• 9377
  • 26
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақ әріптер жинағы - KZChars

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға KZChars - қазақ әріптерін iPhone/iPod құрылғыларында теруге арналған бағдарламасын ұсынуға рұқсат етіңіздер.

Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінде ғаламтордағы және құрылғыдағы мақалаларды, мәтіндерді, пікірлерді  ыңғайлы өңдеп және жариялауға көмектесу.

Бағдарламадан шықпай-ақ Twitter арқылы қазақ тілінде шағын жолдамаларды жариялауға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, осы бағдарламаның мәзірі арқылы терілген мәтінді sms және e-mail арқылы жолдауға болады.

Бұл бағдарламаның ең алғаш қадамы, егер KZChars-қа қатысты қызықты ойларыңыз, толықтыруларыңыз  болса, оларды не пікір арқылы, не жеке жолдау арқылы ұсынсаңыз болады.

Келесі 10 код (redeem) алғашқы оқырмандарға бұл бағдарламаны app store-дан тегін жүктеуге мүмкіншілік береді:

7Y7HWNNFHH93
YN7W6HXWHJLK
NYE96XWM33PJ
FTR79AYK4XRN
LK3NFX336RHM
KTT4N4YAHWYT
YA4MA4PMEPNX
37HAYJX4X696
RTJTFYNYPJJE
PR9AM6A34THK

Назарларыңызға рахмет!

Бағдарламаның атауы: KZChars
Баспа/өңдеуші: Beisenbek Baisakov (@bsnbk) Beisen
Бағасы: 0.99$
Сілтеме: iPhone

Beisen
19 сентября 2012, 15:20
9013

Loading...

Комментарии

Дайын клавиатура жасауға мүмкіндік болмады ма?
Beisen
0
0
Apple компаниясы негізгі пернетақтаға өзгерістерді енгізуге рұқсат бермейді. Тек қана jailbreak құрылғыларында ғана қосымша пернерелерді қолдануға болады.
Керемет! Жарайсың, бауырым! Нақтылық үшін, сонда мұны қондыру үшін құрылғымызда джейлбрейк жасалған болуы міндетті ме? Сосын редимді қалай пайдаланмыз? Эппстордан алатын кезде бірден аитюнстің паролін сұрайды ғой?
Бұл бағдарламаның клавиатура емес бағдарлама екенін жаңа түсіндім:)) Сондықтан джейлбрейк туралы сұрағыма жауап бермесең де болады. Мәселе енді редим туралы. Қалай етеміз?:))
Beisen
0
0
Пікіріңізге көп рахмет, ең алдымен құралыңыздағы AppStore бағдарламасың ашып, ондағы "Featured" деген мәзірге басыңыз. Ашылған беттің соңғы жағында "Redeem" деген батырма болуы керек. Соны басып, ашылған терезеге ұсынылған кодтардың бірін енгізу керек (қажет болса, AppStore-ға арналған логин мен парольді енгізу керек). Орысша нұсқалықты мына сілтемеден оқысаңыз болады - macosworld.ru
Оны да біліп алдым, сонда да жауап бергенің үшін рахмет.
Жетістік десеңші... енді қазақ әліпбиін сатудамыз... қызық жағдай, қызық көрініс. Сөзім жоқ.
Beisen
0
0
Кешіріңіз, бірақ бұл қазақ әліпбиі емес. Бұл қазақша әріптерді енгізуге арналған арнайы құрал. Құралды сатудың несі ұят?
Кешіріңіз, бірақ бұл қазақ әліпбиі, және бағдарлама. Бағдарлама тегін болуы керек. Қазақ тілімен спикуляция жасау- ұят нәрсе, меніңше.
Оны жәй ғана наданның ісі десек, қате болмас.
Сіздің пікіріңізбен келісе алмаспын, дегенімен пікір ғой, ойыңызға көп рахмет!
Сізді мен тролль десемін, жарасатын шығар.

Қалай болғанда да ойыңыздың бөліскені қызық екен, сонда БЕЙСЕН деген жігіт өзінің ресурстарын (уақыт, білім және мүмкін ақша мен достары) шығындай отырып, осы керемет (бұрын-соңды мен естімеген) құралды шығарып, қазақ тілді аудиторияға керек қызмет ұсынып жатқаны НАДАН деуге қалай дәтіңіз барады. ҚАЗАҚ тілінің дамуына өз үлесін қосып, соған сай КІШКЕНЕ ғана СЫЙ АҚЫ аламын деген азаматқа мен өзімнің РИЗАШЫЛЫҒЫМДЫ білдіремін!

Бейсен алған бетіңнен қайтпа, кемінде мен сияқты сатып алушыларың ұдайы болатынын ұмытпа!
Тролль деп өз пікірлерін ашық айтатын бүткіл адамдарға айтатыңыз көрініп тұр ақ.
Барады дәтім. Өйткені, жоғарыда жазып өткендей, қазақ тілімен спикуляция жасау- ұят, өте ұят. Мысалға бүткіл Британия, бүткіл АҚШ немесе Ресейді алайық, ешқандай сыйақысыз өз дүниелерімен бөлісуде. Ал мына бағдарламаға ақша төлеп, қазақ тілін дамытып жатыр деп, алғыс айтудың не мәнісі бар? А бауырым, жауап берші?
Неге тегін емес, неге бәрі ақшалай болуы керек, неге қазақ тілі дегенде бәрі ақшаға тіреледі, неге орыс тілі дегенде бәрі тегін? Неге?
Ешқандай қуанышты көріп тұрған жоқпын, бұл нағыз наданның ісі, меніңше. Ана тілі арқылы, туған Отан тілі арқылы пайда көру - қалай аталады? А? Айналайын, бауырлар, егерде, нағыз қазақ тілінің дамуына үлес қосқыларың келсе, ешқандай сыйақы алмаңыздар, бұл нағыз абсурттық жағдай ғой, қазақ тілі арқылы ақшалай пайда көріп қалай ғана тыныш жүре аласыңдар? Намыстарың бар шығар?
Бейсен жасаған құралды қалайша қазақ тілімен спекуляция жасау дегеніңізді түсіне алмай отырмын! Ол не сізге ҚАЗАҚ тілін сатып жатқан ба еді? Одан кейін, мысалыңызға келетін болсақ қай дүниесімен АҚШ, Ресей не Британия сізбен тегін бөлісіп жатқан еді? Оған қоса мысалға келтірген елдеріңізді Қазақстанмен салыстыру ақылға қонымды деп ойлайсыз ба? Бейсенге алғысты әбден айта аламын, бұл кісі маған өзінің ӨНІМІН сатып жатыр, ал қазақ тілді мен онсызда жақсы білемін ғой, сондықтан қазақ тілімен спекуляциялау туралы ой бұл жерде орынсыз шығар.
Сіздің логикаңызды түсінбегенім, қалайша сонда Бейсен деген жеке кәсіпкер өзіне НАН табу керек, егер өзі жасаған құралдарын барлығына тегін беріп жатса?
Барлығы неге ақшалай деп жалпылай бермей, нақты мысалдар келтіріп, ой бөліскеніңіз дұрыс шығар. Тегін қазақ тілді ресурстар ретінде мына мысалдарды көріңіз: sozdik.kz, ikitap.kz.
Альтруисттік мақсатта осы құралды тарату үшін, Бейсен деген азамат ондай қаржылай дәрежеге жеткен жоқ шығар. Қазақстан қазіргі нарық заманына ыңғайланып жатқан кезде, осы сияқты азаматтарға қалайша ЖАҢА құралдар, өнімдер жаса деп айтасыз, егер берер СЫЙ АҚЫ-ңыз болмаса?
Қалай болғанда да, сіздің ойыңызға түсіністікпен қарауға тырысайын!
Ба еді емес, бұл нағыз абсурд. Мен түсінбейтінім, қазақ қаріптері үшін, қалай ғана ол қазақ тілі арқылы ақшалай сыйақы алады? Қалай ол сонда? Недеген сұмдық бұл. Ұяты барма өзі, жоқ па?
Өнімін? Күлкімді келтірме бауырым, бұл қазақ әліпбиі, онымен спекуляция жасау нағыз барып тұрған надандық. Мәселе сенің, немесе сенің туыстарының, сенің әке шешеңнің қазақ тілін білудегі дәрежесі емес бұл жерде! Сенің қазақ тіліңді ешкім, тағы да қайталаймын, ешікім сынап жатқан жоқ, егерде ол туралы комлекстерің болса бар да филолог репетиторлар көмегіне жүгін.

Нан табатын, мал табатын басқа да салалар көп, қазақ тілінен басқа, ал бірақ мұндайды мен түсінбеймін, ешқашан. Тағы ренішін білдіреді бұлар.. бізді неге Борат деп атап кеткен, деп...
Барлығы неге ақшалай деген жоқпын, нақты қазақ тілге тірелгенде, ақша сұрайтыны несі? Не бұл? Қалай түсінуге болады оны?

Ойбой, сен экономикаға да кіріп кеттің бе, бауырым? Егерде, қайталаймын, егерде нағыз қазақ тілінің дамуына үлес қосқыларың келсе, ешқандай сыйақы алмаңыздар.
Marationok егер бұл дүние үкімет тарапынан ұсынылып отырған болса, онда сенімен келісер едім. Ал бұл жерде әңгіме мүлдем басқа. Сондықтан сенің бұл пікірің дұрыс емес деп ойлайм.
Бейсенбек,жарайсың!Бізді осындай жетістіктеріңмен қуанта бер.Жағымсыз пікірлерге айтарым,қазақта жақсы сөз бар "Ит үреді,керуен көшеді" деген.Тек алға)))
Beisen
1
0
Жұлдыз, үлкен рахмет! Алдағы уақытта біліктілігімді арттыруға барымды саламын.
Жарайсын Бейсен! Менiмше бiз бiр-бiрiмiздi колдауымыз керек, мен сатып алдым багдарламанды, тагы да коп рахмет!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 11819
  • 23
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 6646
  • 92
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5841
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 4731
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4104
  • 46
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3899
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3427
  • 18
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3224
  • 13