Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
05:48, 17 сентября 2013

3 күн

Cәлем!Бүгін біздің экспедицияның 3-күні.Экспедицияның өту барысын қазір баяндап беремін.Бүгін ауа-райы жаңбырлы.Сыртта салқын леп соғып тұр.Таңғы астан кейін «Үш бәйтеректің»бірі,алаштың асқақ азаматы С.Сейфуллиннің мұражайына жол тарттық.Мұражай 1988ж 21 қаңтарда бой көтерген.Бізге Айнур Жетпісқызы С.Сейфуллин туралы біраз мәліметтер айтты.Қазақ халқының қазақша сөйлеуіне ат салысқан,алаш халқы үшін тағдырдың ащы мен тұщысын көрген атамыз туралы мәліметтер алу біз үшін үлкен мәртебе.Blog post imageОнда Сәкен атамыздың киген киімдерін,жазған хаттарын,қалдырған кітаптарын т.б көргенде өте таңғалдық.Ол «Айша»повесі,»Көкшетау»романы секілді біраз еңбектер қалдырған.Өкінішке орай,»халық жауы»деген жала жабылып,1938ж сағат 16:40-та ,44 жасында ату жазасына кесілді.Міне,Айнур Жетпісқызы бізге осындай секілді көптеген мәліметтер жеткізді.Мұражайдан кеткіміз келмеді.Бірақ бізде уақыт өте тығыз.Себебі қазір біз,мұсылман қазақты бір ортаға жинаған,Тәуелсіздік даңғылында ойып тұрып орын алатын «Хазірет-Сұлтан»мешітіне бағыт аламыз.Blog post imageАқ мәрмәрдан тұрғызылған әсем мешітке 12000 адам келіп,бірдей намаз оқуға болады екен.Жобаның бас жетекшісі «Сэмбал»түрік компаниясы.11 елден керек материалдар алынған .Мыс:Швеция,Қытай,Италия т.б.Алып жатқан аумағы:17000 шаршы метр.Мешітті бізге жан-жақты таныстырған бас имам орынбасары Бақытжан Өткелбаев.Мен үшін жаңалық болғаны:»Хазірет-Сұлтан»мешіті Орта Азия бойынша ең үлкен мешіт.Кешкі астан соң ,біздің соңғы аялдамамыз, Астаның символы атанған-Бәйтерек болды.Blog post imageМұндай көрікті,қарасаң көздің жауын алатын,әсем,биік ғимараттың негізгі идеясы Елбасыға тиесілі екендігін білгенде өте таңғалдым!Бәйтерек 105 м биіктікте орналасқан.Біз 97 м биіктікке шығып, елбасының қолы қойылған жерге қолымызды қойып арман,тілек тіледік.Бәйтеректі көріп мен өте таңғалдым.Сонда ғана мен Астана-EXPO 2017-ны өткізуге нағыз лайық шаһар екендігін шын түсіндім.Бүгінгі саяхат маған өте ұнады.Шынымды айтайын»Қазақстанның жүрегі ,Орта Азия тірегі болған Астана жасай берсін!»деген сөздер есімнен кетпеді.Саяхаттан алған әсерім өте жоғары.

0
922
0