Тікелей эфир

Жаңа театр маусымы

Күз басталғалы Алматының мәдени өмірі жандана түсетіні бәрімізге мәлім. Кеше ғана дүбірлеп өткен «Оркестрлер шеруі» соның айғағы. Алдымызда жаңа театр маусымының ашылуы. Жаз бойы балет, опера, драма мен комедияларды сағынған көрермен үшін «Екпін» журналы афиша ұсынуда. Мәдени кештерден қапы қалмаңыздар.


Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының 87-маусымы.

Қашан: 3 қазан
Театрды ашатын қойылым: «Абай»
Жанры: трагедия
Қоюшы-режиссер: Е.Обаев
Қоюшы-суретші: Е.Тұяқов
Билет құны: 300-600 теңге

Мұнда Абайдың соқтықпалы-соқпалы өмірі, адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар, жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен болмысы көрінеді. Бұл қойылымда режиссер Абайдың творчествосындағы ән мен философиялық шығармашылығына көп көңіл бөлген. Ақынның бір философиялық өлеңінің, бір әнінің өзі философиялық уақыт пен адам тағдырына алып келеді. Абайдың ақындық, композиторлық шығармашылығы және сүйемелдік қасиеті, жақсыны көре білетін, ғашықтықты бағалай білетін, шәкірттеріне ұстаздық жасай білетін адам екендігін көрсететін қойылым.


Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрында 68-маусымның ашылуы.

Қашан: 9 қыркүйек
Маусымды ашатын қойылым: "Жоғалған уақыт туралы ертегі" ("Сказка о потерянном времени")
Жанры: ертегі
Қоюшы режиссері: Алексей Орлов (Ресей)
Қоюшы суретшісі: Эрик Дюсембаев
Билет құны: 400-450 теңге

Уақыттың құндылығы мен жастықтың мәні, кәрілікті қалай қарсы алу керек деген сынды сұрақтар кішкентай балаларды ешқашан мазаламайтыны анық. Әйтпесе Евгений Шварцтың осы уақыт туралы ертегісі туындамас та еді. Алайда жастығын құр босқа өткізгендерді не күтіп тұрғаны жайында одан өзге ешкім соншалықты шынайы жазбаған. Оқылмаған сабақ, құр босқа жүру, сабаққа бармау – осы барлығының жазасы ретінде мезгілсіз кәрілік келсе ше...

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 79-маусымы.

Қашан: 12 қыркүйек
Операны ашатын қойылым: "Абай"
Жанры: трагедия
Қоюшы режиссерлері: К. Байсейітов, ҚР халық әртісі, Б. Досымжанов, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік премияның лауреаты
Қоюшы суретшісі: А. Ненашев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
Билет құны: 600-1 700 теңге

Бұл операда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының өмірі, оның барлық қарама қайшылықтары, феодалдық, рулық топтарға бөлінісі айқын көрініс тапқан. Сократ, Платон, Аристотель сынды ежелгі философтардың, Белинский, Салтыков, Щедрин сынды орыс жазушыларының туындыларымен толық танысып, тіпті  Пушкин мен Лермонтовты аударған білімі мол Абайдың қызығушылығы  кішкентайынан мүлдем өзгеше болған... Ал бүгінгі күні ауыздан-ауызға жетіп, әрбіріміз жатқа айтып жүрген өлеңдердің көбін ақын музыкаға салып орындаған. Өзінің елінің жарқын болашағына сенген Ұлы ақынның осы музыкалық мұрасы көп ұлтты мәдениетіміздің алтын қорына қосылып отыр.

Балетті ашатын қойылым: "Аққулы көл"
Қашан: 13 қыркүйек
Жанры: классика, романтика
Қоюшы- балетмейстер: В. Бурцев
Қоюшы суретші: Г. Исмаилова
Билет құны: 600-3 000 теңге

Мемлекеттік академиялық би театрында 45-маусымның ашылауы.

Қашан: 13 қыркүйек
Қайда: Кужамьяров атындағы ұйғыр театрының ғимараты, Наурызбай батыр көшесі, 83.
Театрды ашатын қойылым: «Революция қырандары» («Соколы революции»)
Көркемдік жетекші: Болат Аюханов
Билет құны: 1 000-5 000 теңге

Уақытқа байланысты қысқа, не ұзаққа созылып кеткен оқиғалар болады. Ал тарихи фактілер көпжылдық кесірге айналып кетуі де ықтимал. Тарихты әлемнің бір бөлшегі болып табылатын оқиғалар құрайтындығын ескерсек, әлеуметтік революциялар адамзатты қанау туралы үнемі айтылатын әңгімелерге айналып кетеді. Бостандық болса, осы революциялық эксперименттердің шырмауында қалып отыр. Алайда, не дегенімен, бақыт туралы арман үміт отын жағуда...

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.

Қашан: 3 қазан
Маусымды ашатын қойылым: «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»
Жанры: трагедия
Қоюшы режиссері: Жанат Хаджиев
Қоюшы суретшісі: Ерлан Тұяқов
Билет құны: 250-500 теңге

Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие тағылымы мектебі екені хақ.

Ғабит Мүсірепов жазған бұл туынды – көпшілік-көрерменге оқиғасы жағынан өте кеңінен таныс. Дегенмен, бұл жолғы Қозы Көрпеш те, Баян да – басқа… Жаңа...

Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 80-маусымының ашылуы.

Қашан: 5 қазан
Театрды ашатын қойылым: «Үй» («Дом») қойылымының премьерасы
Қазіргі заманның сахналануы
Билет құны: 1 000-1 200 теңге

© Екпін

Алия Arsik
10 қараша 2012, 12:50
5046

Загрузка...

Пікірлер

театр, театр, театр деген үш сөздің өзі көп нәрсені атпай ма?!
театрлар тездетип ашылса екен)))
ote jaqsy post eken, biraq birinshi soilemdegi "жаңдана" sozindegi qateni tuzetip jiberse avtor myrza, tipti qatyp ketedi.
Театрда ойнау менің арманым, Екпін арқылы өзіме жарнама жасап қойсам...Режиссерлер! Маған назар аударсаңыздар!!!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 қаң. 2017 / 21:50
  • 31253
  • 18
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 қаң. 2017 / 12:36
Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Разрубить сирийский узел. Казахстан как миротворец сделает невозможное?

Только что в Астане начались межсирийские переговоры. Событие это примечательно не столько содержанием и ожидаемыми результатами, а самим фактом.
openqazaqstan
23 қаң. 2017 / 13:35
  • 3742
  • 16
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 қаң. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 қаң. 2017 / 12:49
  • 4018
  • 37
Алматы глазами обычного парня из Астаны – большая барахолка всего Казахстана

Алматы глазами обычного парня из Астаны – большая барахолка всего Казахстана

"Местные" люди мне понравились - разодеты как феерические единороги. Каждый одет по последнему писку моды. По сторонам не смотрят, не обращают внимания на других людей и им побоку, что думают окружающие.
Madya_R
вчера / 11:36
Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Сегодня Министерство информации и коммуникаций исключило из законопроекта предложенные ранее нормы, предполагавшие «деанонимизацию» комментаторов и регистрацию блогеров.
openqazaqstan
20 қаң. 2017 / 12:12
  • 2551
  • 22
Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Почему мужчины используют некоторых женщин? Случай из жизни

Однажды мне довелось приеxать к своей сестре в другой город с ночевкой. Она живет одна и ей почти 33 и она не замужем. Лично я считаю, что её старой девой называть рано, она все еще открыта для...
Roza_pvl
19 қаң. 2017 / 15:32
  • 3028
  • 94
Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Пожив в Китае, привыкаешь к вопросам типа «Ты что, не китаянка?»

Привет всем) Сегодня хотелось бы поделиться ощущениями, какого это быть "чужой" среди "своих" Около одного года проживаю в Китае, и уже сама начинаю верить, а иногда даже задумываться о вероятности...
asemik07
20 қаң. 2017 / 18:52
  • 2437
  • 19