың болмысына сіңіруіміз қажет деп есептеймін. [9.54б]



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сайын Назарбекұлы қазақтың киіз үйі. Астана: Елорда, 2005-96 бет.
2. Арынов Т... Киіз үй атаулары. Жалын №4 64-бет 1987 жыл
3. Арынов Т... Этнографиялық әліпбе. Киіз үй. Ақ желкен.№12 40-43 бет 1995 жыл
4. Бекенов А... Көнеден жеткен киіз үй. Этнографиялық толғау. Социялистік Қазақстан 22 наурыз 1991 жыл.
5. Тәжімұратов... Киіз үй және оның жиһаздарына байланысты сөздер. Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы.1973 жыл.
6. Назарбекұлы С... Қазақ киіз үйі – қазақ болмысы. Маңғыстау 19 шілде 2003 жыл.
7. Әмірқызы К... Патшаны таңдандырған киіз үй. Егемен Қазақстан, 28 сәуір 2001 жыл.
8. Арныов Т... Киіз үй. Қазақтың киіз үйлерінің түрлері туралы. Жұлдыз, №11 1993 жыл. 9. Әбдуов Қ... Киіз үйдің кереметі. Сыр бойы газеті 14 шілде 2001 жыл.
10. Қуатайұлы Е... Киелі киіз үй//Астана ақшамы, 21 наурыз 2002 жыл.
11. Ғаппаров М... Киіз үй – биік өнер туындысы// Қазақстан мектебі. №4 2003 жыл.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться за рубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение в The University of Edinburgh и отправится в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11414
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5183
  • 17
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4159
  • 4
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
вчера / 10:52
  • 4335
  • 61
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4456
  • 88
Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
вчера / 15:19
  • 3266
  • 12
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3572
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3235
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых.
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 3071
  • 21