место в рейтинге
  • 14084
  • 39
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әке...

02. 06. 2010 жыл

Сәрсенбі.

Әке...
Осы сөзді құлағым шалса жүрегім ерекше елжірейді. Кейде қатты толқып, аукзыма тығылады. Қызды әкесіне жақын болады дегенді жиі естуші ем, сол рас екенін кейін өсе келе біліп
келемін.
Мен жеті жасымнан әкемнен айырылдым. Биыл әкемнің қайтқанына туп-тура 15 жыл. Өмір қалай зымырап барады. Әрине орнын басатын бауырлары да бар, бірақ... «Әкесі жоқ үйдің түтіні де түзу шықпайды» демекші, тіпті үйдің бір қабырғасы жоқ секілді сезімін. Төрт құбылам түгел емес, өзімді басқа жандардан кем санаймын. Өмірдің өзі күрес екенін өмірдің өзі үйретіп келеді. Тез есейіп кеттім. Балалық шағымды өксікпен
өткіздім десем де болады. Әрине шешем балғын балалық шағымды қолынан келгенше
қызықты өткізуге тырысты.
Күні бүгінге дейін әкемнің бейнесі сол қалпы көз алдымнан кетпейді ол мен үшін мәңгі жас кезіндегі бейнесімен ғана есте қалады.
Есіме жиі-жиі алып, кейде жылап, кейде кейбір қылықтарын есіме түсіріп бір күліп аламын.
Қисық-қыныр сөйлегенге, қалжыңға жақын етін. Анамның айтуынша ұйқы дегенді
білмей, тек жұмыс істей беретін дейді. Тынбай жұмысқа беріліп, бастаған ісін
аяғына дейін аяқтамаса отыра алмайтын жанның бірі болған. Бір қаққан шегесін
қацйта суырып алып қағатын дейді, анам күліп. Бәлкім, өмірі таусылып бара
жатқанын сезген болар. Өлетінің алдында анам екеуі үлкен үй соғып жатқан, сол
күйі бітпей кетті. Кейін оны ағасы бітіріп бергізді. Қазір әке-шешесі тұрады.
Әкем қандай болды екен деген сан сұрақ мені әлі де мазалайды. Ол тірі болса
өміріміз қандай болар еді. Қазір біз үш адамнан тұратын кішкене ғана жанұямыз.
Өмірдің соққыларын да, тәттісін де бір-бірімізге арқа сүйеп көріп келеміз. Оның
ағасының арқасында материалдық тұрғыдан еш қиналмай келеміз. Біз рухани
тұрғыдан қатты қиналдық. Дастархан басына төрт қасық қойып, кейін оны алып
тастап жүрдік. Кейіннен үш қасық қойып үйрендік. Бала кезімде ол тіріліп келсе
екен деп армандаушы едім. Шынымен бала болған екем, өзімше ішімнен Аллаға
ренжитінмін. Есейгенде оның барлығын түсіндім. Ол Алланың ісі. Кішкентай
күнімізде бізді көрген тума-туыстарым бізге: «Алла өзіне тек жақсы адамдарды
алып кетеді, оны сол үшін алып кетті», - деп жұбату айтып, көңілімізді аулауға
тырысатын.
Басына барғанда салқын самал жел есіп тұрады. Кейде жел ысқырып тұрады. Жыл сайын басына барлық әулетпен барсақ та, әлі жол таппай, адасамыз. Шуылдап, анау еді ғой, мынау еді ғой деп шатасамыз. Ал басына жеткенде әжем жәй ғана сыбырмен «Әй, қасқа қасқайып жатырсын ба?» деп амандасады. Сол сәтте үнсіздік орнап, келген жұрт іштей амандасып жатқандай болады. Басында «Ұлы Алмас, Қызы Әсел» деп жазылып тұрады. Сол жазуды көргенде жүректің ескі жазылмай келе жатқан жарасы ашиды.
Қазір інім өзі басына жиі-жиі барып құран оқиды. Бұрын басына барғанда әкем
шетінде жататын, он бес жыл ішінде әкем ең ортасында қалыпты. Енді жанына серік
болып әкесі де жатыр, оған қоса өмірге шыр ете келіп, бірнеше күн өмір сүрген
шақалақ қарындасы да жатыр. өмірден қатты түңілген сәттерімде өзімді сол
мәйіттің басында бар сырымды айтып отырған күйімді елестетемін. Үнемі күн ауа
бергенде, болмаса кештерде жиі елестетемін.
Әжем суретшіге соңғы кездегі суреті бойынша портрет салғыздырыпты. Сол суретте тірі сияқты көрінеді. Сол суретті көргенде оған ұзақ қарап, кейде ішімнен амандасып аламын.
Жұмыс орнындағы бір темір есіктің сыртына ақ бормен «Лучше умереть стоя, чем
жить на колени» деп жазыпты. Мүмкін өзіне қойған өмірлік ұраны болар. Енді ол
мен үшін де өмірлік ұран болып қалады. Мүмкін балаларым көрсін деген шығар. Ол
жазу өшіп қалса да, біздің жүректе мәңгі өшпейді.

Aselya Kuanysh Aselya_Kuanish
28 октября 2012, 12:10
447

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 21833
  • 26
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14571
  • 16
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 7350
  • 96
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5492
  • 35
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4758
  • 5
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4312
  • 20
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4283
  • 47
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3017
  • 45
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 2673
  • 5