Алматы, туған күніңмен!

Достар, әсіресе біздің алматылық оқырмандарымыз, сіздерді Алматы күнімен құттықтаймыз! Ару қаламызды басты кейіпкер ретінде ала отырып, ф.ғ.д., профессор, «Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымық түн» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы, журналистика факультетінің оқытушысы Кәкен Қамзинді әңгімеге тартқан едік.


- Кәкен ағай, Алматыда қаншасыншы жылдан бастап тұрып келесіз? Бұл қалада тамырыңыз қалай жайыла бастады?

- Бала кезімізде Алматы жайында республикалық көрмеге барып қайтқан еңбек озаттарының, астанада оқып жүрген студенттердің, өзіміздің мұғалімдердің аңызға бергісіз әңгімелерін аузымызды ашып, көзімізді жұмып тыңдайтынбыз. Гүлзарлар, субұрқақтар, парктер, еңселі ғимараттар қасында түскен олардың суреттері қандай әсерлі десеңізші. Алматы шаһарының тыныс-тіршілігі хақындағы деректі фильмдердің жөні және бір бөлек. Әйтеуір, осының барлығы мені – жас баланы осы әсем қалаға ынтазар етті де тұрды.

1964 жыл, тамыз айының аяғы. Бірінші Алматы теміржол вокзалынан түсе қалдым. Әлгінде ғана жаңбыр себелеп өткен екен. Аспан шайдай ашық. Көгілдір бояуы басым Алатаудың  асқақ та айбынды шыңдары сонадайдан мен мұндалайды. Жетінші троллейбусқа отырып қалаға тарттым. Өзімнің Алматыдағы №9 қазақ мектеп-интернатындағы өмірім осылай басталды. Бұл орта мектепке мені қолымнан жетелеп әкелген жақын құдамыз, қалада ертеде тұрақтап қалған ауылымыздың оқыған азаматы Батырбек Өртенбайұлы Оразбаев еді.

- Сіздің балалық, студенттік шағыңыздағы Алматы қандай еді?

- Біздің мектеп ботаникалық бақтың қасында. Сағат алтыларда, тіпті одан да ерте көшеге сары машиналар су сеуіп өтеді. Алатау аңғарларынан аңқылдаған самал райхан гүлі мен апорттың хош иісін әр бөлмеге уыстап шашатындай. Керемет рахатқа бөленіп оянасың. Көшеде көлденең шырпы, темекінің тұқылы жатпайтын десем, сіздерге өтірік, маған шын. Маршруттағы автобус, троллейбус, трамвайлар өмірі графигінен жаңылмайтын. Интервалы, көп болса, бес минуттан әрі аспайтын. Көшелер де кең сияқты көрінетін, қазіргідей қайшыалысқан қалың көлік нөпірі жоқ.

Алматыда мектепте оқып жүрген кезімізде композитор Ахмет Жұбанов, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов сияқты аты көпке мәшһүр ардақтылармен кездестік. Қазіргі Қабанбай батыр мен Абылайхан даңғылының қиылысында – балалар мен жасөпірімдер театры. «Арманым, Әселім» спектаклі. Басты рольдерде Чапай Зұлқашев, Мәриям Жақсымбетова. Сол кездегі театр мәдениеті, ауаны мен аурасы қандай, шіркін!

Ғылым академиясының палеонтология мұражайындағы зіл-мамонттың қаңқасын көргенде, тоғызыншы сынып шәкірттері – біз мұз дәуірінен бір-ақ шыққандай әсер алғанбыз. М.О. Әуезов музейінің есігінен де имене аттатқан директорымыз Жәлила Жаңғазықызы Жолаева, тәрбиешіміз Мәриям Тоқтыбайқызы Тоқтыбаевалардың өнегесі қандай десеңізші. Мектебімізде хор үйірмесінің, үрлемелі оркестрдің орны бір бөлек еді ғой. Мектеп көркемөнерпаздарының қалалық байқауында бірінші орын алып, Пионерлер үйінен жүлдеміз – көк автобусқа мініп, Шәмші ағамыздың «Бақыт құшағында» әнін шырқап қайтқанымыз қайдан естен кетсін.

Кластастарымыз Жақсыберген Дабаев Орталық стадионда футбол ойнайтын, Назым Садықов бокс секциясына қатысатын. Осының бәрі әлі күнге дейін жадымда.

- Әлемнің әрбір үлкен қаласының өзіндік аңыздары болып жатады. Алматының бұрыннан бері келе жатқан, біз, яғни жас буын, біле бермейтін, аңыздары бар ма?

- Қазіргі «Орбита», «Самал» ықшам аудандарының орнында дүңкиіп-дүңкиіп үйдей-үйдей тастар жататын. Біреулер су тасқынының алапаты десе, тағы біреулер жер сілкінісінен кейінгі жұрнақ дегенді алға тартатын.Үлкендерден естігенімдерімді айтсам: Алматыда генерал-губернатордың кеңсесі мен қазіргі Панфилов паркіндегі кафедралды собор арасын жалғастыратын жер асты жолы болыпты деген аңыз бар.

- Әр қала тұрғындарының ерекше бір мінезі болады дейді ғой. Алматылықтарға сіздің көзіңізбен сипаттама берсек?

- Әр уақыттың өзіндік ерекшелігі, стилі, мінезі болады. Әркім өз кезеңін көбінесе идеал санайды. Біздің бозбала кезімізде алматылықтар қала тазалығына немкетті қарамайтын. Балмұздақтың қалбырын қоқыс жәшігіне тастамасаң, үлкендерден ескерту алатынсың. Кінәңді бірден мойындай қоятынсың, беттен ала кетпейтінсің. Алматылықтар кітапты құрметтейтін, қалада жылда жаңа кітап дүкендері ашылып жататын. Мереке күндері міндетті түрде кітап жәрмеңкелері өтетін. Сыйласымды адамыңа кітап тарту үрдісі бар еді. Жастардың қолынан қоғамдық көлікте де кітап, газет, журнал түспейтін.

- Алматыдағы ең сүйікті жерлеріңіз қандай?

- Тимирязев, Байзақов және Мәлік Ғабдуллин көшелері. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазіргі ғимараты тұрған территория. Осы кеңістікте менің балалық шағымның, мектептік өмірімнің қызықты да қызу шақтары өтті. Ол кезде қазіргі университет орнында –  құлпынай мен жүгері плантациясы. Мына сылдырап аққан бұлақтың үні де бөлек, суы да мөлдір сияқтанатын. Әлі күнге дейін осы мекенді аңсап тұрамын.

- Қала архитектурасы жайлы не айтар едіңіз?

- Ұлттық, шығыстық үлгіге бас игеніміз жөн. Әр қаланың өзіндік бет-ажары болғанын қалар едім. Күндіз-түні көз ілмейтін жарқылдаған жарнамалар мен билбордтарда да қазақы ажар болса ғой.

- Студент кезіңізде студенттер қалай көңіл көтеруші еді?

- Біз опера театры, драма театры премьераларынан қалмауға тырысатынбыз. Көркемсурет галереясына жиі баратынбыз. Тек Интернет ақпаратын, шоу-бизнес өкілдерінің концерттерін місе тұтпас едім.

- Бұрында Алматыны қызып жатқан әдеби орта деуші еді. Қазіргі таңда сол әдеби орта бар ма? Ақын-жазушылар арасында бір-бірін демеу үрдісі қалды ма?

- Кезінде өзіміз көзін көрген Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты алыптар тобының орны ойсырап тұр. Бірлік пен тірлік сол ақсақалдардың соңынан ілесіп кеткендей көрінеді де тұрады маған. Қазір тек жылы сөзбен демеу аздық ете ме деп те ойлаймын.

 

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
10 қараша 2012, 22:13
2343

Загрузка...

Пікірлер

Мені құттықтағандарыңа көп рахмет!!)))) Ал, Кәкен ағай әдеттегідей әңгіменің майын тамызады, журналистика факультетіндегі ең сүйікті ұстаздардың бірі ғой!!!
Сәтті сұхбат, бір сәтке Кәкен ағайдың көзімен өткен шаққа сапар шеккендей болдым.
Дұрыс айтасың, Асеке, мен де. Арман шаһардың алыптары ғой бұл кісілер!
Кәкен ағай профессор еді ғой, атағын ескермепсіздер, әлде өзі қысылды ма?!
tolebi
0
0
Алматыны масқара қатты жақсы көремін. Бірақ адамдарын... Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 желт. 2016 / 15:19
  • 30910
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 желт. 2016 / 10:31
  • 11053
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 желт. 2016 / 10:52
  • 10904
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 желт. 2016 / 18:29
  • 9620
  • 8
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
вчера / 14:31
  • 8741
  • 31
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 желт. 2016 / 12:35
  • 7515
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 желт. 2016 / 13:14
  • 6773
  • 7
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 желт. 2016 / 17:21
  • 6495
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 желт. 2016 / 0:17
  • 6042
  • 36