Тікелей эфир

Айқап: «Қазаққа алалық қайдан келді»?

1915 жыл

«Қазаққа алалық қайдан келді»?

Петерборск императорск публичный библиотекада Росийский закондарын жинаған кітаптарды ақтарғанда, оқып қарағанда екінші Екатерина патшаның шығарған құпия указ қағазы ұшырайды. Сол указ көшіріліп алынса да бүгін де қағаздар арасынан табылмай жүр. Солай болса да 1775 һәм 1780 жылдардың арасында шыққан закондар арасынан іздеген кісіге табылса керек?!

Бұл указ өткен уақытта құпия болса да бүгінде закон болып шыққандықтан, әркімге оқуға болады. Указ Орынборск генерал-губернатор жәнәптеріне жазылған екен. Сөзі ойдан шығып ұмытылмаса, былай сықылды еді:

1) Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларыменен араз етіп, бірі менен бірін қас етіп, бірінің етін бірін жеуге себеп болыңыз.

2) Сұлтандарын бірі менен бірін араз қылып, бірі мен бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз.

3) Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қоластындағы ақсақал адамдарымен араз қылыңыз. Арасына от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір даярлай беріңіз.

Осылайша арасына от тұтатып, береке-бірлігін алсақ, өзара азып, тозғандықтарынан қазақ-қырғыз жұрты бөтен патшалық қол астына көшіп кетерге дәрмені болмас. Өз-өздері қырық пышақ болып, қырылысып, жеңілген жағы жеңген жағынан өш алар үшін, күш алар үшін Россия патшалығына жақындар уа патшалыққа қорғалар. Сол уақытта Россия хүкіметі араларына төре болып, төрелеп, ретіне қарай я анасына, я мынау жағын қуаттап тұру керек. Түрлі амалменен сұлтандарының күшін кетірсек, өзімізден озып ешқайда кете алмас. Келетін, кететін жері өзіміз болып, тілегенімізше қақпалап жортармыз. Россия патшалығының бұл амалына бөтен қазақ-қырғыз алданып тұзаққа түсті, өте тез Кіші жүз алданды. Кіші жүзде үш атаның баласы бар еді. Бірісі, алты аталы Әлімұғылы, екіншісі, он екі аталы Байұғылы, үшінші жеті аталы Жетіру еді.

Бұлар құтыртушыларының, от тұтатушыларының тіліне еріп, солардың амалына түсіп, қалмақ пенен қытай сықылды бір-біріне жау болып, бастарына қара күн туғанда бір-біріне қараспайтын болды. Араларында күнде соғыс, күнде барымта, күнде тартыс болып, аттан ат, көттен көт қалмайтын болды. Пәленше-түгеншелері өлді, қырылды, жығылды деп жараның аузын ашқандай болып не ғылайын, осы күнге шейін сол үш ру араларында татулық жоқ.

Хүкімет ақылды болып надан, соқыр қазақты өзінің амалына түсіріп алды. Береке-бірлігін кетіріп әлсіретті, айтаққа жүгіріп, есі шығып бейшара қазақтарда қазақ әрі қазақ намысы қалмады, айтаққа жүгіру жарай ма, жоқ па деп ойлаушы да болмады. Бірақ хүкімет ақылды болып өз пайдасын тапқан соң Россия хүкіметіне өкпелеу, кінә қылу орынсыз болғаны сықылды надан ата-бабаларға да өкпелеп болмайды.

1898 жылда дала облысындағы қазақ жұртын басқармақ үшін уақытша положения шығарылды. Бұ положенияның мұраты жоғарыда айтылған указды орнына келтіріп, қазақтың бойына сіңіру еді. Волостной управитель, ауылнай, старшина деген түрлі лауазымдар шығарылып, қазақ жұртының береке-бірлігін кетіруге себеп болды. Бұл лауазымдарды ақшаға сатып алатын болды. Қазақтың өзара қырық пышақ болып қырылысуына себеп болды. Болыс болған кісі шығарған шығынын қайтарып алу үшін қоластындағы жұртқа артық ақша салатын болды. Артық екенін біле тұрса да жуан білек болыс бармақ сілкіп қойды, болыс үстінен арыз жүрмейтін заман болды. Бұл уақытша положения қазақты бірлестірумен қоймай, жерінен айырып, жерін патшалық қылды. Жерден айыруменен қоймады мүфтиден де айырды. Хүкімет хақиқатына түсінді, екінші Екатерина указының пайдалы екенін аңдады. Сондықтан 1891 жыл 25 хамалда уақытша положенияға «Степной положения» деп ат қойды, аз-мәз өзгертіп қазаққа закон қылып қойды. Осы күнде қолданып жүрген законымыз степной положения-дүр. Осында бірі мен бірі тату қазақ жоқ, ата баладан, іні ағадан айрылатын заман болды. Народный судьялық үшін халық партия, партия жақ-жақ болып, бірі мен бірі соттасып, хүкімет есігінен есік, тесігінен тесік қоймай таптап бітірді. Екінші Екатеринаның указы шыққалы жүз жиырма жыл болды, содан бері қазақтың бір-біріне қылған қастықтары санап бітіргісіз көбейіп кетті. Қазақтың сүйегіне сіңіп, бір-бірін аңду, біріне-бірі шұқыр қазу, ана-шеше сүтімен бірге емдірілетін болды, емшек сүтіменен сіңген бір ауру болды.

Осы күнде қазақты етіне сіңген ауырудан құтқару үшін Жиһанша мырза Сейдалин «Сияз жасау керек» деп, өзінің тапқан даруын жұрт ортасына кеңеске салып, «Айқап» журналына жазды. Бұл тапқан дару пайдалы дару болғандықтан, көп қазақ сияз болса екен деп тілеулес болып тұр.

Әлихан мырза Бөкейханов бұ сияздың пайдалы дару екеніне қарсы, орынды-орынсыз дәйек көрсеткен болады, көзге құбыжық елестетеді, құбыжықтың болатыны да рас, бірақ біз бес жасар бала емеспіз ғой. Әлихан мырзаның Сиязға қарсы келуі, пайдасы болмайтынын дәйектуге қарағанда Жиһанша мырза Сейдалинға қарсы болу жағынан қарсы келгендігін өзінің жазған сөзінен оқыған қазақ былай тұрсын, қарапайым қазақ та аңларлық. Жұрт намысы, жұрт ары қазақ үшін ондай кейкиіскенді тастап, бір ауыздан сөз шығаруға керек деп білемін. Бұлай керектігін Бөкейханов өзі білсе де, бірақ жеңіп кеткен сықылды көрінеді.

Әлихан мырза:

— Хан баласында қазақтың хақы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын, — дейді. Бірақ бұл мырзаның бұлай жалғыз шабуын жұрт ұната қоймайды, ететін қызметі қандай қызмет екендігін халық түсіне алмай тұр. Ахмет мырза Байтұрсын баласы:

— Қазақты атып жеген де, сатып жеген де төрелер еді, әлі де болса төрелер борышын өтерге тиісті, — дейді. Бас қосып кеңескенді жақтырыңқырамайды, кекесінді сөздер жазады. Байтұрсынов мырзаның екінші Екатеринаның шығарған законының бел баласы болуын жұрт жақтырыңқырамай ренжиді.

Қазақты емдеп жазады деген бақташыл арымыз ауыру болса, оған дәріні қайдан табамыз. Қазақ болған соң, қазақта қазақтың хақы жоқ дей алмаймын. Қазақ қазаққа пайда қылса көп емес, ұят-шамын құры кекесінді бос сөзімен біреуді оқтамай, қақпай, өзі адасқан қазақты онан сайын адастырмай, түзу жол салу керек деп білемін...

Сорлы қазақ жұртын оқып шыққан жас өспірімдеріміз ілгері қарап тартпаса, кім тартады? Соның үшін өспірімдеріміз бала сықылды құбыжықтан қорқып тұрмай іске кіріссе қарапайым қазақ біз де жәрдемде болар едік. «Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді, өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дейді» деген сөз бар еді. Жатсақ та, тұрсақ та біздің қазақ жігіттерін өсер елдің жігіттеріндей едік деп тілеп тұрмыз. Әлихан мырзадай тауы шағылған, қаруы қайтқан кісілердің сөзі оқуға жақсы болса да, қолдануға ыңғайсыз, жайсыз болады.

Жардай Қарасарт баласы

«Айқап» №2, 1915 ж.

________________________________________________________________________

«Алаш» айдарында жарияланған ұқсас мақалалар:

Есенғали Қасаболатов: «Қазақ жастарына»

Ахмет Байтұрсынов: «Аз уақытта көп білу жолының басы»

Уалиолла Халели: «Тіл сақтаушылық»

Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»

Мағжан Жұмабаев: «Дала. Қала.»

Әлихан Бөкейханов: «Ұят-ай»!

«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі

Алия Arsik
22 қаңтар 2013, 14:16
2944

Loading...

Пікірлер

Осындан кейін пайда болған түсінік: Добровольное вхождение в состав империи.
Черкестердің ресейлк иудалары осы күнде 450 жылдықты атап жүр. 450-летие добровольного вхождения Черкесии в состав империи.
Орта Азияда да сол. Добровольное вхождение народов Средней Азии в состав Российской империи. Қырғыз, өзбек, түркмен жтб.

Білгір, тактикалық қимыл. Геополитика жағынан Ресейге +5 Үйренуге тұрарлық нәрсе.

Егер әлі күнге дейін фолк-хистори үйретсек мектептерде қалай құтқару болмақ?
Мектептегі қазақ тарихының басты жауы - жоңғар. Тарихтың көбісі солардың айналасында. Ұят
аа, ия, рахмет! тағы жазыңыз
Tili ozgeshe bolgan eken a) Kishi juz jaiynda jaman aytypty birak)
Кіші жүз тек мысал барлық қазаққа айтыған ғой!
"әлімұлы, байұлы, жетіру", "осы күнге шейін сол үш ру араларында татулық жоқ".
сонда қазақта қай рулар араларында татулық бар, білгім келгені. Елбасымыздың "ұйқыдан тұрған кезде барлығы бір ұлттан, көздері, шаштары, терілерінің түстері бірдей болса да, түске қарай араларында ерекшеленгісі келіп тұратыны байқалады" деген сөзі қатты ұнады. Қарапайым мысал: кез келген жанұядағы, отбасыдағы балалар да бір-бірлерінен ерекше, үздік болғылары келеді де тұрады, одан кейін өздерінің балаларына күш салады, солай кете береді сөздің шыны керек.
Қазір кімнің кімге бағынған заманы?!
Мен сізге неліктен ренжимін. Өзіңізге неге ренжімейсіз?

Қате болып кетті. Дағдылықпен "а" деп жаздым.

Сіздің реакцияңыз қызық екен. Абай мен Сұлтанмахмұтты оқымаған сияқтысыз. www.kazakhadebieti.kz
Мынаны оқып
"Емесдур риядан, хақ ниетім...
Хәр түрлі мұһим істен файда алатын"

Жастар шатаса ма?

Абайдың мынауы ше?
"Әлбетте, ғылым құдіреті бар болады: хаяты - мағлұм, бірі - ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол еш нәрсеге харекет бермейді. Һәммаға харекет беретұғын өзі. Ол ирада ғылымының бір сипаты кәләм, яғни сөйлеуші деген, сөз қаріпсіз, дауыссыз болушы ма еді?"
Бұл тек арап емес, түркі, парсы тілдерінің жинағы.

Кәрі профессорларды тындасаңыз кейде солай сөйлеп қояды. "Адаби", "мәселен-ки"

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
24 нау. 2017 / 17:54
  • 81805
  • 75
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 6361
  • 52
Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 5491
  • 42
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4469
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 3987
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4169
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 3142
  • 31
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 нау. 2017 / 2:13
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев есть...
Naomi_K
вчера / 9:42
  • 3133
  • 30