Тікелей эфир

«Оркестрлер шеруі» басталды

Кеше, яғни 6 қыркүйек күні, Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Оркестрлер шеруі» атты музыкалық фестиваль басталды. Үш күн қатарынан өтетін концерттік бағдарламаның бірінші күні Нұрғиса Тілендив атындағы «Отырар сазы», К.Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар, Мемлкеттік Академиялық Симфониялық және ҚР Ұлттық үрмелі оркестрлері көпшілік назарына өз өнерлерін паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарына әдемі кеш сыйлады.


Ашық аспан астында өтетін музыкалық фестивальге биыл Альфия Кәрімова (Ресей), Сүндет Байғожин, Mezzo квартеті, Сон Паскаль (Ұлыбритания), Ирина Левина, Вахтанг Торрели (Ресей), Андрей Илькив (Украина), дирижерлер: Ваг Папян, Дінзухра Тілендиева, Александр Беляков сынды бірқатар өнер иелері қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар, бұл жылы оркестрлер шеруіне әлемге танымал «Luna» әнінің авторы, әрі орындаушысы итальян теноры Алессандро Сафина қатысады.

Қасымова Раушан, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы:

Бұл фестивальді өткізу туралы ой осыдан үш жыл бұрын туған болатын. Бүгінгі күні «Оркестрлер шеруі» атты фестивальді жыл сайын өткізу дәстүрге айналып отыр. Фестивальдің бірінші күнін ұлттық музыка ашты. Ертең, яғни 7сі классикалық музыка, 8-күні үрмелі аспапты оркестрлер өнерлерін көрсетеді.

Өткен фестивальдерден бұның айырмашылығы - тек қатысқан оркестрлерде деп айтар едім. Мысалы, бірінші фестивальде тәжірибелі оркестрлермен қатар музыкалық училищелердің, мектептердің түлектері де өнер көрсеткен болатын. Ал екінші жылы тек танымал оркестрлер өнер көрсетті.

Марат Омаров:

Eventicа компаниясы осы іс-шараны ұйымдастыруды тендрдан ұтып алған болатын. Әкімшіліктің бізге сенім артқанына өте қуаныштымын. Жалпы дайындыққа 2 айдай уақыт жұмсадық. Бірақ бұл осындай үлкен іс-шара үшін аз уақыт. Барынша барлығын уақытылы үлгеріп жасауға тырыстық, не дегенімен біраз кемшіліктер бар. Мысалы, мен мына орындықтарда 10 мың адамның отырғандығын қалар едім, бірақ ол 3 мың дегендей... Кем дегенде 7 мыңдай адам болғанда жақсы болар еді. Бірақ өткен жылғылардан жақсы. Себебі өткен фестивальде арнайы шақыру арқылы келген болатынмын, тек шақырылғандар ғана отырып, көрермендердің жартысынан көбі тұрып тұрды. Сонда неге осы халықтың барлығын отырғызбасқа деген ой келген. Биыл ұйымдастыруды өз қолымызға алғаннан кейін арнайы орындықтар қойып, қолжетімді бағада билеттерді сатылымға шығардық. Қазір қарап тұрсам, халық бұны жақсы қабылдаған сияқты. Ұйымдастыру жағынан ешқандай ақаулар болып жатқан жоқ. Бастысы шам бар. Алдағы жылдары әкімшілікпен бірлесіп, бұдан да үлкен көлемде керемет қылып өткіземіз деп ойлаймын.

Азамат Керімбай, үйлестіруші:

Мен бұл «Оркестрлер шеруі» туралы Eventicа компаниясында жұмыс істейтін танысым арқылы естіп, жазғы уақытта үйде жай жатпай, осы шерудің өтуіне аз да болса көмектесейін деп, үйлестіруші ретінде келдім. Үйлестірушілер болып фестивальге бір айдай дайындалдық. Бір ай бойы университеттерге және тағыда басқа мекемелерге барып, хабарландырулар ілдік, шақыру билеттерін тараттық және осы соңғы бір апта ішінде аппаратураларды орналастыру жұмыстарымен айналысып жүрдік. Өзіме өте ұнап жатыр. Өйткені бұл жылына бір рет қана өтетін ерекше концерт. Бұл фестиваль әрбір тыңдарманына рухани азық беретіндігіне сенімдімін.

Маржан Төлеева, көрермен:

Бұл фестиваль жайында интернеттен білген болатынмын. Бүгін құрбым Анар шақырғаннан соң келдім. Өзіме классикалық әуендер өте ұнайды. Әсіресе музыкалық аспаптармен өңделген түрлерін ерекше ұнатамын. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Бірақ бір ұнамағаны - фестивальдің ресми сайтында бұл іс-шараның ақылы екендігі айтылмаған. Қазір келсек, кіру үшін билетті «Меломаннан» алыңыздар деп ішке кіргізбеді. Екі кештің ортасында «Меломанды» қайдан іздеп жүресің, кассалары да жабық. Енді сыртында тыңдап тұрмыз.

Бүгін бұл фестивальден Mezzo квартеті мен Сон Паскальді ерекше күтіп отырмын.

Әлия Батырбекова, көрермен:

Фестиваль жайында Facebook әлеуметтік желісі арқылы біліп келдім. Өзім меломан болғандықтан, классикадан бастап ауыр рокқа дейінгі барлық музыкалық туындыларды сүйіп тыңдаймын. Бұндай іс-шаралар қаламыздың мәдени дамуына үлес қосады деп ойлаймын. Сонымен қатар, осындай дүниелер жастардың классикалық музыкаға деген көзқарасын өзгертетіндігіне сенемін. Ауа райының сәл салқын болып тұрғандығы болмаса, бәрі керемет.

Mezzo квартеті:

Биыл «Оркестрлер шеруіне» біздің квартет бірінші рет қатысып отыр. Бізді ұйымдастырушылар қонақ ретінде шақыртты. Фестиваль өте ұнап жатыр. Бұл іс-шара жастарды әдемі музыкамен таныстырудың бір жолы. Әрі осындай іс-шаралар жас орындаушыларға тәжірибе жинауға, алмасуға өте жақсы алаң. Сондықтан болашақта да осындай фестивальдерге жиі қатысып тұрсақ деп ойлаймыз.

_________________________________________________________________________
«Оркестрлер шеруі» өтетін орын: Республика Сарайы, Абай атындағы алаң
Концерттер өтетін уақыт: 6-7-8 қыркүйек
Басталатын уақыты: 20:00
Билет құны: Тегін. Ал жабық алаңда көру - 1000 теңге, билеттерді Республика Сарайының кассасы мен «Меломан» дүкендерінен алуға болады.

Мәтін, фото: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
10 қараша 2012, 18:03
2877

Загрузка...

Пікірлер

Aikona
3
0
Кеше бара алмай қалғаныма өкініп отырмын, күшті болған сияқты
Керемет!!!! Бұл жерде болған да арманда, болмаған да арманда. Әсіресе, Дінзұхра Тілендиеваға тәнтімін. Әкесі сияқты халық қалаулысы болады деген сенімдемін!!!!
Avtormen kelisemin. Post shynymen de kasibi formatta jazylgan. Bolashakta da kalamynyzdan jurnalistik tilmen ademi, intrigaly, sujetti ahyp korsetetin makalalar kutemiz
Біз екінші күніне бардық. Керемет сезіммен үйге оралдым. Есіме "Август раш" фильмі түсіп кетті, сондағы ашық аспан астында қойылған концерт.
ааа, ия, точно Август Раш. Сол фильмнің атып есіме түсіре алмай қойған едім )
Arsik
0
0
мен ол киноны көріп, ұйықтап қалғам)))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 20691
  • 26
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 18693
  • 7
Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Это что, совет? Рекомендация? Или это угроза? Чего нам ждать? Чего нам бояться? Мы – законопослушные граждане Республики Казахстан, мы ЗА ужесточение законодательства в части борьбы с терроризмом, но при этом...
AliyaSadyrbaeva
10 янв. 2017 / 21:02
  • 16003
  • 32
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 13909
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11118
  • 26
Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

В городе у меня нет совершенно никого, поэтому ни прописки, ни регистрации у меня нет, а живу я в съемной, как и многие. К сожалению, далеко не каждый человек готов прописать, хоть и временно, своего квартиранта.
MrVladimirLV
10 янв. 2017 / 15:21
  • 6909
  • 85
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 4756
  • 28
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4251
  • 4
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 3815
  • 43