• 89084
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қажымұқанның құпиялары

Қажы бабамыз 1983 жылы 100-ге келгенде, бүкіл Қазақстан болып аузымызды ләм деп ашпаппыз. Тәуелсіз Қазақстан 1993 жылы да 110 жылдығы тұсында үн-түнсіз қалғаны белгілі. Ал биыл күш атасы Қажымұқан бабамыздың дүниеге келгеніне тура 130 жыл толады. Осыған орай қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасовты өз көзімен көрген, қажымұқантанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дербес зейнеткер Қалиәкпар Әміржановты әңгімеге тартқан едік.

– Мен Қажекеңді 8-11 жа­сым­да көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы Шарлақ (бертін Дро­бышев, Нововоршавка) ауданындағы Қаратомар ауы­лында тұратынбыз, – деп бастады әңгімесін Қалиәкпар аға. – Қажекең әр уақытта сондағы

Г.Дмитров атындағы колхозда орналасқан ауыл советінің сес­сиясына бір топ белсенділер­мен бірге келіп жүретін. Жол­шы­бай түсетін жері – менің әкем­нің үлкен ағасы Аманжол­дың үйі.

Есенбай атам жуан талдан дойбы жасап, соны ойнауды үй­рет­кен-ді. Қажекең бір келгенде үйдегілердің айтуымен дойбы да ойнағанмын. Артынан Қажекең жеңіліп қалғанда (әдейі жеңілген шығар) дойбымды ұрлағандай қимыл көрсетіп, үйде отырғандар мәз болып жататын.

Қажекеңнің 1910-37 жыл­дарға дейінгі келіп, кетіп тұрған елі –Омбы облысының Шарлақ ауданы, «Жаңа жол» колхозы (төре ауылы). Менің әкем Көш­кімбай 1939 жылы қайыншылап осы араға көшіп келді. Сол 40-шы жылдары бірінші әйелі Бә­тимадан (Н.Н.Чеп­­­ков­ская­дан) туған Халиолла, екінші алған әйелі – Ырысты үш қызымен «Жаңа жолда» төре ауылында тұратын. Біз сол мекенде 1939-41 жылдары Қажымұқанның Ырыс­ты атты тоқалымен, оның қыз­дарымен үй арасында үй жоқ көрші тұрдық.

1909 жылы Қажекең Надежда Николаевна Чепковскаяға үй­ленеді, 1925 жылы Тыныбай қызы Ырыстыға, 1938 жылы Мұнәйімға, 1946 жылы Айша­гүлге үйленеді. Менің жақсы білетінім – «Сибкрай»(Ресей) өңіріндегі жұбайлары, жұрағат­тары. Бірінші неке қиып алғаны Н.Н.Чепковская (Бәтима), 16 жастағы аттың құлағымен ойнап жүрген «цирковая наездница», теп­се темір үзетін әртіс бол­ған. Осы Бәтима апайдан 1910 жылы Қажымұқанның ұлы Ха­лиолла туады. Халиолла 16 жасқа толар-толмаста Шәпен атты қызды алып беріп, отау жасап, жеке шығарады. Біз сол елде тұрған жылдары (1939-41 жж) Халиолла үйлі-баран­ды, іргелі отбасы болған, сол «Жаңа жол» кол­хозының төрағасы еді. Ха­лиол­ланың жеті баласы болды. Ең үлкені – Шабдан 1927 жылғы, менің досым. Екіағаш орта мектебінде бірге оқыдық. Ұзын бойлы, палуан атасына тартқан. Ол әскерге барып, сол жақтан бірден елге қайтпады. Қажекең­нің (Шымкент облысына) қолына келіп, үйленген, қазір зейнеткер, Омбы облы­сын­дағы Шарлақ совхозының Платоновка деген бөлім­шесінде тұрады. Мен ағайын аралап жүріп 1999 жылы Шабданмен әдейі барып кездестім.

– Халиолланың басқа да бала­ларын білетін боларсыз?

– Халиолланның кейінгі бала­ларының аттары: Фарида, Разия, Жанайдар, Елтай, Құлымбет. Орыс әйелінен туған баласының атын білмеймін.

Ел айтуынша, ақырғы екі не­мересінің атын азан шақыртып Қаже­кеңнің өзі қойған. Сол уа­қыт­та Қазақстан басшылары Ел­тай Ерназаров, Ұзақбай Құлым­бетов болыпты. Бір немересін Елтай, екіншісін Құлымбет атауы соларға тартып зиялы азамат бо­лып, ел басқарсын деген ойы бо­луы керек. Құдайға шүкір, Қаже­кең сол жалғыз Бәтимадан туған Халиолладан жеті немере көрді. Олардан тараған шөбере­лерін сана­май-ақ қояйық. Омбы өңі­рінде «Жілік сындыру» деген дәс­түр бар. Жылқының тоқпақ жілігі. Елге бір барғанда жігіттер, тамақ­тан кейін қолға орамал орап, сол дәстүрге кірісті. Көбі жілікті сын­дыра алмай, бір кезде, толықтау келген, жұмыр жігіт сарт еткізіп жілікті екіге бөлді де тастады. Отырғандар: – Бұл Ха­лиол­ланың баласы, пәленше (атын ұмытып­пын) дегенде, үй­дегі ақсақалдар: «Халиолласы не, марқұм Мұқаң­ның аруағы ғой оған күш беріп тұр­ған. Айналайын, өркенің өссін!» деп батасын беріп жатқаны есімде.

– Бәтима әжеміз қандай жан еді?

– Бәтима апай ақжарқын, кез­­дескен адаммен шүйіркелесіп кететін. Мінезі байсалды, ислам дініне кіріп Бәтима аталуының өзі бір ғажайып көрініс. Әрине, мұны істеткен Қажекеңнің абы­ройы, қазақ халқының әйгілі аза­матының ісі. Бәтима апайдың айтқан әңгімелерінің ішінде есім­де қалғаны қазақ жұртының бұ­рын­ғы дәстүрі, қыз беріп, келін тү­сіру, қалындық ойнауы салт­тарын әдемілеп кел­тіретін. Акценті болса да қазақша жақсы сөйлейтін. Бұл кісінің тағы бір қа­сиеті: Қажекең 1925 жылы Ырыстыға үйленгенде, әрине, өкпелейді, бірақ алысқа кетпейді. Бұрынғы өздері балалар үйінен асы­рап алған баласы Ғабдол­ланың қолына барып, Халиолланың қызы, өзінің немересі Разияны бауырына басып алады. Қаншама өмір­дің тауқыметін көрсе де, Бәтима апай күйеу­ге шыққан жоқ, Разия не­ме­ре­сін оқытып, тәрбие­леп, Хамза Сәрсенов деген қа­зақ жігітіне қосып, со­лар­дың қолында 1966 жылы дүние салды.

Ырыстыға ке­лейік. Бұл кісі қараторы­ның әдемісі болатын. Ау­зын­да сөзі бар, жан-жақ­ты, шы­ғар­­машылық қабі­ле­ті бо­латын. Қа­же­кеңді қо­сып балаларының аузы­на салып берген шы­ғарған өлеңдері де болған. Осы ара­да айтайын дегенім, Ә.Қо­ңырат­паев: «Арада жылдар өтеді», Бәтимадан соң Ырыстыға үйленді. Бұл әйелінен үш ұл, үш қыз көреді» («Күш атасы», 155-бетте) деп жазды. Үш қыз көргені рас, ал үш ұл Ырыс­тыдан бол­маған. Ырыстыдан туғаны – София, Әзия, Рашида. София мені­мен жасты болатын, 1926 жылы туған, Әзиясы – 1928 жыл­ғы, Рашида – 1930 жылғы. София бойы сұңғақ, әкесіне тартқан, 1950 жылы опе­ра­циядан қайтыс болды. Әзиясы белшең, қыз болса да төртбақ. Ол кезде Үйіртіп базары (Железинка ауданы, Павлодар облысы) болып тұрады екен. Сол базарда Әзиясы палуан­ның алдына шығып:

«Жетіге, міне, келді менің жасым,

Көтерем екі пұттық кірдің тасын»

– деп өлеңін айтып келіп, кір көтер­генін Әзияның өзі, бас­қалары да айтатұғын. Балалар қалжыңдасқанда біріне-бірі: «Әй, сен мықты болсаң Әзиямен кү­ресіп көрші» дейтұғын. Әзиясы бер­тін келе әкесіне келіп Қы­зылорда жағында күйеуде, осы облыстың Шиелі ауданы, Ленин атындағы колхоздың «Алғабас» бөлімшесінде тұрған деп естідім.

Ырысты және ең кіші қызы Рашида 1942-1944 жылдары екеуі де қайтыс болды.

Жоғарыда айтып кеттік, екі не­мересінің аттарын Қажекең өзі қойған деп. Менің бала шақта есті­генім бойынша, Софиясын – Болгар елінде, Әзиясын – Шығыс Азияда жүргенде тауыпты, сон­дықтан сол жүрген жердің, қала­ның аттарын еске алып, өзі қойған есімдер екен. Шынында да қа­раң­ғы қазақ Софияны (Болгар ас­та­насын), Азия (Жер бөлшегі еке­нін) қайдан біледі?

– Қажекеңнің тұңғыш баласы – Ғабдолла, екіншісі –  Халиолла ғой? Олармен кездескен болар­сыз?

– Әрине. Ұлы Отан соғысы бас­талғаннан кейін көп уақыт өтпей Қажымұқанның ұлы Халиолланы соғысқа алып кетті. Бала-шағасымен жұбайы Шәпен жұртпен бірдей күндерін көрді. Бертін келе майданнан оралған Халиолла елдегі отбасына бармай, Шарлақта тұрып райзагстың бастығы болып жүрген бір орыс әйеліне үйленді. Өзі аудандық механизатор мектебінің ағаш-өңдеу цехында жұмыс істеді. Мен сол жылдары Шарлақта қызмет істеп жүрдім. Әр уақытта кездесіп, әңгімелесетінбіз. Мен бастық болып тұрғанда жұртқа керек едім, қазір маған адам қарамайды» деп өкпесін айтатын. Бертін келе (1975 жылы) Омбы жағына барып жүргенде Халиолланың орыс әйелі қайтыс болып, сол әйелінен туған баласы мен қазақ әйелі Шәпеннен туған балаларының ма­ңайына келіпті деп естідім. Сон­да Омбы облысындағы Пла­тоновкада көп уақыт тұрса керек.

1999 жылы баласы Шабданмен кездескенде: «Папам қайтыс бол­ды» деді де қойды. Қажекеңнің Халиолла баласы – қыр мұрын, шашы, қасы, мұрты қап-қара, қа­раторының сұлуы болатын. Дене құрылысы тіп-тік, орта бойлы зиялыға ұқсайтын. Мұқаңның бұл баласы әуелі әскерге барып, боры­шын өтеп келді, содан кейін кол­хоздың төрағасы, артынан Отан соғысына қатысып, оның ардагері болды. Палуанның немере, шөберелерінің өсіп-өнуіне, алты бала тапқан Шәпен жеңгеміздің еңбегі өте зор.

– Қажекеңе байланысты есте­ліктерде ең бір өкініштісі, палуан­ның Ғабдолла деген үлкен баласы туралы дерек жоқ. Неге?

– Тағы да Ә.Қоңыратбаевқа жүгінейік («Күш атасы», 155-б.) «...Ырыстыға үйленеді. Бұл әйелі­нен үш ұл, үш қыз көреді». Ер ба­ла­ларына келгенде – «Бірі тер­­геуші» дейді де қояды. Сол тер­­­­­­­­­­­­­­геуші деп отырғаны –Ғабдол­ла. Бірақ ол Ырыстыдан тумаған. Маркс Қызыкенов («Күш атасы» 15-29-б.б) жазып алған әңгі­ме­сінде, бәйбішесі Бәтима апай да ол баласы туралы ештеңе айт­пайды.

Сол төре ауылында («Жаңа жол» колхозы) тұрған кезде менің естігенім: 20-30-жылдары әке-шешелері өліп, жетім қалған ба­ла­лар көбейіп, үкімет тарапынан «ұйымдастырылған» «Балалар үйлері» пайда болады. Сол кездегі қамқорлықтың, мейірімділіктің бір түрі – бала асырап алу болған. Қажекең «Балалар үйінен» бір баланы алып, мұсылманша Ғаб­долла (одан кейінгі туғаны Ха­лиолла) деп атын қойып, өз ба­ласындай тәрбиелеп, Ғабдоллаға өзінің атын, фамилиясын береді. Сөйтіп, Ғабдолла Мұқанұлы Мұңайтпасов кейінірек Омбыда заң қызметкері болған. Елдің тағы бір аңызында: «Жоқ, Ғабдолла палуанның бел баласы, анда-мында әгу-гәйді салып жүргенде болып қалған дейді. Олай да бо­луы мүмкін. Сол Ғабдолла 1941-43 жылдары біз тұрған Дробышев (қазір Нововаршавка) ауданына көшіп келіп, тергеуші болып іс­теді. Ғабдолла жалғыз келген жоқ. Қолында өгей шешесі Бәтима апай (Қажекеңнің бірінші әйелі), өздері бауырына салған Разиямен (Халиолла қызы) бір отбасы бо­лып тұрды. Сол соғыс жылдары қызмет бабымен Ғабдолла елге шығып жүрді. Жездем Жәнтемір Айдосовтың үйінде («Екіағаш» ауылы») ақырғы рет кездескенім бар. Орта бойлы, түрі ақшылдау, үстінде белбеуімен калың күрең шұғадан жасалған әскери бешпеті бар. Сыйлы қонақ келді ғой деп Жәнтемір жездеміз қисса айтатын өлеңшіні шақырған екен. Жас­тықты қолтығына басып жатып, тыңдап, әр жерде өзінің лебізін білдіріп, қиссаның кейіпкерлері ұнаса «молодец» деп, ұнамаса «мынауың бір «сволочь» екен ғой» деп қоятын. «Ақшаға» аудандық прокурор кеңесіне барып жүр­генде Мұңайтпасов қайда деп сұ­рап қалсаң, кейде: «А, Александр Михайлович» кейде: «Абдул Муканович» дейтін.

Александр Михайлович деген­дерінде ештеңе жоқ. Ресейде на­ғыз қара қазақтың өзіне орысша ат қойып алады. Қазақша акцент­пен сөйлесе де, қазақ тілін жақсы білетұғын. «Халиолла болса, со­ғыс­та. Оның, әкемнің (Қажы­мұ­қанның) бала-шағалары қалды, осыларға бас-көз болайын деп, осы ауданға сұранып келдім. Бұ­лардың тұрмыстарын көрсем ішім ауырады, көрмей жүргенім жақсы еді» дейтін.

1944 жылы Ғабдолла Мұңайт­пасовты Омбыға көшірді, бір жылдай прокурор болып тұрады. Содан кейін ол кісі партия мен үкімет шешіміне байланысты Батыс Украинаға Бендершілерге қарсы күреске барып, прокурор болып жүрген кезінде қаза табады. Бендершілдер оны атып өлтіреді. Міне, Қажекеңнің асыраған, тәрбиесін көрген ең үлкен ұлының бірі, Отаным, елім деп, өз еркімен барып, сол кездегі кеңес өкіме­тінің саясатына жан-тәнімен бе­ріліп өліп кетті. Азаматтық қой. Палуанның адамгершілігі ме, қайырымшылығы ма, әйтеуір орыстың (мүмкін өз ұлы) баласын асырап, мұсылманша ат қойып, қазақша үйретіп, заң қызметкер­лерін даярлайтын оқу орнын бітіртіп, қазақ халқының ұлттық психологиясына дейін бойына сіңіріп ержүрек азамат жасағаны. Міне, менің білетін палуанның «Сибкрай» өңіріндегі ұрпақтары – осылар. Ал енді Ырыстыдан қал­­ған София мен Рашида ерте дү­ние салды. Ырыстыдан туған Әзия қызынан бір қыз бар деп ес­тідім, ал Шымкент маңайын­дағы, Мүнәйімнән – Айдархан, Айдар­ханнан – Шаттық, ең соңғы то­қалы Ай­ша­­гүлден – Жәнәбіл,  Жә­нәбілден – Жанар.

– Қажы бабамыздың әлі біз біл­­­мейтін ұрпақтары болуы да мүм­кін ғой?

– Шынында да менің білетінім өзінің заңды, некесін қиып алған әйелдерінен туған Халиолла, Айдархан, Жәнәбіл. Ғабдолла туралы жоғарыда айттық.

Әрине, палуан ағамыз жас бол­ды, мас та болуы мүмкін. Өз көзімізбен оқығанымызды, өз құлағымызбен естігенімізді несіне жасырамыз. 1960 жылы Қызылор­даға Москва циркі келіп, ондағы Николаев деген палуан өзін Қа­жы­мұқанның баласымын деп жариялағанда, халық нөпірі отыз күндей цирктің алдын бермейді. Бұл – қазақ халқының батыры Қа­жымұқан Мұңайтпасовқа деген құрмет, үлкен ілтипат болатын. 2005 жылы маусым айында Омбыдағы цирктің директоры­ның орынбасары болып істейтін, өзі бала кезінен цирктің аре­насында қызмет істеген Евгений Юрьевич­пен кездестім. Оның айтқаны:

– 1960 жылдары болу керек. Бізге бір айдай жыл сайын келіп-кетіп білек күшімен (силовик) ойын көрсетіп жүрген Герасимов: «Мен Қажымұқанның баласы­мын, осы Омбы облысында тұра­тын менің ағайындарым бар» деп, Шарлақ, Русская поляна, Дро­бышев (Нововаршавка) аудан­дарына сұранып, апталап барып тұратын. Бұл әңгімені сол жыл­дары елге (Омбы облысына) аман­дық-саулық білуге барып жүр­генде мен де естігенмін. Жайық­бай деген менің жолдасым: «Еңгезердей бір орыстың жігіті келіп, шешемнің айтуы бойынша, менің шын әкем Қажымұқан деп әдейі іздеп келдім дегеннен кейін, ел болып қарсы алдық, мал сойып, Қажымұқан аруағына ас бердік» деген еді.

Енді «Караван» газетінің 2009 жылғы №15, 10 сәуірдегі са­нында Қажымұқанның Айдар­ханнан туған немересі Шаттық:

– «1996 г. мы к своему удивле­нию получили приглашения из Франции, где как выяснилось у Кажымукана остались дети от жены француженки. Они приг­ласили нас приехать, но отец (Ай­дархан), как член партии наотрез от­казался ехать «к бур­жуям» и боль­ше мы связь с ними не поддер­живали» дейді. Қаже­кеңнің бала­ла­рымыз деп жүрген азаматтар мүм­кін жалған да болар, бірақ Қажымұқан деген атының өзі жалғыз қазақ халқының мақ­танышы емес, басқа да ұлттардың өкілдері бұл есімді мақтан етіп, атын шығару үшін пайдаланған ғой деген де ой келеді. Онда тұрған не бар? Француз императоры Напо­леонның неме­нелері, Ре­сейдегі II Николайдың, Кеңес Одағын бас­қарған Сталиннің шөберелері Еуропа, Азияда еміс-еміс табылып жатқан жоқ па? Біздің Қажы­мұқанның олардан кем болмағаны байқалып-ақ тұр.

– Әңгімеңізге үлкен рақмет!

     

Сұхбаттасқан - Төреғали ТӘШЕНОВ

 
nazgulnaz
7 февраля 2013, 8:58
603

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 26778
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10911
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10567
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 8997
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7254
  • 19
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5600
  • 36
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5982
  • 78
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
вчера / 13:14
  • 5602
  • 5
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09