Тікелей эфир

«Қазақ жастарына»

«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап», «Қазақ» басылымдары беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, оқырмандарымен бөліспекші. Алғашқы материалымыз 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білім мен тәрбие тақырыбына арналған, келесі материал Уалиолла Халелидің тіл мәселесі мен педагогика турасында, Ғұмар Қараштың халық бірлігі мен тіл, әдебиет мәселелеріне арналады. Бүгінгі Есенғали Қасаболатовтың мақаласы жастарды халық игілігі үшін еңбек етуге, өнер-білімге шақырады.


ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА

Басқа жұрттардың жастарына қарасақ, бәрі де өнерпаз болып, түрлі-түрлі пайдалы істер істеп, заманның төріне қарай бірінен-бірі қалмай, білімін асыруға тырысып жатыр. Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші. «Баста ақыл жоқ болса, аяққа күш түседі» дегеннің мағынасы осы. Ақсақ қойдай артқа қалған халықты қатарға кіргізетін, заманның амалына түсініп, жол көргізетін жаңа талап, талпынған әр жігіт, жастар болса керек еді. Бірақ қазақтың оқып шыққан мырзалары ондай амалды талап етіп ілгері ұмтылғандары бек аз көрінеді.

Қазақтың қазақ болып, жоғары орындарға бара беріп, доктор, адвокат һәм ғаири кәкім болып жүргендері жоқ емес. Бірақ бүгінге шейін қазақтан пәленше ғалым (образованный) адам шығып, қара қазаққа пайда келтіріп жүр дегенді ешкімнен естігеніміз жоқ.

Гимназия, реальный мектептерінде һәм университетте оқып жүргенде баршамыз да құр тілмен жұртқа пайда келтірмекшіміз. Қараңғыда қармалып жүрген жұртты қолынан ұстап жарыққа шығарып, әлдеқандай іс істемекшіміз. Бірақ оқып бітіріп шыққан соң оның бәрі де ұмыт болады. Бір жерге хакім болу қамына түсіп, еліміздің қай жақта жүргенін де білмейтін боламыз. Ауыз бірлігіміздің жоқтығынан біріміз анда, біріміз мұнда азып-тозып жүрміз. Біріміздің айтқанымызды басқамыз тыңдап, дұрыс болса жөн деп, бұрыс болса мұның былай емес деп жөндеп, кеңесіп тұрмағандығымыздан, жұртқа пайдамыз тиіп басшы бола алмаймыз. Қанша оқу оқып ел аралап, жер кезіп, басқа жұрттың әдебиетін үйреніп, әдетін істеп жүрсек те, бірқатарымыздың надандығымыз қалмайды.

Біздің қазақтың ілгері орындарда оқып шыққан жігіттерінің және бір келіспеген ісі — қазақ ішінде тұрып қызмет етпей, басқа жұрттар арасында тұрғанды тәуір көреді. Мұның не себептен екенін білмеймін. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген, ел ішінде хакім болып, не болмаса өзге жұмыспен тұрса да кімде-кім күнін көрер еді. Жалпы халық арасында рет білген кісілердің жоқтығынан ел жүдеп-жадап, кім болса соның аузына қарап, жөнін біле алмай аңырайып тұрғаны.

Ел ішінде ауру-сырқауымыз болса, доктор жоқ, күтуші жоқ. Ауру бірінен-біріне жұғып, күшейіп елімізді қырып бара жатыр. Ел арасында заң жоқ, шариғат жоқ, теңдік бітіп, әділшілік кетіп болған. Бай кісі жарлыны жылатып, қарғап, барды-жоқтан бәле салып, екі бұзаулы сиырының бірін алып бала-шағасын аш тастайды. Жөн айтқан бір адам жоқ. Бозбаланың ұрлық-өтірігі аралас, жолдан тозып болды. Ақыл берген бір кісі жоқ. Осындай неше түрлі пәлекетті көрмей жүруіміз, жол білген жігіттеріміздің өз халқын бұ секілді бәледен құтқаруға еңбек етпеушіліктері зор айып деп білеміз. Осыны білу оқыған (образованный) дарымызға міндет деп түсінеміз!

Кел, мырзалар, жаңа талап жастар! Елімізге қызмет етелік, жұрт істегенді біз де істелік, көрінгенге күлкі болмайық.

Студент Есенғали Қасаболатов

«Қазақ» газетінің 1913 жылы 1-наурызда

№4 санында жарық көрген



Есенғали Қасаболатов — Алаш қайраткері, дәрігер. Орал облысы, Калмыков уезінің Антоновка (қазірде Ақжайық ауданы) деген жерінде туған. 1901 жылы Калмыковтағы орыс-қазақ мектебін бітіріп, сол кезден бастап орыс тілін игеруге ден қояды және оны өте жетік меңгереді. 1909 жылы Орал Реалдық әскери мектебін бітіріп, білімін жалғастыру мақсатымен ғылым жолын қуып, Саратов университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. 1915 жылы университетті өте жақсы нәтижемен бітіріп шығады. Елге келген соң Калмыков уезінің Жылықоныс деген ауылында дәрігер болып жұмыс істейді. Дәрігерлік қызметін атқара жүріп қоғамдық жұмыстарға араласады. Көптеген лауазымды жұмыстар атқарған оның халыққа қамқор, ұлтына жанашыр пиғылы кеңес үкіметіне жақпай, 1937 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында тұтқынға алынып, 1938 жылы 26 ақпанда ату жазасына кесілді.

Алия Arsik
4 желтоқсан 2012, 14:37
3932

Загрузка...

Пікірлер

Оларды да түсіну керек. Сауатты, көзі ашық адам өз деңгейіне, ішкі дүниесіне сай айнала іздейді. Мыңмен жалғыз алысып жүйкелері тозғанша өздері сияқты серілер арасында тірлік кешулері заңды құбылыс.
Әрине кез келген адамды түсінуге болады, алайда өмірдің өзі алысумен, күресумен қызық емес пе?!)
Иә қызық, егер күресің жемісті болып, түсінетін, қолғанат болатын жан табылса. Кейде Абайдың "мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма" сөздерін оқып жаным ашиды сол кісіге. Қанша күрессе де үлкен жасқа келіп солай күрсінеді.

30 жыл Ресей империасымен ғазауатта болған имам Шәмілдің мынандай сөздері бар: "Мың адам салғанды бір адам қирата алады, Мың адам қиратқанда бір адам не салсын?"

Менің сүйіп оқитын ақын-жазушым Мұхтар Шаханов қанша трибунадан айтса да айқайласа да құлақ қағарлық адам көп емес. Сөлей сөлей қадірі де азап шекті.

Күрестің түрлері көп.

Дарынды, ар-құндылығы бар адам атавизм, "көке-бәке" бар айналада солуы, тозуы ықтимал. Өйткені гүлге сияқты құнарлы жер керек. Ондай жер таппасаң көш, ізден.
Кейде үлгі болу үшін сөздердің де қажеті жоқ. Өз ісіңді біл, жақсы атқар.
Мен үшін Жұмаділдаев Асқар — математик, Қазақстан, Ресей ғылым академияларының академигі — үлкен үлгі.

Шет елде жүрген сені көріп отаныңдағы халық талпынсын. Егер сізде Гуглда жұмыс істеу мүмкіндігі болса көшіңіз, қорықпаңыз.

Бұл да бір альтернативті көзқарас.
жалқаумыз,нәпсі қалауын жасап сол жүре береміз!өткір мәселе! үкіметтің пікірін білгенде болатын еді))?
Qazaktyn kolynan tyk kelmeidy emes keledy!birak nadandyktan arylar emes!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 20770
  • 26
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 18853
  • 7
Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Это что, совет? Рекомендация? Или это угроза? Чего нам ждать? Чего нам бояться? Мы – законопослушные граждане Республики Казахстан, мы ЗА ужесточение законодательства в части борьбы с терроризмом, но при этом...
AliyaSadyrbaeva
10 янв. 2017 / 21:02
  • 16354
  • 32
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 13963
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11168
  • 26
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 4847
  • 30
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4329
  • 4
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
вчера / 14:45
  • 4129
  • 80
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 3867
  • 44