• 77444
  • 357
  • 33
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Аудандық Парламенттік пікірсайыс турниры

Шілде айының 17 мен 18 күндері Лебяжье ауданы № 1 орта мектебінің базасында облыстық пікірсайыс қозғалысын ұйымдастыру мақсатында аудан оқушыларына арналған пікірсайыс тренингі өткізілген болатын. Тренингті «Самрұқ» Жастар қоғамдық бірлестігі мүшелері жүргізді. Тренинг негізгі теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.

Кіріспе сөзді алған бірлестік жетекшісі пікірсайыстың берер пайдасы мен болашақта пікірсайысшы алдында ашар мүмкіндіктермен тереңірек таныстырды.

Қазақ пікірсайысшыларын жинаған аудиторияда алдымен пікірсайыс форматтары жайында сөз қозғалды. Американдық, Британдық, Президенттік, Карл Поппер, Линкольн-Дуглас форматтарының ерекшіліктерімен танысқаннан соң Американдық Парламенттік форматпен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.

Резолюция түрлері, дефиниция негіздері, құндылықты таразыға салу, аргументтерді құру жолдарын түсіндіріп өткеннен кейін аргумент құру және қарсы аргументтерді енгізу, дәлелдерді теріске шығару дағдыларын дамытуға арналған ойын ойнаған болатын. Осылайша интернеттін теріс және жақсы жақтарын, пайдасы мен зиянын сарапақа салып, аргументтер құрастыру жолдарын, мәселенің әсер ету факторларын түсінген болатын. Оппозиция көшбасшысы, үкімет мүшесі, опозиция мүшесінің сөз құрылымы қалай құрастырылуы керек, олардың міндеттері мен қызметтері жайлы білім алды.

Түстену уақыты жақындағанда қазақ және орыс лигасы бір аудиторияға жиналып «Самрұқ» қоғамдық бірлестігінің қыздары дайындаған кофе-брейктен дәм татқан болатын.

Осылайша пікірсайыс жайлы мәліметті алған оқушылар ойын ойнауға көшті. «бұл палата өлім жазасы ақталады» деген тақырыпты қозғағаннан кейін қатысушылар арасында жақсы жағынан танылғандар болды. Әсіресе Потанин атынағы мектеп пен С.Садуақасов атындағы мектеп оқушылары білімдерінің жан-жақтылығымен танылды. Сонымен қатар дайындық барысында «Бұл палата мектептерде би кешін өткізуге тыйым салады», «Бұл палата әйел адам өмірі жеңіл деп санайды» деген тақырыптарға пікірсайысып, жұрт алдында сөйлеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Жалпы жиынға 18 бала қатысып, тренингті өткені жайында сертификаттармен марапатталған болатын.

Екінші күні оқушылардың сыни, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында, оқушылардың әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында «Самрұқ» Жастар қоғамдық бірлестігі мүшелері аудандық пікірсайыс турнирын ұйымдастырған болатын. Пікірсайыс қазақ және орыс лигаларында өткізілді. Сағат 9.00 де басталған турнирға Черный, Қызыл қоғам ауылдары мен Аққу ауылының оқушыларынан 8 команда құралған болатын. Алдымен екі топқа бөлінген командалар топ ішінде айналым жүйесінде бір-бірімен ойнап, топта бірінші орын алған командалар 1-2 орын үшін өзара кім мықтыны анықтаса, топ ішінде 2 орын алған командалар 3-4 орын үшін пікір сайыстырған болатын.

«Бұл палата мектеп формасы ақталады деп санайды» деген тақырыптан бастаған пікірсайысшылар келесі тақырыптар бойынша да пікірталастырған болатын:

  1. Бұл палата ҰБТ-дан бас тартады
  2. Бұл палата әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салады
  3. Бұл палата ащы шындықтан тәтті өтірік артық деп санайды
  4. Бұл палата қазақ әліпбиінің латын әліпбиіне көшуі ақталады деп санайды
  5. Бұл палата міндетті әскери қызмет ақталады деп санайды

Топтық кезеңде әр команда 3 ойын өткізіп 1-топтан «Самұрық» және «Жастар» фракциялары өтсе, 2-топтан «Қыран» және «Болашақ» фракциялары сәйкесінше 1-2 орын алған болатын.

3-орын үшін өткен тартысты ойында «Бұл палата қала ауылдан артық деп санайды» деген резолюция бойынша «Жастар» және «Болашақ» кездесіп, жүлдеге «Жастар» фракциясы жетті. Топ құрамы: Кайратова Мақпал және Алуа.

Ал финалдық ойында «Самұрық» және «Қыран» фракциялары жекеше білім алу мен стандартты білім алудың қайсысы жақсы екені жайлы сөз қозғаған болатын. Әсет пен Аманжолдан құралған «Самұрық» «Жекелей білім алу – сапалы білім кепілі» деген ойды ұстаныммен шықса, Жанар мен Ғалымбектен құралған «Қыран» фракциясы мектептегі білім баланың қоғамға бейімделуінің негізгі факторы деген ұстаныммен жеңіске жеткен болатын.

Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталған болатын.

 
Самрук МОО NGO_Samruk
21 июля 2013, 11:56
1022

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14708
  • 16
Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
вчера / 21:50
  • 7151
  • 16
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 7508
  • 96
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5733
  • 37
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4916
  • 5
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4570
  • 20
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4424
  • 52
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3396
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3210
  • 45